Р. Н. Еспаева, М. И. НҰҒманова, Н. Н. Оразакова



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата16.05.2024
өлшемі0,95 Mb.
#202378
1   2   3   4   5
Байланысты:
БОСАНУДАН-КЕЙІНГІ-ҚАН-КЕТУ.-АКУШЕРЛІК-ТАКТИКА

 
Техникасы: 
1. Залалсыздандырылған қолғаптарды киіп алып, қынапқа қолды енгізіңіз және қолыңыздың жұдырығын түйіп алыңыз. 
2. Жұдырықты алдыңғы күмбезге орналастырып, жатырдың алдыңғы қабырғасын басыңыз. 
3. Екінші қолмен алдыңғы іш қабырға арқылы, жатырдың артқы қабырғасына, қынапқа енгізілген қолдың бағытына қарай 
басыңыз. 
4. Басуды қан тоқтап, жатыр жиырылғанша жүргізіңіз. 
Жалғасқан қан кетулер кезінде жасалатын әрекеттер. 
Бірмезгілде келесілерді жасау керек: 
• Барлық бос қызметкерлер мобилизациясы (көмекке қосымша шақыру қажет: бөлімше меңгерушісін, анестезиолог-
реаниматологты (егер бұрын шақырылмаған болса), лаборантты, стационардағы қан құю үрдісіне жауапты маманды). 
• Төсектің бас жағын түсіру керек. 
• Ылғалды оттегіні 10-15 л/мин. берілетіндей етіп жалғастыру қажет. 
• Қан жоғалту көлемін анықтау. 1500 мл немесе одан жоғары қан жоғалтылған болса- орталық венаны катетерлеу керек 
(мейілінше мойындырық венасын). 


• Ағзаның өмірге қажетті қызметтерін бақылау және әйелдің жалпы жағдайын бағалау (АҚ, ЖСЖ, ЭКГ, тамыр соғысының, дене 
температурасының, тыныс алу жиілігінің, диурездің үнемі мониторингісі) қарқынды бақылау картасын қосымша жүргізу арқылы 
жасалады. 
• Кристаллоидтарды қан кету мөлшерінің 3:1 қатынасындай етіп енгізуді жалғастыру. Инфузия жылдамдығы 15 минутта 1,0 л 
болуы тиіс. Кейінгі инфузиялық емдік терапия анестезиолог-реаниматологпен бірге келісімді түрде жүргізіледі. 
• Операциялық бөлімді дайындау. 
БКҚ* кезіндегі инфузиялық терапия көлемі. 
Инфузиялау алдында барлық ерітінділер жылытылуы қажет (4 кесте). 
Кесте 4 - Инфузионды-трансфузионды терапиянің көлемі 
1000 мл-ге дейін, 
шок белгілерінсіз 
>1000 мл немесе шок белгілері бар 
>2000 мл 
Кристаллоидтар 2000 мл-ге дейін. Кристаллоидтар 2000 мл. 
Кристаллоидтар 3000 мл немесе одан 
артық. 

Коллоидтар**1000-1500 мл-ге дейін. 
Коллоидтар** 1000-2000 мл-ге дейін. 

ЖМП 1000 мл (коагулопатия белгілері 
анықталғанда) 
ЖМП 1000 мл немесе одан артық 

Эритроцитарлы масса (гемоглобин 
мөлшерін бақылау арқылы) 
500-1000 мл. 
Гемоглобин 70 г/л-ден төмен. 
Гематокрит 22-ден төмен. 
Тромбоцитарлы масса: тромбоциттардың 
деңгейі 50×10
9
төмен болса. 
Криоприцепитат фибриноген мөлшері 1 г/л 
–ден төмен болса. 
Эритроцитарлы масса
(гемоглобин мөлшерін бақылау 
арқылы)1000 мл немесе одан артық. 
*Әйелдің жалпы жағдайына сәйкес инфузиялық терапия мөлшерін анестезиолог-реаниматологпен бірлесе отырып тағайындау 
(шоктың белгілері, қан ұю бұзылыстары мен т.б. анықталса). 
**Коллоидтар: ГЭК-тер және сукцинилденген желатин/модифицирленген сұйық желатин (нұсқауға сәйкес). 
Инфузионды-трансфузионды терапия көрсеткіштері:
Гемоглобин 80 г/л ден төмен емес 
Тромбоциттер>75×10
9
Протромбин индексі <1,5 
ББТУ <1,5 
Фибриноген >1,0 г/л 
Акушерлік қан кетулерде қолайсыз нәтижелердің негізгі себебі хирургиялық гемостазды кеш жүргізу болып саналады. 
• Зертханалық тесттерді жүргізу: 
- жалпы қанға талдау жасау (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, қан ұю уақыты); 
- коагулограмма; 
- қанның ұюын анықтау тестісі. 
• Әйелді бүйіріне жатқызып және жылытып (бірақ ысытып жібермеу!)-ылғал төсеніштерді құрғаққа ауыстырып, қосымша көрпе 
беру керек. 
• Маска арқылы оттегіні беруді минутына жылдамдығы 8 л болатындай етіп жалғастыру. 
• Қан препараттарымен: ЖМП, эритромассаны қажетті мөлшерде қамтамасыз ету. 
3 қадам 
Қан кетуді уақытша тоқтату әдістері. 
Құрсақ аортасын басу(2 сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет