ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы». Баяндама Орындаған: Адилов Айдос азт-101 Тексерген:Ғанибаева Жайдарман


Жастардың құқықтық мәдениетiн арттыру және мемлекеттiлiктiң негiз қалаушы құндылықтарын құрметтеуiн қалыптастыру



бет12/14
Дата15.12.2021
өлшемі35,42 Kb.
#101450
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ОСӨЖ10 Адилов Айдос

Жастардың құқықтық мәдениетiн арттыру және мемлекеттiлiктiң негiз қалаушы құндылықтарын құрметтеуiн қалыптастыру 

Жастар табысты ел аға буынның қамқорлығы ғана емес, бұл — жастардың ертеңгi күнi екенiн анық сезiнуi тиiс. 

Жасөспiрiмдер мен бойжеткендердiң санасында мемлекет — жастардың демеушiсi емес, өзiн-өзi дамытуына жағдайлар жасайтын серiк ұғымы берiк орын алуға тиiс. 

Жастар тарапынан өзiнiң табанды еңбек етуi, сапалы бiлiм алуы және оны практикада қолдануы, үнемшiлдiгi, болып жатқан процестерге белсендi қатысуы арқылы ғана жеке жетiстiкке және жалпы өркендеуге қол жеткiзуге болатынын түсiнуi маңызды. 

Сонымен бiрге, жас азаматтардың құқықтарын және еркiндiктерiн қорғауға кепiлдiк бере отырып, мемлекет құқықтық мәдениеттiң жалпы деңгейiн арттыратын болады және жастар арасында орын алып отырған әлеуметтiк терiс құбылыстарға қарсы әрекет етедi. 

Осыны ескере отырып: 

1) құқықтық мәдениеттi арттыру бойынша барлық қажеттi шараларды iске асыруды қамтамасыз ету және жастардың құқықтары мен еркiндiктерiн кепiлдiктi қамтамасыз ететiн мемлекетке құрметпен қарайтын жастарды тәрбиелеу; 

2) жастар арасында құқықтық нигилизмге қарсы әрекет ету, ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушiлiк» стандарттарын енгiзу; 

3) кәмелет жасына толмағандар арасында қадағалаусыз қалудың, қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтардың профилактикасына арналған шараларды нақтылап, жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, толық емес және тұрмысы нашар отбасы балаларының құқықтықтары мен мүдделерiн қорғау арқылы ювенальды әдiлет жүйесiн жетiлдiру; 

4) кәмелет жасына толмаған құқық бұзушылар ретiнде қамауда отырған немесе түрмеде жазасын өтеп жүрген жастарды әлеуметтiк жастар қызметтерiн белсендi тарта отырып оңалтуды, ал қажет болған жағдайда, қоғамға қайта кiрiктiрудi, әсiресе бiлiм беру мекемелерi арқылы қарастыру қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет