ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы». Баяндама Орындаған: Адилов Айдос азт-101 Тексерген:Ғанибаева Жайдарман


Салауатты өмiр салтын қалыптастыру



бет11/14
Дата15.12.2021
өлшемі35,42 Kb.
#101450
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ОСӨЖ10 Адилов Айдос
1310 9 кл 1, ОСӨЖ10 Адилов Айдос, Progress test 4 key, IMG-20220613-WA0002, АҚС1, СЛАЙДЫ АЗА ША 22.09.2014-1
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру 

Жас қазақстандықтардың денi сау болмаса, экономикалық мiндеттердi шешу мүмкiн емес. 

Өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiк қағидаты мемлекеттiк жастар саясатының ажырамас бөлiгiне айналуға тиiс. 

Профилактикалық iс-шараларды назарға ала отырып, жастар зиянды әдеттерден бас тартуы, салауатты өмiр салтын ұстануға ұмтылуы қажет. Спортпен және дене шынықтырумен айналысу ерекше басымдыққа айналуға тиiс. 

«Жастар» және «дене шынықтыру» ұғымдары жас адамның өмiр салтының ажырамас бөлiгiне айналуға тиiс. 

Осыны ескере отырып: 

1) жастарда профилактикалық iс-шаралар мен екпелердi үнемi алып отыру дағдысын қалыптастыру; 

2) салауатты өмiр салты аясында отбасының, бiр топ құрдастарының, оқыту мекемелерiнiң, бұқаралық ақпарат құралдарының, медициналық мекемелердiң және басқа да әрiптестердiң қатысуымен консультациялық қызметтердi қоса алғанда, медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi туралы мәлiметтердi ұсыну бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жандандыру; 

3) ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша мәлiметтердiң бiрыңғай ақпараттық дерекқорын құру және жастардың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мүмкiндiгiн пысықтау; 

4) спорт залдарын жаңарту жөнiндегi және бiлiм беру жүйесi ұйымдарын спорт мүлкiмен жабдықтау жөнiндегi бағдарламаларды кеңейту мәселесiн қарастыру; 

5) жаппай спортпен айналысу үшiн спорт объектiлерiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету; 

6) белсендi өмiр салтын дамыту және патриоттықты нығайту мақсатында жаңа бағыттар әзiрлеп және олардың танымалдылығын арттыруға қол жеткiзе отырып, отандық экологиялық туризмдi насихаттауды енгiзу қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет