Қылмыстық істі қысқарту. Судья істі толығымен немесе жеке адамдарға қатысты қыскартуы мүмкін. ҚР ҚІЖК-нің 37-бабының бірінші белігінің 1-12-тармақтарында және 38-бабының бірінші белігінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тарткдн жағдайда істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Істі қысқарту туралы шешім қабылданғаннан кейін судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкін тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселені шешеді. Судьяның істі қысқарту туралы қаулысының көшірмесі прокурорға жіберіледі, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбірленушіге тапсырылады (ҚР ҚІЖК 307-бап).
Басты сот талқылауын тағайындағаннан кейін тараптар алдын ала тергеу ісінде таныс болған барлық материалдармен танысуға және олардан керек дәлелдемелер алуға құқылы.
Егер сот отырысында судья бұлтартпау шарасын, сотқа шақырылған адамдардың тізімін немесе айыпталушыға тағылған айыпты өзгерткен жағдайда бүл өзгертулер қаулыға әсер етсе, айыпталушыға оның көшірмесі тапсырьшады. Алдын ала тыңдау кезінде сот процесінің хатшысы хаттама толтырады.
Аныктау немесе алдын ала тергеу процесінде қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптары сақталған және істі сотта қарауға кедергі келтіретін өзге негіздер жоқ деген пікірге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Алдын ала тыңдауды тагайындаудын тусінігі мен тәртіптері.
Алдын ала тыңдауды жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі.
Алдын ала тыңдау процесінде прокурордың айыпты өзгертудің салдары.
Басты сот талқылауын тағайындаудың негіздері мен іс жүргізу тәртіптері.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы кдулының мазмұны мен нысаны.
Басты сот талқылауьш тағайындау туралы шешімді қабылдаудан кейінгі соттың іс әрекеті.
Қосымша тергеуді жүргізу үшін қылмыстық істі қайтарудың негіздері мен тәртіптері.
Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қысқартудың негіздері мен тәртіптері.
21-тақырып. Басты сот талқылауы.
Дәріс мақсаты: Басты сот талқылауын сипаттау.
Қысқаша мазмұны:
Басты сот талқылауы сатысының ұғымы, оның жүйесі.
Басты сот талқылауының құрылысы. Сот талқылауының дайындық бөлімі, оның түсінігі, мазмұны, міндеттері мен маңызы. Басты сот талқылауын ашу. Сот тергеуі, оның мәні, маңызы және тәртібі. Сот тергеуінің басталуы. Сотталушыдан жауап алу. Сотталушының жауабың жариялау. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу. Кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу ерекшеліктері. Жәбірленушінің, куәнің жауаптарын жариялау. Сараптама тағайындау. Сарапшыдан жауап алу. Заттай дәлелдемелерді қарау. Жерлерді және тұрғын үйді қарау. Танытуға ұсыну, куәландыру, айғақтарды оқига болған жерде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргізу, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу. Тергеу әрекеттерінің хаттамаларын және қүжаттарын жариялау. Дәлелдемелерді зерттеуді шектеу негіздері. Сот тергеуінің аяқталуы.
Сот талқылауында істі қысқартылған тәртіппен қарау: түсінігі, негіздері.
Сот жарыссөзінің мазмұны, тәртібі, олардың мазмұны. Сот жарыс сөзіне қатысушы тұлғалардың репликалары.Сотталушының соңғы сезі: түсінігі, маңызы. Сот тергеуін қайта жаңғырту. Соттың үкімді шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуі.
Үкім: түсінігі, маңызы, мәні. Үкім қылмыстық іс бойынша сот төрелігінін акті ретінде. Үкімнің, айыптау қорытындысының, айыпталушыны сотқа беру туралы каулының, және басты сот талқылауын тагайындау туралы қаулының ара катынастары. Үкімді шығару. Үкімнің түрлері. Айыптау үкімін шығарудың негіздері. Айыптау үкімінің түрлері. Ақтау үкімін шығару нысандары. Үкімді жасау. Айыптау үкімінің кіріспе, түсіндіру-анықтау және қорытынды бөліктері. Ақтау үкімінің кіріспе, түсіндіру-анықгау және қорытынды бөліктері.
Үкімнің резолютивтік бөлігінде шешілуге жататын басқада мәселелер.
Үкімді жариялау. Сот отырысы залынан сотталушыны қамаудан босатудың негіздері. Үкімнің көшірмесін ұсыну.
Соттың жеке анықтамалары, негіздері, және оның шығарудың тәртіптері. Үкімді шығарумен бірге сот шешетін мәселелер.
1. ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 4-тармағына сәйкес сот отырысыңда тәртіп төрағалық етушіге жүктеледі. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы өкіміне бағынуға тиіс.
ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 2-тармағында көрсетілгендей соттың сот отырысы залына кіруінің алдында сот приставы «Сот келе жатыр» деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрі орындарынан тұрады.
Сот талқылауына қатысушылардың бәрі сотқа қарап сөйлесетінде, айғақтар бергенде және мәлімдеме жасағанда орындарынан тұрады. ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 3-тармағына сәйкес бұл ережелерден ауытқуға төрағалық етушінің рұқсатымен жол беріледі.
Сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің үкімдеріне бағынбаған кезде процеске қатысушыға тәртіпті қайта бұзуы оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге әкеп соғатыны немесе әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатыны туралы ескертіледі.
ҚР ҚІЖК-нің 327-бабының 3-тармағы бойынша сотталушы тәртіпті қайта бұзса соттың қаулысымен сот отырысы залынан шығарылады.
Сот отырысы залында сот процесінің тәртібін бұзған адамға соттың өкімімен әкімшілік айыппұл салынады.
Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жіберілсе, онда үкім оның көзінше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейін дереу қолхат алып хабарлануы тиіс.
Егер тәртіп бұзушының сот отырысындағы іс-әрекетінде басқа әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстық белгілері болса, сот тиісті тәртіппен қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау үшін материалдар жібереді.
Бір ескерте кететін жайт, сот отырысы залында суретке түсіруге, дыбыс бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсіруге төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі.
2. Қылмыстық сот іс жүргізу зандылығында мынадай бір бірімен байланысты бес бөлімнен тұрады: 1)басты сот талқылауының дайындық бөлім; 2)сот тергеуі; 3)сот жарыссөзі; 4)сотталушының соңғы сөзі және 5) үкім шығару.
Басты сот талқылауының ашылуы. Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды. Ол үшін сотталушының аты-жөнін, қандай қылмыс қарастырылатынын, Қылмыстық кодекстің бабы, белімі, тармағы хабарланады (ҚР ҚІЖК-нің 331-бабы).
Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуін тексеру. Сот отырысы ашылғаннан кейін сот отырысының хатшысы сот отырысына прокурор, сотталушы, қорғаушы, сонымен қатар жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, аудармашы, куәгерлер, сарапшылар мен мамандар және келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды (ҚР ҚІЖК-нің 332-бабы).
ҚР ҚІЖК-нің 87-бабына сәйкес, сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады. Сот төрешісінің жүктеуі бойынша хатшы мынадай қызмет атқарады:
-сот тараптарының барлығына сот талқылауының күнін белгілеп, шақырту қағаздарын жібереді;
— келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды.
ҚР ҚІЖК-нің 90-бабында көрсетілгендей сот отырысының хатшысына қарсылық білдірілуі мүмкін, ол мәселені істі қараушы сот шешеді.
Аудармашыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Төрағалық етуші аудармашыға міндеттерін түсіндіріп, шешімдерді, сотталушы мен қорғаушының және жәбірленушінің арыздары мен наразылықтарын, куәлар және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды, қойылған сұрақтар, прокурордың, сот төрешісінің, қорғаушының сұрақтарын, үкім мен шешімдерін аударуға міндетті екенін түсіндіреді.
Төрағалық етуші аудармашыға әдейі дұрыс аударма жасамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі. Аудармашыға, сондай-ақ өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған зандарда белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін екені туралы ескертіледі (ҚР ҚІЖК-нің 333-бабы).
Куәларды сот отырысы залынан шығару. Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейін сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші сот жауап алмаған куәлардың жауап алған куәлармен, олар тәртіп бойынша залда қалуы керек, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен сөйлеспеуі үшін шара қолданылады. (ҚР ҚІЖК-нің 335-бабы).
Сотталушының жеке басын және оған айыптау қорытындысы көшірмесінің уақытылы тапсырылғанын анықтау. Төрағалық етуші сот процесі қатысушыларының қатысуымен сотталушының жеке басын айқындайды. Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, айын, күнін атауын сұрайды. Сонымен қатар немен айналысатынын, білімін, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтай отырып, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін және т.б. айқындайды.
Сотталушының жеке басын айқындау соттың алдында қылмыс жасады деп айыпталып тұрғандығына көз жеткізу үшін қолданылады.
Сотталушының жеке басын айқындағаннан кейін төрағалық етуші сотталушыға айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмесі тапсырылғанын және қашан тапсырылғаньш анықтайды. Бұл ретте соттың талқылауы, бұл туралы сотталушы өтініш жасаған болса, айыптауды өзгерту туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш тәуліктен бұрын басталмауға тиіс (ҚР ҚІЖК- нің 336-бабы).
ҚР ҚІЖК- нің 393-бабында және осы баптың екінші бөліміне сәйкес жеке айыптау ісі шағымның сотқа түскен сәтінен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары түсіндіріле отырып шағымның көшірмесін алған кезінен бастап үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс.
Сот құрамы, процеске басқа қатысушыларды жариялау және олардын қарсылық білдіру құқығы. Төрағалық етуші сот құрамын жариялайды, кімнің айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдерін, сондай-ақ сот мәжілісінің хатшысын, сот приставын, сот сарапшысын, маманы мен аудармашысының аты-жөнін хабарлап өтеді.
Төрағалық етуші тараптардың сот құрамынан немесе сот төрешілерінің бірінен, прокурор, қорғаушы, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдеріне, хатшы, сарапшы, маман, аудармашыға бас тартуды мәлімдеу құқығын түсіндіреді. Бас тартуды мәлімдеу ҚР ҚІЖК-нің 90, 91, 94, 95, 96, 97-баптарында көзделген негіздер бойынша, осы Кодекстің 89, 90-баптарында белгіленген ережелер бойынша сотпен шешіледі.
Сотталушыға оның құқықтарыи түсіндіру Төрағалық етуші сотталушыға оның осы Кодекстің 69-бабында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсіндіреді жеке жағдайларда қарсылық білдіруге, бұлтартпау шарасын, қорғаушысы болуға және т.б. құқылы екендігін түсіндіреді (ҚР ҚІЖК-нің 339-бап).
Жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ бірінші рет жасалған шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар (ҚР ҚІЖК-нің 104, 105, 107-баптары және т.б.) жөніндегі істер бойынша жәбірленушіге бұған қоса оның сотталушымен бітімге келу құқығы түсіндіріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 340-бабы).
Сарапшыға, маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру (ҚР ҚІЖК-нің 342-бабы). Төрағалық етуші сарапшыға оның осы Кодекстің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және оған әдейі жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді (ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы), бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады (ҚР ҚІЖК-нің 341-бабы), ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тігіледі. Төрағалық етуші маманға оның осы Кодекстің 84-бабында көзделген құқықтары мен міндетгерін түсіндіреді және оған өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін осы бапта белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.
Өтініштерді мәлімдеу және шешу. Төрағалық етуші тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дөлелдер мен қүжаттарды ал-дыру туралы етініштерінің бар-жоғы туралы сұрайды. өтінішін мәлімдеген адам қандай жағдайларды анықтау үшін қосымша дәлелдердің қажет екенін көрсетуге міндетті.
Төрағалық етуші сондай-ақ тараптардан олардың талқылаудан дәлел ретінде жіберілмеуге тиіс материалдарды алып тастау туралы өтініштерінің бар-жоғын анықтауға міндетгі. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пікірін тындағаннан кейін сот мәлімделген әрбір өтінішті қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді қаулы шығаруға тиіс.
Соттың тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар ретінде келген адамдардан сот отырысында жауап алу туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.
Сот өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан адам оны одан әрі мәлімдеуге құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 343-бабы).
Сот талқылауына қатысушылардың бірі, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман келмеген кезде сот тараптардың істі талқылау мүмкіңдігі туралы пікірін тындайды және талқылауды кейінге қалдыру немесе оны жалғастырады. Келмеген адамдарды келесі сот отырысына шақырту немесе оларды алып келу туралы қаулы шығарады. (ҚР ҚІЖК-нің 344-бабы).
Сот тергеуі — сот талқылауының басты бөлігі, онда сотталушы мен жәбірленуші, куәгерлерден жауап алынып, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкерлермен оның өкілдерінен істің мән-жайын дәлелдейтін заттай айғақтар алып сотталушының қылмыстық іске қатысы бар, айыпты немесе айыпсыз екендігі және т.б. іске қатысты мәселелер айқындалады.
Сот тергеуі айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке айыптау істері бойынша арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысынын шағымды баяндауынан басталады.
Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудын жаңа негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті (ҚІЖК-нің 345-бабы).
Сонымен қатар, сотталушыға тағылған айыпты өзгерткен жағдайда, сот қаулысымен сот отырысында айтылады.
Төрағалық етуші сотталушыдан оған айыптаудың түсінікті не түсініксіз екенін сұрайды, оған айыптаудың мәнісін түсіндіреді және онын тағылған айыпқа өз көзқарасын сотқа хабарлау ниетінің бар-жоғын анықтайды (ҚІЖК-нің 345-бабының 1-бөлімі).
Сонан соң сотталушыға алдын ала тергеу не анықтау кезінде білдірілген кінәсін мойындау немесе мойындамаумен байланысты емес екенін түсіндіруге тиіс. Сонымен қоса, өз кінәсін мойындайтыны не мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге міндетті емес екені және сотталушының жауап беруден бас тартуы оған жш-келііргендей түсініксіздігі түсіндірілуге тиіс.
Сотталушы өз жауабын дәлелдеуге, қалай әрекет еткендігін, өзін кінәлі не кінәсіз екендігін айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуі онын өз кінәсін мойындамағаны деп түсініледі. Содан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оған қойылған азаматтық талап қоюды мойындайтынын мойындамайтынын (толық, ішінара) сұрайды. Егер сотталушы бүл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабының дәлелін айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуі оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсініледі. Сонан соң сот дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеу тәртібін талқылайды. Егер іс бойынша бірнеше сотталушы болса, онда сот олардан жауап алу тәртібін шешеді. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойышна сот қаулы шығарады.
Сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі. Сотталушы төрағалық етушінің рұқсатымен сот тергеуінің кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы.
Сотталушыдан жауап алу. ҚІЖК-нің 348-бабына сәйкее сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етуші тағылған айып және істің басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін оған түсіндіреді. Сотталушы айғақ беруге келісім берген кезде бірінші болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, сонан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етуші жетекші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды. Сот сотталушыға іс бойынша сұрақтар қояды. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейін сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтіңде қойылуы мүмкін.
Басқа сотталушы болмаған кезде сотталушыдан жауап алуға тараптардың өтініші немесе соттың бастамашылығы бойынша жол беріледі, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот мәжілісі залына қайтып келгеннен кейін оған өзі болмаған кезде сот мәжілісінің хаттамасына енгізілген деректер оқылады және өзі болмағанда жауап алынған сотгалушыға сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 348-бабы).
Сотталушының алдын ала тергеу және жауап алу кезіндегі айғақтарын жария ету (ҚР ҚІЖК-нің 349-бабы).
Сотталушының іс бойынша сотқа дейінгі әзірлік барысында берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берілген оның айғақтарының дыбыс жазбасын, бейне жазбаны не киноға түсірілімін жаңғыртуға мынадай жағдайларда;
— сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде;
— іс сотталушы болмаған кезде қаралғанда;
— сот талқылауымен алдын ала тергеу барысында берілген айғақтардың арасында елеулі қайшылықтар болғанда жол беріледі.
Тиісті жауап алу хаттамасындағы не сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді. Егер дыбыстық, бейнежазбаларды, кино көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасына жазылады.
Жәбірленушіден және куәгерлерден жауап алу. Жәбірленушіден жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 350-бабының бөліктерінде көзделген куәлардан жауап алу ережелері бойынша жауап алынады. Жәбірленушінің ерекшелігі ол куәгер сияқты сот отырысы залынан шығарылмайды. Ең алдымен жәбірленуші содан соң куәгерден жауап алынады.
Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға қарым қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді.
Куәға сондай-ақ ҚР КДЖК-нің 82-бабында көзделген өзіне, еріне (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы, ал діни кьізметшілерге - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқандарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екендігі түсіндіріледі. Куәға, сондай-ақ осы Кодекстің 82-бабында көзделген оның басқа да құқыктары куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығы түсіндірілгені туралы қолхат алынып, хаттамаға тіркеледі.
Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған бірақ айғақ беруге тілек біддірген адамдарға көрінеу жалған айғак бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Терағалық етушінің рұқсатымен жәбірленуші сот тергеуінің кез келген уақытында беруге құқылы. Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.
Төрағалык етуші куәгерге сұрақ қойып, сотталушыға, жәбірленушіге қарым-қатынасын анықтайды. Куәнің берген жауабынан оның берген бағасын білуге болады. Сонан соң төрағалық етуші куәгерден іс бойынша керген-білгенін айтуға ұсыныс жасайды. Куә жауап бергеннен кейін, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бірінші болып өтініші бойынша сот отырысында осы куә шақырылған тарап сұрақ қояды. Сот төрешілері куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейін сұрақ қояды. Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуі аяқталғанға дейін соттың рұқсатынсыз және тараптардың келісімінсіз одан шықпауға тиіс. Және де олар бір-бірімен сотта естіген ақпаратпен ауыспауы керек. Куә өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды (цифр, күн, уақыты, аты және тегі, жер аты және т.б) оқып шығуға рұқсат беріледі.
Бұл жазбалар соттың талап етуі бойынша пайдаланылады. Куәға өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды оқып шығуға рұқсат беріледі. Бүл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша іске тігілуі мүмкін.
Куәнің және оның жақындарының кауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында сот куәнің жеке басы туралы нақты деректерді жарияламай, оны процеске басқа қатысушылар көрмейтіндей жағдайда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады (ҚР ҚІЖК-нің 351-бабы).
Кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы). Кәмелетке толмаған жәбірленуші, куәгерден жауап алудың өз ерекшеліктері бар. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу, ал соттың қалауынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мұндай адамдардан жауап алу педагогтің қатысуымен жүргізіледі, қажет болған жағдайда сонымен қатар ата-аналары немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де занды өкіддері шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленушіге және куәға сұрақ қоя алады.
Он алты жасқа толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алудың алдыңда төрағалық етуші оған шын және толық айғақтардың іс үшін маңызын түсіндіреді. Айғақ беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылык туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.
Тараптардың өтініші бойынша немесе соттың бастамашылығы бойынша кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы сот қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәнің айғақтары жария етіледі, жәбірленушіге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкіндігі беріледі.
Он сегіз жасқа толмаған жәбірленуші, куә сот олардың әрі қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсіруін жария етуге:
а)бұл айғақтар мен олардың сотга берген айғақтары арасында елеулі қайшылықтар бар болған кезде;
б)олардың сот талқылауына келу мүмкіндігін жоққа шығаратын себептер бойынша жәбірленушінщ немесе куәнің сот отырысына қатыспауы кезінде жол беріледі;
в)егер іс сотталушының қатысуынсыз қаралса;
г)сотталушы жауап беруден бас тартқан кезде;
Тиісті жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтардың алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді. Егер олар дыбысталған не көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасына тіркеледі.
Сот талқылауындағы сараптама (ҚР ҚІЖК-нің 354- бабы). Алдын ала тергеу жұмыстарында сараптама жүргізілмеген болмаса, ал сотта оны жүргізу керек болған жағдайда сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы. Сотта сараптама жүргізу осы баптың талаптары ескеріле отырып, ҚР ҚІЖК-нің 32-тарауында жазылған ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Төрағалық етуші сарапшыны тағайындап, оған сараптама тағайындалғаны туралы сот қаулысының кешірмесі тапсырылады және ҚР ҚІЖК-нің 83-бабымен көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сот тараптардың пікірлерін тыңдап болып, тексеру жүргізу үшін қажетті уақытқа сот отырысын кейінге қалдыруға құқылы.
Төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сотталушы, қорғаушы, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерлердің сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады.
Қойылған сұрақтар жария етілуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың, прокурордың пікірлері тындалуға тиіс. Сонан соң мәселені қарап және ол бойынша тараптардың пікірін тындап, сот өз қаулысымен олардың ішінен іске қатысы жоқ немесе сарапшының құзыретіне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелерді тұжырымдайды.
Тараптар сараптамалық зерттеу объектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсынуға құқылы. Оларды мұндайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелді қаулы шығаруға міндетті.
Сарапшы сараптама мәніне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға, сотталушы, жәбірленуші мен куәгерлерге сұрақ беруге, қылмыстық істің материалдарымен танысуға, сараптама мәніне қатысты барлық сот іс-әрекетіне қатысуға құқығы бар. Сарапшыға заң негізінде немесе одан тыс сұрақ қоюға болмайды. Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді және сот мәжілісінде жария етеді. Сарапшыдан жауап алу қорытынды жария етілгеннен кейін ғана оны түсіндіру, нақтылау немесе толықтыру үшін жүргізілуі мүмкін. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе қылмыстық істі жүргізуші органның бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып айьштаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап сұрақ қояды (ҚР ҚІЖК-нің 355-бабы).
Қосымша сараптама қорытынды толық немесе жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттелген байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайда тағайындалады. (ҚР ҚІЖК-нің 354-бабының 10-бөлігі).
Достарыңызбен бөлісу: |