ҚР Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Асқарбаекұлы Досаевқа



Дата07.02.2022
өлшемі18,46 Kb.
#89568
Байланысты:
Заявление в банк головной


ҚР Ұлттық Банк төрағасы
Ерболат Асқарбаекұлы Досаевқа
Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57 «А»


«Хоум Кредит Казахстан» АҚ
Басқарма басшысы
Карел Горакқа
Алматы қ.,Назарбаев д-лы,248

Болтекова Ажархан
Кошкенбаевна
Шымкент қаласы, Бозарық м/а, Қайнар бұлақ көшесі 19 а үй,
Байланыс телефоны: +7702-453-90-56
ЖСН: 751116400500

Арыз
Мен сіздің банктен 2019 ж. 1 000 080 теңге көлемінде несие алғанмын.
Менің өтініш жазу себебім, «Evolution Corporation» ЖШС (БСН:151140023183) «Индиго 24» жобасының алаяқтық әрекеттерінің салдарынан зиян шегіп, сізден алған несиеме қатысты мәселе. Мен бұл несиені жоғарыда аталған компанияның алаяқтық әрекеті салдарынан алданып алдым.
Аталған компания қызметкерлері біздің өңірде өз қызметтерін белсенді насихаттау арқылы, өз алдауларына түсіріп, сіздерден несие алуға мәжбүрледі. Белгілі бір мерзімнен кейін пайызымен алатынымызбен қатар, несие төлемін өзіміз төлеп тұрамыз деді. Бастапқы уақытта төлеп тұрып, біздің сенімімізге әбден кіріп, өзімізден кейін адам тіркеуге дейін жеткіздіү.
Мен халықаралық кәсіби медиатор Г.Ш.Сейдазоваға және заңгер, медиатор А.У.Кесебаеваға жүгіндім (анықтама қосымшада). Аталған өкілдерім арқылы ҚР Президент Әкімшілігіне, ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігіне, Бас Прокуратураға, ҚР ІІМ-не арыз түсірдім. Жәбірленушілердің өтініштері негізінде ҚР Қылмыстық Кодексінің қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету туралы 217-бабы және алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену бойынша 190-бабы бойынша құқық қорғау органдарымен «Evolution Corporation» ЖШС әрекеттеріне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде (анықтама қосымшада).
Сонымен қатар несие ауыртпашылығын жеңілдету мақсатында Алматы қалалық бас кеңселеріңізге заңгер, медиатор А.Кесбаева өтініш жолдап, ресми жауап алдық (анықтама қосымшада).
«ҚР банктер және банк қызметі туралы» Заңының 36-бабының 1-1 тармағына сәйкес міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы – жеке тұлға банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) баруға және өзінің банктік қарыз шартының талаптарына, оның ішінде:
1) банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) шет ел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;
3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;
4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
5) банктік қарыз шартының қолданылу мерзімін өзгертуге
6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жоюға байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі өтуінің туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы жазбаша өтініш ұсынуға құқылы.
Дәл қазіргі жағдайда менің несие төлеуге мүлдем мүмкіндігім болмай тұр. Мен несие төлеу жауапкершілігінен жалтарып отырғаным жоқ. Бірақ дәл қазір:

  1. Менің басымда 4 несие бар. Ай сайын 150 000 теңге төлеймін. Ал, жалақым (зейнетақы, жәрдемақым) 49 000 теңгені құрайды. Қарауымда 2 кәмелетке толмаған бала бар. (қандай қиын жағдайыңыз бар жаза беріңіз: мүгедек бала, жалақыңыз жетпейді. Т.б.)

  2. Маған кейіннен белгілі болғандай, Сіздің банктен маған несие тауарлық болып рәсімделген, бірақ қолыма ақшалай берді. Менің төлем қабілеттілігім еш тексерілмеді, Индиго қызметкерлері біді алдап-сулап банкке өздері ертіп барды.

Сізге менің несиелік ауыртпашылығымды жеңілдету бойынша жүгініп отырмын.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, сізден өтініп сұрайтыным:

  1. Тергеу және халықаралық сот процесі аяқталып, кінәлі адамдар табылып, менің қаражатым қайтарғанға дейін (шамамен 1 жыл мерзімге) бізге кейін ешқандай пайызы қосылмайтын отсрочка беру мәселесін қарастыруыңызды сұраймын;

  2. Немесе ай сайынғы төлем мөлшері төлеуге жеңіл болуы үшін несие шартының мерзімін неғұрлым ұзақ мерзімге созып, айыппұлдарды (банк сыйақысын, пайыздарды, пеня, неустойка) алып тастауға көмек көрсетуіңізді өтінемін.

  3. Біздің аудандағы банк қызметкерлері осы өтінішті қабылдауға барынша кедергі келтіруге тырысты, бізге «неге заңгерлерге жүгінесіңдер, олар ештеңе шешпейді» деп ұрысып, конституциялық құқығыма қол сұқты. Сонымен қатар, жоғарыда аталған банк қызметкерлері төлем қабілеттілігім жетпей тұрса да неге маған осыншама сомадағы несиені бергені немесе тауарлық етіп шығарып бергені туралы мәселе бойынша Сіздің банктің қауіпсіздік қызметінен қызметтік тексеріс жүргізуін сұраймын.

ҚР банктер және банк қызметі туралы» заңда көрсетілген мерзімде жауап беруіңізді өтінемін.

Өтініш иесі: _______________________
Дата: _______________________
Қолы: _______________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет