Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама



Pdf көрінісі
бет71/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Кілттік сөздер: 
жанжал (конфликт), қақтығыс, әлеуметтік жанжал.
 
 
Әлеуметтік жанжалдардың себептері.
Кең мағынада жанжал 
(конфликт) (лат. Conflictus – қақтығысу) – тараптардың, пікірлердің
күштердің қақтығысы, қайшылықтар шиеленісуінің шекті жағдайы. 
Ол анағұрлым тарлау мағынасында әлеуметтануда, саясаттануда, заң 
ғылымында, әлеуметтік философияда, әлеуметтік психологияда, өнерде 
қолданылады. 
Әлеуметтік жанжал
– өзара әрекет тараптарының өздерінің мүдделері, 
ниеттері, мақсаттары мен оларға қол жеткізу құралдары бойынша бір-біріне 
дұшпандықпен қарама-қарсы тұратын үдеріс немесе жағдаят. 
Оған әртүрлі деңгейлі: жекелеген тұлғалардың қақтығысынан бастап 
мемлекетаралық қарулы қақтығыстарға дейінгі құбылыстардың кең ауқымы 
енеді. 
Қақтығыстардың қайнар көздері бәрінен бұрын экономикалық
әлеуметтік және саяси қатынастарда болады. Жанжалдардың генезисін, даму 
заңдылықтарын, критерийлері мен әдістерін бағалауды зерттеумен 
әлеуметтанудың ерекше пәні – жанжалтану (конфликтология) айналысады. 


87 
Ол қақтығыстық жағдаятқа қатсты мүмкін болатын регулятивті әсер 
етулерді зерделейді. 
Замануи жанжалтану басты назарын бәрінен бұрын жанжалдарды 
реттеудің сан алуан практикаларына, оларды сындарлы шешу мүмкіндіктерін 
іздестіруге аударады. 
Жанжалдар теориясын жасауға Г.Зиммель, Т.Парсонс, Л.Козер, 
Р.Дарендорф және басқа да аса көрнекті әлеуметтанушылар үлкен үлес қосты. 
Алайда қоғамтанушылардың жанжалдардың қоғамдық дамудағы табиғатын, 
себептері мен рөлін түсіндірудегі тәсілдері әртүрлі. 
Біреулері жанжал – қоғамдық қалыпты құбылыс және кейде тіпті өзіндік 
жағымды әлеуетке де ие болады деген ұйғарым жасады. Мысалы, Зиммель 
«оның құрамдас бөліктерінің арасындағы тепе-теңдікті орната отырып
дұшпандық пен өзара антагонизмдер жүйенің біртұтастығына қолдау 
көрсетеді» деп есептеді. Басқа әлеуметтанушы-теоретиктер жанжал – 
әлеуметтік аномалия және қоғамдық келісімшартты бұзушылықтың нәтижесі 
болып табылады, зорлық-зомбылықты үдету адам табиғатының өзінде жатыр 
деп есептеді. 
Дегенмен екі позицияның да жанжалдың адам қажеттіктерін 
қанағаттандырмаудың салдары болып табылатындығы, яғни ұзаққа созылған 
жанжал себебінің қызметін оған қатысушылардың негізгі қажеттіктері 
(мысалы, өзін-өзі көрсету, бірегейлік, қауіпсіздік пен әділетті бөлуге деген 
қажеттіктер) атқаратындығы туралы пікірі бірдей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет