14
фонетикалық, морфологиялық, диалектілік т.б. өзгерістерге түседі, себебі белгілі бір аймақтың
топонимдері бір халықтың немесе бірнеше халықтың тілдік негізінде жасалады.
Ертеде адамдар табиғатты да, жер-суды да, тау-тасты да, ағашты, өсімдіктерді де жанды
нәрсе деп есептеп, оларға сыйынып отырған. Адамзат дамуының көне дәуірінде атау мен
аталған заттың арасында тығыз байланыс болады деген түсінік қалыптасқан. Ертедегі грек,
рим тарихшылары, жиханкездері жер-су аттарының қойылу себептерін, оның мән-мағынасын
ашып көрсетуге алғашғы талпыныстар жасайды. Мысалы, грек ойшылы, энциклопедист-ғалым
Аристотельдің, шығыстың ғұламасы Әбу Райхан әл Бирунидің, т.б. ойшылдардың еңбектерінде
осы мәселелерге ерекше назар аударылған.
Шынында да, кейбір географиялық атаулардың пайда болу тарихы тым арғы дәуірлердің
қойнауына кетеді. Көне дәуірдегі адамдар өздерінің сөздік қорының аздығына байланысты
географиялық обьектілерді түр-түсіне, ерекшелігіне сәйкес сипаттап бере алмаған. Сондықтан
олар өзенді де, көлді де, теңізді де жалпы түрде
Достарыңызбен бөлісу: