Алтанбулаг-Алтынбұлақ, Харус-Қарасу, Булант-Бұланды, Бұғат-Бұғыты ; 2.
Батыс Қазақстан топонимиясының құрамында моңғол тілінен енген біраз
топонимдер мен топоэлементтер бар. Мысалы,
Сайқын, Нарын, Қотантал, Шаған, Аңқаты, Жымпиты, Қалдығайты, Деркөл, Егіндікөл т.б. Батыс Қазақстан топонимиясында ерекше
атаулар тобын құрайтын
Аңқаты, Жымпиты, Бұлдырты, Қалдығайты, Өлеңті атауларының құрамында кездесетін
-ты, -ті формантын да екі тілге ортақ тұлға ретінде алып
қарауға болады;
3. Топонимикалық модельдердің ұқсастығы. Екі тілдің де географиялық атаулары өзінің
құрылысы жағынын дара құрамды және күрделі құрамды болып, негізінен екі компонентті
болып келеді. Географиялық атауларды жасауда түрлі аффикстер қатынасады. Олардың ішінде
қазақ топонимиясында-
- лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қосымшалары, ал моңғол топонимиясында
- тай, -тей, -гай, -тей, -нт, -т қосымшалары неғұрлым белсенді қолданылады. Ол
қосымшалардың көмегімен иемдену, меншіктеу, бір нәрсенің бар екендігін беретін
мағыналардағы атаулар пайда болады. Мысалы,
Бұлдырты - Булдурт, Қалдығайты - Қандагай т.б.
4. Семантикалық тұрғыдан тополексемалардың тұтастығы.
Ғалымдар мұның төмендегідей себептері бар деп есептейді:
а) жалпы географиялық номенклатураның топоним жасауда негізгі база болуы; ә)
фонетикалық, морфологиялық және семантикалық жағынан бір-бірінен сәл ғана өзгешелгі бар
параллель топонимдердің географиялық атау жасауда актив қызмет атқаруы; б) географиялық
атаулар құрамындағы кейбір сөздердің десемантизация процесіне ұшырауы; Себебі
аппелятивтер топонимге айналғанда өзінің көне мағынасынан айрылып, белгілі бір
ассоциацияның, діни тотемдердің, табиғат құбылыстарының нәтижесінде жаңа метафоралық
және метонимиялық мағыналарға ие болады. Мысалы,