Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет65/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

4-ші қателік. Шектен тыс еркелету
Бұл істі өзім тындырмасам, баламның бұған шамасы жетпейді
Ата-ана. Біз баламыз үшін бәріне дайынбыз. Бала бар жақсыны көріп, барлық тәттіні жеу керек. Баланың көңілінен шығып, тілегін тілеп, орындап отырғанға не жетсін. Біз оны сәтсіздік пен кедергілерден алып шыға білуіміз қажет.
Маман: Былай қарағанда дұрыс секілді, бірақ баланы тым ерке етіп өсіруге болмайды. Ата-ана баласының жолындағы тастарды алып тастағанмен, бала одан өзін бақытты санамайды. Керісінше ол өзін әлсіз, қорғансыз сезінеді. Керісінше осыны өзің істеп көрші, болмай жатса мен саған қуана көмектесемін дегеніңіз орынды болады.

5-ші қателік. Бала тәрбиесіне уақыттың зәрулігі
Өкінішке орай, саған қарайтын уақытым жоқ.Көптеген ата-аналардың жұмыстан қолы тимей жатады, тисе қасында болуға тырысады. Бала ата-анасының ойнауға, сабақ оқуға уақыты жоқ екенін түсіне білу тиіс.
Маман: Баланы өмірге әкелген соң оған уақыт бөлу қажет. Бала уақытым жоқ деген сөзді естігеннен кейін, басқа адамдардан мейірім, жылу іздей бастайды. Жоқ дегенде 30 минут уақыт бөліңіз.

6-ші қателік.Бала тәрбиесін материалдық жағдаймен түсіндіру
Неғұрлым ақша көп болса, соғұрлым баланың тәрбиесі де жақсы болады.
Ата-ана: біздің ақшамыз жоқ,қолымыз қысқа, сондықтан да баланы еркелетіп,керек нәрсесін алып бере алмадық, бір сөзбен айтқанда біз жақсы ата-ана бола алмадық, ақшамыз болмады дейді.
Маман: Махаббатты ақшаға сатып ала алмайсың. Бұл шындық. Өз баласының қатардан қалып қоймауы үшін ата-ана қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бірақ сіз балаңыздың тілегін орындай алмадым деп қам жемеңіз. Расында махаббат ата-ананың аялы алақаны, мейірімі мен жылуы емес пе? Адам бойынан табылатын асыл қасиеттер ақшаның құнынан да артық екенін ұмытпаңыз. Ақша баланы бақытты ете алмайды. Баланы бақытты етені ананың теңдесін махаббаты.


7-ші қателік.Сіздің көңіл-күйіңіз.
Менің көңіл күйім жоқ, текке мазалама деу
Әрине сыртқы факторлардың әсерінен туған сәтсіздіктер, отбасымен көңілді отыруға мүмкіндік бермейтіні рас. Көптеген ата-аналар жеке басының қамын ойлап. Бала шағасына қарай алмай, кейін бәрін алып беремін деп уәде етеді.
Маман: Отбасындағы жағдайлар тек көңіл күйге байланысты болса, сіз алдын ала балаңызға түсіндіріп қойыңыз: менің көңіл күйім болмағанда бәрін істеуге болады деп жүрме, әр қадамыңды байқап басып жүр. Жарай ма, деп ескертіп қойғаныңыз жөн болар.
Күйбің тіршіліктің жетегінде жүріп, жиі еленбей жататын қателіктерден арылғанда ғана, сіздің шаңырығыңызға бақыт құсы ұялап, отбасыңызда береке бірлік орнайды дегім келеді.
Ата-ана бала тәрбиесін жүргізуші, ықпал етуші болып табылады, педагогикалық процесте тәрбиені ұйымдастырушы деп айта алмаймыз. Ата-ананың міндеті ұстаздармен тығыз қатынаста болып, солардың ақыл-кеңесін тыңдап, балаға тиянақты білім,жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Отбасы қоғамның негізі, әрбір отбасы қоғам мүшелері., қоғам мүшелері дұрыс тәрбиеленсе, ол қоғам мықты болады. Себебі бала үшін отбасы ең жақын орта.Бала отбасынан жағымды өнегелерді үйренеді. Ата тегін біліп, ата баба мұраларынан сусындайды.Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайдың бірі -ұтымды тәртіп құру.Тәртіп өмір шарты, еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру. Тәртіп баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке,мұқияттылыққа, үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады.Отбасының ең негізгі шарттары: еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Осылар дұрыс ұйымдастырылса, күн тәртібінде бала дағдыға, дағды әдетке айналады, ал әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет