ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


көне түркі дәуірі, оғыз -қыпшақ тіл



Pdf көрінісі
бет8/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

көне түркі дәуірі, оғыз -қыпшақ тіл 
бірлестігі дәуірі, араб-парсы тілдері әсеріне ұшыраған дәуір, моңғол дәуірі, жаңа дәуір.
Бұл 
классификация облыс топонимиясының барлық қабатын қамтыса да, оның кейбір жеке 
ерекшеліктерін қамти алмайтыны да белгілі болды. Мысалы, Батыс Қазақстан 
топонимиясындағы моңғол қабаты, біздің ойымызша, екі дербес қабаттан тұруға тиіс. Оның 
бірі - түркі-моңғол тайпалық бірлестігінің арасы ажырамаған кезеңдерде қалыптасқан жер-су 
атаулары болса, екіншісі - моңғол шапғыншылығы дәуірінен кейін енген топонимдер. Олардың 
ара жігін ажыратып, жер-су атауларын жеке-жеке сипаттау кейбір жағдайда мүмкін 
болмайтыны ескеріле отырып, моңғол тілінен енген атаулар бір қабат көлемінде қамтылды. 
Бірақ қабатқа кіретін атауларға тілдік талдау жасау барысында осы ерекшеліктерді ескеруге 
тырыстық 
Ұлттық мәдениеттің, оның лексикасының қалыптасуы - өте күрделі құбылыс. Қазақ тілі 
лексикасының қалыптасу тарихы - сан ғасырларға созылған, тілдердің тоғысуы мен ыдырауы 
салдарынан сан түрлі өзгерістерге ұшыраған, өзіндік ерекшеліктері мол күрделі сала. Сол 
саланың үлкен бір тармағын ұлттық топонимдер құрайды. 
Ұлттық топонимдердің ерекшеліктері тек тілдік фактілер тұрғысынан ғана 
қарастырылмайды, сонымен қатар сол аймақтың геофизикалық жағдайына, жергілікті халық 
өмірінің этникалық мәдени ерекшеліктеріне және сол аймақтың әлеуметтік тарихына 
байланысты қарастырылуға тиіс. Оңтүстік аймақтың жер-су атауларын осы бағытта зерттеген 
Б.Тілеубердиев белгілі бір аймақ топонимдердің кейпін қалыптастыратын мынадай 
факторларды көрсетеді: 1.Географиялық фактор; 2.Этнографиялық фактор; 3.Тарихи-
әлеуметтік фактор (13,10). Демек, халқымыз ерте кездерде жер-су объектілеріне ат қоюда осы 


12 
үш белгінің бірін негізге алып отырған. Яғни, жер-су атауларының бір тобының қалыптасуына 
объектілердің географиялық белгілері ( жер бедері, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі ) әсер 
етсе, екінші бір тобының қалыптасуына халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің ерекшелігі негіз 
болған, ал үшінші бір тобы ел өміріндегі тарихи, саяси-әлеуметтік оғиғалар салдарынан 
қалыптасқан. Тіліміздегі барлық топонимдер осы үш фактордың төңірегіне жинақталады. Бұл 
факторлар бірі-бірімен тығыз байланыста келеді. Себебі бір атау өзінің бойына осы 
факторлардың бірнешеуінің белгілерін сақтауы да мүмкін. Осы қасиеттердің барлығы Батыс 
Қазақстан облысы топонимиясында да сақталған.
Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің этнолингвистикалық сипатын қарастыруда 
лексикалық единицалардың этнографиялық ерекшеліктерін тек семантикалық тұрғыдан ғана 
талдау жеткіліксіз. Әрбір атау - белгілі бір тарихи категория. Оның қалыптасуы, қолданылуы 
және бүгінгі күнге жетуі үшін бірнеше факторлар шарт. Сондықтан топонимдердің 
қалыптасуынан бүгінгі кезеңге дейінгі аралықты ғылыми тұрғыдан сипаттау, топонимдердғң 
морфологиялық құрамын тілдік заңдылықтар тұрғысынан талдау, олардың қалыптасу 
себептерін этностың (халықтың) мәдени өмірімен сабақтастыра қарастыру арқылы ғана жер-су 
атауларының табиғатын тануға, қоғамдық маңызын сезінуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет