І. Көне түркі қабаты - бастапқы мағынасын ашуда қиындық келтіретін және шығу тегі
жағынан әр түрлі тайпалық диалектілерге жататын атаулар;
ІІ. Оғыз-қыпшақ қабаты - жалпы түркілік және қазақтың төл сөздерінен тұратын
жалқы атаулар;
ІІІ. Кірме қабат . Қазақ тіліндегі кірме сөздерді Ә.Болғанбаев төрт тілден енген деп
көрсетеді: 1) араб тілінен; 2) парсы тілінен; 3) моңғол тілінен; 4) орыс тілінен (22, 88). Осы
пікірді негізге ала отырып, біз кірме топонимдерді үш топға бөлдік: 1) араб-парсы тілінен
енген топонимдер; 2) моңғол тілінен енген топонимдер; 3) орыс тілінен енген топонимдер.
ІҮ. Жаңа қабат - қазіргі ономастикалық жүйені құрайтын жаңа атаулар.
Осылайша зерттеудің негізінде тілдің лексика саласына кіретін топтардың ішіндегі өте
тұрақтысы және тамыры тарихтың тұңғиық тереңінде жатса да, тұлғасын сақтап, тілге тиек
етерлік, дерек берерлік із қалдыратыны - жер-су аттары екені көрінеді.
Қазақстан топонимдерін стратиграфиялық топтарға бөле келіп, Ә.Әбдірахманов алтай
1
көне түркі замандарында қалыптасқан топонимдерді, басқа да тілдерден енген көне
топонимдерді
субстратты топонимдер деп атайды (9,77). Субстратты атаулардың көбі
табиғат пен адам тығыз органикалық байланыста болған өте ерте замандарда қалыптасқан. Ол
атауларда қазіргідей емес, табиғат ерекшеліктерінің сипаты көбірек беріледі. Субстратты
топонимдердің этимологиясы туралы алғашқы теориялық еңбек жазған проф. А.П.Дульзон
осы
топонимдерді этимологиялық жағынан зерттеудің принциптері туралы: «топоним всегда
составляет только особый разряд языка, и поэтому их анализ должен подчиняться обычным
правилам этимологических исследований, его можно считать успешным только в том случае,
если разьяснены все морфологические части слова и установлено их значение»
деп,
топонимдерді тілдегі сөздердің ерекше тобы ретінде өте орынды көрсетеді (23, 45). Себебі,
біріншіден, сөз немесе сөз тіркесі елді пункт, жер, өзен, су атауы дәрежесіне ие болысымен
жалқы есімге айналады; екіншіден, енді бұл атау басқа лексикалық единицалардан өзін оқшау
ұстайды. Ол сөздерде тұрақтылық қасиет пайда болады; Үшіншіден, топонимдерде бұрын сол
тілде жоқ құрылымдар мен сөздер пайда болады; төртіншіден, топонимдерде біртектес сөздер
тобы пайда болады. Алайда, ол біртектес сөздер тілдегі біртектес лексемаларға мүлде
ұқсамайды. Біртектес топонимдерде