Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет20/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

Жеке бас тәрбиесінің сәйкеспеуі

Тәрбиеде жіберілген
қателер


Тәрбиенің жасына сәйкес келмеуі




Баланың жеке бастық жағымсыз ұстанымы



Бала




Психологиялық және физиологиялық дамуындағы ауытқу
(туа біткен және кейін пайда болған)



Ортаның жағымсыз факторы

4-ші сызба. Адамның девиантты іс-қылығына әсер ететін факторлар тобы


Жасөспірім кезеңінде ескерілмеген факторлар, оның іс-қимылының
ауытқуларына соқтырады, оған жататындар:
а) құбылыстың тығырыққа тірелуі жасөспірім кезеңіндегі психофизиологиялық дамуды сипаттайды: жыныстық жетілу кезеңінде ағзасы жылдам немесе баяу дамиды; жүрек-қан тамыр жүйесі жақсы дамымағандықтан, оның физикалық және психологиялық сезіміне әсер етеді; эндокриндік жүйенің «горманальді буырқаныстары» жыныстық даму кезінде қозуды жоғарылатып, көңіл-күйінің тұрақсыздығын көрсетеді;
б) ересектер, ата-аналармен, мұғалімдерімен қарым-қатынасының ересектер мен кішілердің моральдік тұрғыдан «шиеленісуі», өзіне қойылған талаптарды қабылдамауы;
в) «тәуелділік моральді» «теңдік моральіне» алмастыруға ұмтылыстары;
г) ересектердің іс-қимылдарын, жүріс-тұрыстарын сын тұрғысынан бағалауға жақын тұруы;
д) өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастағы мінез-құлқының өзгеруі, қарым-қатынас орнатуда өзінің үстемдігін бекіту талпынысының, кейде жағымсыз формаға айналуы және т.б.
Г. Тұлғаны қалыптастырудағы ортаның жағымсыз факторы.
Тұлғаны қалыптастырудағы отбасының жағымсыз факторлары:
а) отбасындағы жағымсыз ахуал: маскүнемдік, ұрыс-керіс, төбелес, бір-біріне дөрекілік көрсету, өтірік айту, т.с.с., еліктеуге жағымсыз үлгі көрсетіп, соған сәйкес дүниетаным қалыптастырады;
б) отбасы құрамының мәселесі: толық емес отбасы, бір балалы отбасы, көп балалы отбасы, арақашықтағы отбасы және т.б., балаға қажетті педагогикалық ықпал жасай алмайды, тұлғаның қалыптасуына тек бір ата-ананың ықпалының жүруі немесе тәрбиеде балаға өбектеу, көп нәрсеге көз жұму.
Осындай отбасындағы жағымсыз факторлардың бала тәрбиесіне ықпалы төмен болғандықтан, бала отбасына, ата-анасына теріс қатынас орнатып, үйде болмауға, уақытының көпшілігін үйден тыс орындарда өткізуге бой алдырады. Осындай себептерден «көше балалары», қараусыз қалғандар, панасыздар категориялары пайда болады. Осының бәрінің себептері үйде балаға көрсетілетін дөрекілік пен ұрыс салдарынан болады; баланың қызығушылықтары мен қажеттеріне көңіл бөлмеу, ата-анадан ешнәрсе талап етпеуді ұстану, олардан көмек күтпеу және қарым-қатынас жасауға құлықсыздық білдіру; ата-аналардың өз мәселелерінен артылмауы, баланы ұзақ мерзімге өзбетінше жіберуі; бала тәрбиесін атасы мен әжесіне жүктеу, оларға қажетті қолдау көрсетпеу (жасы келген адамдар немерелеріне қажетті педагогикалық ықпал жасай алмауынан, олар қараусыз қалады); тәрбиенің жетіспеушілігі, баланың жағымды ынта-ықыластарының, қызығушылықтарының болмауы және т.с.с.
Баланың даму үдерісіне орта факторларының әсері (көше, қала, «топтар» т.б.).
Үй жағдайындағы жағымсыз қызығулар, баланың дамуына ойындардың педагогикаға лайық емес тұстарын қолдану.
Жақын айналасының ықпалы, ең бірінші ата-аналарының, ересектердің, құрбы-құрдастарының педагогикаға жатпайтын қылықтарының әсері.
Көпшілік ақпарат құралдарының, әсіресе теледидар мен бейнефильмдердің жағымсыз әсері.
Бұлардан басқа да факторлар, адам тәрбиесіне теріс ықпал етеді.
Д. Бала мен жасөспірімді тәрбиелеудегі кемшіліктер:
а) отбасы тәрбиесінің кемшіліктері;
б) жасанды жағдай, баланы кез келген өмірлік мәселелерден алшақтату, белсенді іс-әрекеттерден шектеу салдарынан тасбауыр, енжар, адамдардың қайғы-қасыреттеріне жанашырлық танытатын қабілетінің болмауы, сындарлы жағдайлардағы өмірлік жағдаяттарды жеңе білмеуіне соқтырады;
в) білім мекемелерінде оқыту мен тәрбиелеу барысында, әсіресе бала бақшалары мен мектептерде жіберілетін қателіктер;
г) тәрбиенің адамгершіліктен тыс жағымсыз бағыттары;
д) баланы, жасөспірімді жағымсыз өмірлік үлгілер мен әрекеттерге дайын болуға тәрбиелеу (өмірде өзін жүзеге асыра білуі). Мұндай жағдайларда жеке тұлға өзін түрлі батыр кейіпкерлерге өзін ұқсатуы, «өзіне түрлі әрекеттерді өлшеуі». Осыған әсіресе ықпал ететін теледидар, кино, бейнефильмдер түрлі қылмыстық істердің «оқулықтарының» рөлін атқарады;
е) балаға қатысты ортадан, қалыптан тыс отбасыларының және тәртіп бұзатын жолдастарының теріс жүріс-тұрыстары бар жасөспірімдерден жағымсыз әрекеттерді «күту» және т.б. Осындай күдіктер, тікелей немесе жанам формада баланы тәртіп бұзуға түрткілейді;
ж) баланы, жасөспірімді спирттік ішімдіктерге, нашақорлыққа, шылым шегуге, құмар ойынға тарту;
з) отбасы мүшелерінің, мектеп пен отбасының, мектеп пен бала және жасөспірімдер тәрбиесімен айналысатын әкімшілік органдарының арасында бала тәрбиесіне қатысты бірліктің болмауы;
и) қайта тәрбиелеу жүйесі тәртіп бұзушыларды түзету және оларды онан кейінгі күнделікті өмірге (әлеуметтік ортаға) бейімдеу.
Е. Баланың және жасөспірімнің жағымсыз өзіндік ұстанымы:
а) жасөспірімнің өзін бағалаудағы ауытқуы: өзін көтермелеу - жоғары бағалау салдарынан шамданғыш және қозғалысқа жылдам, аморальдік қабілетпен сәйкескенде, құқық бұзушылыққа барады; өзін төмендету - өзіне сенімсіз, жүріс-тұрысы әралуан, жеке тұлғалық сипаты тұрақсыз болғандықтан өзіне және ұжымға түрлі мәселе тудырады, өзін көрсете алмайды;
б) жасөспірімнің тұлғалық талаптануындағы ауытқу. Ол өзін-өзі бағалаудағы ауытқудан туындайды. Талаптану жасөспірімнің жеке ұстанымын анықтайды және оған қол жеткізуге белсенділік білдіреді;
в) адамгершілік құндылықтарға және өзщін-өзі жетілдіруге енжарлық танытады. Көп жағдайда оның адамгершілік үлгінің және жақсы болу ұмтылысының жоқтығынан болады;
г) жасөспірімдер арасында өз орнын табудағы жағымсыз қажеттіктерінің және теріс бәсекелестіктерінің орын алуы. Жасөспірімдік шақта осы қажеттер мен бағыттары, олардың өзіндік белсенділіктерін арттырады;
д) баланың, жасөспірімнің, бозбаланың қажеттерінің қалыптасуының күрделілігі және өзін-өзі түзетуге белсенділігі;
е) жасөспірімнің қарым-қатынас орнатуға, жастардың биресми бірлестіктеріне, соның қатарында асоциалды бағытқа да қатысу ұмтылыстарының болуы.
Балалар мен жасөспірімдердің жүріс-тұрыс, мінез-құлықтарындағы ауытқулардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі топ факторларын суреттеп қарастырдық, олардың алдын алу және жеңу жолдарын педагогикалық қызметте ескеру қажеттігі анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет