ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет4/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

өзен, көл, тау, дала, су
сияқты сөздер 
қолданыла бастады. Бара-бара таңбаланатын обьектінің атауы ретінде оның сын-сипаты, 
сапасы және басқа да көптеген қасиеттері негіз бола бастады. Бұл - қай ұлттың болмасын 
топонимиясының қалыптасуына тән ортақ заңдылықтар. Ұлттық топонимияның қалыптасу 
негіздері мен алғышарттары, өзіндік ерекшеліктері Ә.Әбдірахманов, Ә.Қайдаров, Т.Жанұзақов, 
Е.Қойшыбаев, Ә.Қоңқашбаев, Ә.Нұрмағамбетов, О.Султаньяев сияқты ғалымдардың 
еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Сондай-ақ, бұл ғалымдар қатарында кеңестік дәуірде 
топонимика 
мәселелерін 
зерттеген 
В.А.Никонов, 
Э.М.Мурзаев, 
Л.В.Суперанская, 
С.Г.Кляшторный, О.Т.Молчанова секілді ономастиканың ірі-ірі есімдерін атап өтпеу мүмкін 
емес. Қазақ топонимиясының күрделілігінің бір белгісі - қазақ жерінің кеңдігі мен көптігі, әрі 
онда орналасқан географиялық атаулардың бірін-бірі онша жиі қайталамайтындығы. 
Географиялық атаулардың тарихи маңыздылығы оларды мәңгілік құбылыстар қатарына 
жатқызады. Дүниежүзілік өркениеттен бүгінгі таңда жойылып кеткен кейбір өлі тілдердің 
элементтері тек жер-су атауларында ғана сақталып қалғаны белгілі. Мысалы, тарих үлесіне 
жататын бұлғар, хазар тілінің деректері осы атаулар арқылы бізге жетіп отыр. Сондықтан 
географиялық атауларды зерттеу өте өзекті және әртүрлі ғылым салаларына қатысты 
мәселелерді кешенді түрде қарастыруға қажетті проблеманың бірі болып саналады. 
Адамдардың өздерін қоршаған ортаны, ондағы түрлі объектілерді белгілеу барысында 
туғызған көптеген жаңа атауларына арқау болған күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті 
әртүрлі құралдардың атаулары тұрмыс-тіршіліктің, кәсіпшілік пен шаруашылықтың 



көріністерінен құнды мәлімет берсе, наным-сенім, түсінік пен тіл шеберлігінің негізінде 
қалыптасқан атаулар ұлттық таным-түсінік тұрғысынан сарқылмайтын бастаулардың бірі 
болып табылады.
Кез-келген географиялық атау - ең алдымен, әрбір халықтың тарихи және мәдени 
ескерткіші. Жылдар, оның иіріміндегі адамдар, олардың өміріндегі оқиғалар - осының бәрі 
өткінші. Олар қашан болса да тарихтың үлесіне тиіп, кейінгі ұрпаққа, көбінесе, топонимдер 
арқылы (қала, жер, су, тау, құдық, елді мекен аттары) ғана жетеді. Тіпті ең жаңа топонимнің 
өзі көп кешікпей-ақ тарих қойнауына кіреді. Сондықтан да топонимдердің тарихилық сипатын 
ескермеуге болмайтынын зерттеуші В.А.Никонов ерекше атап өтеді: «В силу специфичности 
ономастической лексики, ее теснейшей связи с именуемыми объектами, которые выявляются 
нелингвистическими методами, в силу социальной обусловленности и социальной 
закрепленности имен, их лингвистическая ценность измеряется социальной, исторической, 
географической, экономической значимостью их, а судьба в языке определяется 
экстралингвистическими факторами» (2, 88).
 
Қазақ елінің тарихы бай көне өлкелерінің бірі - Батыс Қазақстан. Сондықтан да оның 
территориясындағы жер-су аттарының табиғатын тану бүгінгі тіл біліміндегі және қоғам талап 
етіп отырған өзекті мәселелердің бірі. Ал байтақ еліміздің топонимиялық жүйесін 
этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу - соңғы жылдарда ғана қолға алына бастаған келелі 
істердің бірі. Кез-келген аймақтық макротопонимдері сол жерге келіп қоныстанған халықтың 
тілінде емес, керісінше, сол жердің тұрғылықты халқының тілінде қалыптасады. Сондықтан 
белгілі бір аймақтың жер-су атаулары сол өлкені өте ерте заманда мекендеген адамдар, этнос, 
ұлт өмірінен, олардың тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен аса құнды мәліметтер береді.
Әрбір халықтың болмысы, оның жер бетіндегі тыныс-тіршілігі сөзбен таңбаланады. 
Халықтық тілдегі осындай дәйекті де деректі атаулардың күрделі бір саласы - топонимдер. 
Топонимдердегі деректер белгілі бір географиялық ұғым атаулары болғандықтан, олар арнайы 
сұрыпталған лексикалық қабаттардан тұрады. Көне дәуір куәсі болып табылатын аймақ 
топонимдері халықтың этнографиялық, қоғамдық, әлеуметтік жай-күйінен, өткендегі өмір 
тіршілігінен әрқилы мәлімет береді. Адамзат қоғамының көп жылғы дәстүрлі түрдегі 
шаруашылық-мәдени қызметі, географиялық орта, территорияның этникалық құрамы, 
тұрғындардың дүние танымындағы ерекшеліктер, тарихи жағдайлар, діни көзқарастар кез-
келген этностың топонимия жүйесін құруда шешуші роль атқарады.
Тарихи сыр мен шежіреге толы Жайық өңірі топонимдерінің құрамында да қазақтың 
ертедегі көшпелі өмірімен, мал шаруашылығымен, тұрмыс-салтымен тығыз байланысты, 
облыс территориясының фаунасы мен флорасына, ландшафтына және саяси-әлеуметтік 
тарихына байланысты көне сөздер мен сөз тіркестерінің, бүгінгі тілдегі категорияларға 
ұқсамайтын тұлғалардың, дыбыстық ерекшеліктер мен грамматикалық көрсеткіштердің тарихи 
сілемдері кездеседі.
1990 жылдан бергі уақыт қоғамымыздың саяси өміріндегі ерекше кезеңдердің бірінен 
саналады. Оның ең басты белгілерінің бірі - ұлттық-мәдени дәстүрлерімізге қайта оралуға 
деген ұмтылыс. Бұл процесс, сөз жоқ, осы аймақты мекендейтін халықтың топонимикалық 
көзқарасының қалыптасуына да негіз болды. 
Қоғамымыздағы өзгерістер, рухани дүниеміздегі жаңғыру үрдісі еліміздің тарихын, сол 
тарихтың құрамдас бөлігі болып табылатын этностың, ұлттық тарихын, салт-дәстүрін, наным-
сенімін, тыныс-тіршілігін жан-жақты және терең зерттеуді талап етіп отыр. Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 1998 жылғы наурыз айындағы зиялы
қауым алдында сөйлеген сөзінде жер-су аттарының тарихилығы мен көнелігіне ерекше мән 
беріп, оны зерттеудің бүгінгі мемлекетіміздің саяси стратегиясы үшін де зор маңызы бар 
екендігін атап көрсетіп: «Әрбір азамат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары 
қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» деген болатын. 
Бұл тұрғыдан, Батыс Қазақстан облысы ономастикалық кеңістігін зерттеу, бір жағынан, қазақ 
тілінің лексика, этимология саласын тың деректермен толықтырса, екінші жағынан, ұлттық 
таным мен тілдік құбылыс арасындағы байланыс, ұлттық сананың дамуындағы жер-су 
атауларының ролі секілді бұрын терең анықталмаған мәселелерді шешуге бағытталады. 
Ұлттық топонимия ұлттық мәдениеттің құрамдас бір бөлігі ретінде қазақ 
топонимиясының көптеген мәселелері осы кезге дейін жан-жақты зерттелді десек те, Батыс 
Қазақстан облысының ономастикасы диахронды, синхронды, құрылымдық, тарихи-



салыстырмалы, типологиялық тұрғыдан арнайы қарастырылған емес. Демек, жазылып отырған 
ономастикалық кеңістіктің өзектілігі - бұрын аз зерттелген және мүлде зерттелмеген 
қабаттардың жан-жақты, этнолингвистикалық тұрғыдан сипатталуымен ерекшеленеді. 
Қазақ елінің көне өлкелерінің бірі саналатын Батыс Қазақстан облысы мемлекетіміздің 
тарихында саяси, мәдени, тарихи, экономикалық тұрғыдан алатын өзіндік орны бар аймақ 
болып саналады. Европа мен Азия секілді екі ірі құрлықтың қиылысар жеріне орналасып, көне 
заманнан Ұлы Жібек жолының негізгі бөлігі болып саналған, территориясында көптеген көне 
мемлекеттер қоныс теуіп, территориялық ерекшеліктеріне сәйкес ішкі және сыртқы 
саясаттарды шешуде маңызды роль атқарған Батыс Қазақстан облысының ономастикалық 
жүйесін зерттеп, жинақтаудың ерекше мәні бар. Монографияда қамтылған мәселелердің 
өзектілігінің бір белгісі - бұрын зерттелмеген және аз зерттелген географиялық макро және 
микротопонимдердің барынша толық және жан-жақты қарастырылуы.
Ономастикалық еңбектің негізгі мақсаты Батыс Қазақстан облысы топонимиясына 
тарихи-лингвистикалық және этнолингвистикалық сипаттама жасау, облыстың макро, микро 
атауларын түгел жинақтап, жүйелеп сөздік жасау, Орал қаласындағы көше атауларының 
баянын жазып, сөздік құрастыру болып табылады. Сондай-ак, топонимдердің қалыптасу және 
дамуының жолдары мен тілдік қабаттарын айқындау, зерттелмеген қабаттарына талдауға 
ұмтылыс жасау, кейбір тарихи топонимдер құрамындағы ортақ түбірлер мен реликтілік 
қосымшаларды қарастыру, облыс топожүйесіндегі детерминативтер мен топоформанттарды 
сипаттау, ұлттық мәдени сипаттағы негізгі де ортақ топомодельдерді белгілеу, облыс 
топонимиялық жүйесінің қалыптасу және даму жолдарын анықтау, топонимдердің құрылысы 
мен лексикалық құрамын зерттеу, лексика-семантикалық классификациясын анықтау және 
жасалу жолдарын көрсету, топонимдердің этнолингвистикалық сипатын ашу және оларды 
негізгі этнолингвистикалық топтарға топтастыру, облыс топожүйесі арқылы сақталған 
атаулардың кумулятивтік қызметін сипаттау көзделді.
Монографиялық жұмысқа ғалымның 2000 жылдардан бері Батыс Қазақстан облысы 
бойынша жеке экспедиция кезінде жинаған материалдары негіз болды. Топонимиялық 
мәліметтер жер жайын қанық білетін, ел тарихымен терең таныс ауыл ақсақалдарынан, 
малшылар мен дихандардан (информаторлар) алынды. Ол деректер облыс аудандарының, 
оның кеңшарлары мен ұжымшарларының карталарындағы, облыстық статистикалық 
комитетке жолданған түрлі жоспарлар мен ақпарлардағы, облыстық жер жоспарлау 
басқармасының (облгипрозем) арнаулы карталарындағы топонимиялық деректермен 
толықтырылды. Облыс топожүйесін зерттеуде ХХ ғасырдың басында жарық көрген көне 
басылымдардағы, Бөкей Ордасы мен Жайық орыс-казактарының станицасы туралы 
жарияланған кітаптардағы тарихи мәліметтер, облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы 
материалдар мен облыстық архив материалдары пайдаланылды. Топонимиялық материал 
алғашқыда жаппай жиналып, кейіннен арнайы карточкаларға түсірілді. Осының нәтижесінде 
1500-ге жуық ұлттық топонимиялық атау жинақталып, түрлі топонимиялық аңыздар мен 
халықтық этимологияға негізделген сюжеттер қағазға түсіріліп, енді сөздік болып жинакталып 
отыр. Батыс Қазақстан облысының ономастикалық кеңістігін жинақтап шығу осындай 
міндеттерден туындады. 
Ғылыми – көпшілік еңбектің І бөлімінде алғаш рет облыс территориясындағы жер-су 
атаулары барынша толық жинақталып, олардың негізгі тілдік қабаттары, тарихи-
лингвистикалық құрылымы, этнолингвистикалық сипаты арнайы зерттеу нысанына айналды;
- көне топоним тудырушы модельдер мен детерминативтер анықталып, бұрын жеткілікті 
дәрежеде назар аударылмай жүрген топоформанттар мен реликтілік қосымшалар ғылыми 
тұрғыдан, салыстырмалы-тарихи сипатта талданды;
- аймақ топонимдерінің бұрын зерттелмеген қазақ халқының көшпелі өмірін, салт-
дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, мифологиясын, шаруашылығын, аймақтың 
геофизикалық ерекшеліктерін сипаттайтын этнолингвистикалық негіздері белгіленді;
- Батыс Қазақстан облысы топонимиясына ғана тән аймақтық жасалу ерекшеліктері 
анықталып, топонимдердің даму жолдарының диахронды және синхронды даму заңдылықтары 
айқындалды;
- кейбір жер-су атауларының семантикалық даму жолдары реликтілік құрылымдар 
негізінде анықталып, топонимдердің этимологиясы мен семантикасының тың тұжырымдары 
мен жорамалдары ұсынылды;



- монографияда тұңғыш рет Батыс Қазақстан облысы ономастикасы тарихи-
лингвистикалық және этнолингвистикалық тұрғыдан кешенді түрде қарастырылып, 
топтастырылды. 
ІІ бөлімінде Батыс Қазақстан облысының ономастикалық кеңістігі сөздік болып 
жасақталды.
ІІІ бөлімінде Орал қаласы көше атауларының баяны сөздік бойынша жазылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет