Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет144/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

айналасында
немесе екеуінде де (я 
болмаса тіпті бір-ақ жерде) 
маңайында 
деп жазуына болар еді 
(
қуанышы – ботаның, қайғысы – інгеннің айналасында
деп), 
бірақ, біріншіден, ойды екі құрамды (екі жеке сөйлем) етіп 
береді. Бұл тәсіл 
айналасында, маңайында
деген синонимдерді 
параллель конструкцияда орналастыру арқылы сол айтылмақ 
ойға оқырман назарын аударып, тынымсыз біркелкі еңбек-
бейнетпен әрі ұрсу-зекуден көз ашпай мәңгүрт боп қалған 
жалшының образын айқынырақ көрсете түседі.
Сөз таңдау – әрдайым әр алуан варианттар қатарынан 
біреуін іріктеп алу актісі ғана емес, сонымен қатар бір реңдес 
(модальдық реңкі біркелкі) сөздерді шоғырлап қолдану бо-
лып та келеді. Көркемдік әсерлілік мүддесін көздеуде сөздерді 


277
іріктеу (даралау) және шоғырлау (жинақтау) әрекеттері қатар 
жүреді. Соңғы әрекет текст лексикасын түзу немесе текст 
түзімі (орысша «текстообразование на лексическом уровне») 
деген мәселені алға қояды.
Текст түзімі тақырып пен сол тақырыпқа қатысатын тілдік 
элементтерді таңдау, яғни тақырыптық топтар (тематические 
группы) құруды да талап етеді. Тақырыптық топтар құрайтын 
әрбір сөздің стильдік бояуы (жүгі, колориті) болады. Бұл тәсіл, 
әсіресе поэзияда жақсы қолданылады. Бұған Абайдың «Бо-
лыс болдым, мінеки» деген өлеңінде жағымсыз бояуы бар
суреттеуіш етістіктердің шоғырлануын 
(тырқылдап, жырқыл- 
дап, салпылдап, далпылдап 
т.б.) мысал етуге болады.
Реңктес сөздер, яғни ғылыми термин бойынша, «бір бояулы 
лексика» (колоритообразующая лексика) деп аталатын сөздер 
тобы көркем прозада да орын алады.
Қазіргі қазақ прозасында колорит түзуші (бір бояулы) 
лексика шоғырын пайдалануда жаңсақтықтан гөрі сәттілік, 
іздемпаздық сипат көзге түседі. Текст түзуші сөздер шоғыры 
жоғарыдағы мысалдағыдай тек бір сөйлем шеңберіңде ғана 
емес, көбінесе бір абзацтан бастап, шағын шығарма тексінің 
өн бойына да жайылады. Мысалы, Сейдахмет Бердіқұловтың 
«Аспаннан шұға жауған күн» атты повесінде спортшылар 
жайында сөз болады. Қазақ спортшысының ой-арманын, 
ұмтылыс-әрекетін суреттеу үшін жазушы бұл шығарманың 
тексін түзуде спорттың ұлттық түрлеріне қатысты сөздерді 
әдейі таңдап алады. Повестің өн бойында бүкіл образды су-
реттер де, теңеу-салыстырулар да, эпитет-метафоралар да, 
тіпті әрекет-қимыл атаулары да қазақтың ұлттық ойындарына 
қатысты болып келгендігін осы кітаптың I бөлімінде талдап 
көрсеттік.
Сөз тандауда әр алуан стилизация, яғни белгілі стиль тезіне 
салу құбылысы үлкен орын алады. Мысалы, тарихи стилиза-
ция үшін историзмдерді, архаизмдерді тауып, таңдап алу не-
месе бүгінде жоқ, бұрын болған зат, құбылыс, ұғымдардың 
атаулары сақталмаған болса, оларды жаңадан жасау әрекеттері 
байқалады. Жазушы Мұхтар Мағауин «Аласапыран» рома-
нында 
бұлғақ, оғлан, түменбегі, мыңбегі, алашбегі, ұлысбегі, 
баһадүр, тентек, аламан, жасауыл, есікағасы, қалға сайлау, 


278
дат сұрау, сандал тақ, ертауыл, анда, бақауыл, құма, лек, от-
аман, маңдай сүбе, ажырғы, жандар 
(телохранитель), 
жәсір
(тұтқын), 
байтақ
(астана), 
қоллық, тізелік, бұтырлық, көтерме
(арбаның түрі), 
түзем 
(строй), 
қазақ шығу
сияқты сандаған 
көне сөзді тандап тауып, орынды жұмсаған. Сонымен бірге 
осылардың қатарында жазушының өзі жасаған 
дастарханшы, 
некелі қосақ 
(хатун), 
сабадар
(бас қымызшы), 
көріс 
(аудиенция), 
жұбапхана 
(ответная палата), 
елшілік дуаны 
(посольский при-
каз), 
саясаткер 
(политик) сияқты сөздер де, 
андыз әскер, сипаһ
тәрізді архаизмдер де – тарихи стилизация үдесінен шыққан 
сөздер. Стилизацияның енді бір түрі – жанрлық ерекшеліктерге 
байланысты, яғни шығарманың ертегі түрінде немесе ауызекі 
сөйлеу түрінде т.т. ұсынылуына қарай, тіпті дәлірек айтсақ, 
автордың өзінің суреттеп отырған оқиғасына, кейіпкерлеріне 
көзқарасын, яғни мысқылдап-әжуалап отырғанын немесе 
аяушылық, жылылық, сыйластық білдіріп отырғанын таны-
татын сөздер мен тұлғалар таңдалынып, әдейі қолданылады. 
Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада оқырманға әсер 
ету мақсатымен жасалатын стильдік үн (тон) болатыны мәлім.
Айталық, оқиға немесе кейіпкерлер қылығы, олардың іс-
әрекеті салтанатты, ресми, мысқыл-әжуалы т.т. сипатта ба-
яндалады. Мысалы, жазушы Марат Қабанбаевтың «Бақбақ 
басы толған күн» әнгімесінде кеңінен қолданылған қарапайым 
сөздер мен оқыс тіркестер – бүкіл шығарма бойынша тандап 
алынған элементтер, олар – текст түзіміне бағынып тұрған 
сөздер. Мұнда әңгіме де, оның баяндалуы да Заманбек баланың 
ойымен-бойымен беріледі және ол – өзінше ептеп «жымиып 
алары» (юморы) бар бала, сондықтан мұнда шөмелені ыстық 
күн астында 
тоңқаңдап салады, 
дәрігер әйел босқа 
сарнай-
ды,
қорадағы әтеш жай емес, 
қотиын,
класта қыздар 
өріп жүр
(«көп» деген мағынада), ендеше, 
дереу біреуін жақсы көру ке-
рек 
деген бала сөздерін оқимыз.
Сөз таңдау, әсіресе сипаттама (анықтауыш, пысықтауыш) 
мен теңеуге келгенде күшті байқалады. Жай анықтауыш пен 
пысықтауыш болып келетін сөздерді таңдау тек поэзияда емес, 
көркем прозада да үлкен шеберлікті қалайды. Бір нәрсені, 
құбылысты, іс-қимылды дәл және әсерлі сипаттайтын сөзді 


279
тап басып қолдану – жазушы үшін басты міндет және қиын 
іс. Ол үшін қалам иесі ізденеді. Мысалы, Мұхтар Әуезов ел 
ішін бүлдіретін, пайдасынан зияны көп кейбір әрекеттердің 
өте жағымсыз екенін әсерлі түрде беру үшін 
қаукөрік, ұр-
көппе
деген анықтауыштарды тауып қолданғанын жоғарыда 
айттық: «Бұрын Ырғызбай ішін кернеп жүретін
қаукөрік 
сөздер,
ұр-көппе 
желіктер де саябыр».
Қаукөрік
дегеннің ор-
нына жазушыға 
даурықпа,
бірді бірге соғатын 
берекесіз
көп 
деген сияқты мағыналас эквиваленттерін де алуға болар еді, 
бірақ дәл осы сөйлемде жазушының білдірмек ойына және 
автордың өзінің сол сөз дегенді қалай сипаттамақ (танытпақ) 
көзқарасына 
қаукөрік
деген образды тіркес дәл келіп тұр, бұл 
сөз білдірілмек сынды (сипатты) суреттеу жолымен атап тұр, 
сондықтан тек атрибуттық (анықтауыштық) емес, соған қоса 
образдық реңк алып тұр, ал образ – оқушыға эмоциялық әсер 
ететін экспрессивтік құрал. Екінші анықтауыш та 
(ұр-көппе)
дәл осы іспеттес.
Теңеулерді таңдап қолдану – қазақтың ұлттық көркем 
сөзінің ерекше сипаты. Теңеу де – образ. Сондықтан образ 
жасайтын салыстырулар (теңеулер) әрі шынайы, әрі әсерлі бо-
луы керек. Бұл жағынан, қазақ көркем прозасы небір ұтымды 
үлгілерді көрсете алады. Теңеулер күнделікті тұрмыс-салтқа, 
тіршілікке байланысты түсінік-танымдардан да алынады, оқыс 
(кәнігі емес) ассоциациядан да туады, көне образдардан да 
көшіріледі. Мысалы, жазушы Қалихан Ысқақов бір теңеуін 
күнделікті шаруа көрінісінен алады: «Қажымұрат бірер айдай 
теперіш көрмегенге аз уақыт 
қамыттан босаған шаруаның то-
рысындай
шау тартып қалған ба, екі иығын балта жеп тастап-
ты» («Тұйық»). Екінші бір теңеуін табиғатты тану ассоциаци-
ясынан алады: «Кіре жолдан шана табанының ызыңы естіледі. 
Желді күнгі 
боздаған жекен қияқтың миындай
осы бір мың 
сан үннен басы айналып, құлағы шулағандай болды» (сонда). 
Мұндай мысалдарды кез келген автордан молынан көрсетуге 
болады. Теңеу арқылы суреттеу – қазақ көркем сөзінің ұлттық 
белгісі. Сондықтан мұнда сәтті, табысты орындар қандай көп 
болса, нормадан ауытқитын сәтсіз көріністері де аз емес.


280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет