Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет146/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

көркем тіл нормасынан 
ауытқу, бірін-
шіден, жалпы жазушы мәнері дегенге қатысты болса, екінші-
ден, текст түзімі мүдделеріне байланысты құбылыс болып 
табылады (текст түзімі жөнінде 98-127-беттерде айтылған 
пікірлер мен талданған материалдарды қараңыз).


281
Жазушы мәнері автор позициясы дегенмен ұштасады. Қазіргі 
(соңғы 20-30 жылдың ішінде) қазақ прозасында баяндаудағы 
автор позициясы деп аталатын құбылыс айқынырақ көріне 
бастады. Айталық, сыртқы дүниені суреттеудің автор тара-
пынан ұстанылатын эмоционалдық кілті біреу болады да он-
дай шығармада біртектес немесе тіпті бір эпитет қайталанып 
келеді. Мысалы, Оралхан Бөкеевтің «Қар қызы» повесінде 
ақ
эпитеті және осы сөздің қосымшалы, тіркесті тұлғалары 
(ақша, аппақ, ақ сіреу, ақ түтек, ақ шаңқан, ақ шағи, ақ 
таңдақ)
– осы шығарманың оқушы сезіміне әсер беретін, 
автор позициясының сыр сандығын ашатын негізгі кілті: 
мұнда ҒТР заманында іргедегі шөпті алып келуге жарамай 
қалған техникамыздың кесірінен үш қыршындай жасты үсітіп 
өлтіре жаздаған аппақ қар басқан мылқау иен тау іші, сеңдей 
сірескен ақ сіреу суық дүние суреттеледі. Жігіттерді қинаған 
түн де аппақ, олардың біреуі – Нұржанның арман-қиялындағы 
ақ қанат қар қызы, ол да – аппақ, бірақ осы 
ақ (аппақ)
сөзі – 
мұнда адалдықтың, бақыттың, арманның символы болумен 
қатар, суықтықтың, қаталдықтың да символы. Шығарма кілті 
– осы екі символда. Сондықтан көркем сөз стилін жеке діттей 
қарастырғанда, бір шағын повесте бір эпитеттің өзгесі ауызға 
түспегендей қайталай беруі кемшілік сияқты болып көрінуі 
мүмкін. Ал тіл мәдениеті шарттарын көркем стилистика та-
лаптарымен ұштастыра қарастырғанда, бұл жердегі бір ғана 
эпитеттің жиі қайталануы, баса қолданылуы – уәжді, ол автор 
позициясын танытады.
Бұл күнде орыс тіл білімінде «характериологическое по-
вествование» (сипат бере баяндау) деп аталатын әдіс қазақ 
прозасында да бел алып келе жатқаны байқалады. Шығармаға 
тұтасынан белгілі бір сипат бере баяндауда әлеумет топта-
рының сөйлеу үлгілері кеңінен пайдаланылады. Мысалы,
Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» атты романы ау-
ылда өскен қазақ әйелінің атынан баяндалатындықтан және 
романның бүкіл оқиға желісі, кейіпкерлер бейнесі сол әйел-
дің көзқарасымен ұсынылғандықтан, ол романдағы лекси-
калық, фразеологиялық құрам да, синтаксистік құрылым 
да бір стильге бағындырылған. Сондықтан мұндағы баян-
дау тілінен де, кейіпкерлер тілінен де «жиырма бестен асқан 


282
дырау
жігіт», 
«қой, құрысын, ұят тағы
», «Светасын тіпті 
сорақы
қызғанады», «басқа ешкім жоқ, кілең 
қатындар 
емес 
пе?» деген сияқты қарапайым сөздер мен ауызекі сөйлеу тілі 
элементтерін жиірек кездестіреміз. Тіл мәдениеті өресінен кел-
генде, бұлар – әдеби нормадан тыс тұрған сөздер болғанмен, 
бұл шығармада олардың қолданылуы – өте орынды, яғни 
бұлар мотивті ауытқулар болып танылады. Бұларды, тегі, орыс 
тіл біліміндегідей, біздің де көркем шығармадағы баяндаудың 
«авторлық нормалары» деп атағанымыз дұрыс болар.
Белгілі бір сипат бере баяндау үлгісін Әбіш Кекілбаевтың 
«Тасбақаның шөбі» атты шығармасынан да көруге болады. 
Мұнда автор атынан берілген баяндаудың өзінде сипаттауыш 
сөйлемдердің дені ауызекі сөйлеу тіліне төн болып келеді: 
«
борпы аяқ
Сақып, 
зыр-зыбыл құла
»
 
(әңгіменің бас кейіпкері 
Қарабаланың мінген осы атының өзге анықтауыштары да 
осы іспеттес 
(шілтік құла, китің құла), 
«
қақшаңдаған
әкесі», 
«
дарылдақ
шайханашы», «
әрпіл-тәрпіл 
өлең жолы», «қайырма 
жаға», «ақ көйлек киіп 
қатқан
жігіт», «
қитұрқы
әңгіме» т.т. 
Диалогтердегі ғана емес, автор тіліндегі етістіктердің едәуірі 
– стильдік бояуы қалың сөздер, олар да көбінесе қарапайым 
сөздер немесе ауызекі сөйлеу тіліне тән элементтер болып 
келеді: «орысшаның да 
түбін түсіреді
»

«әйелдер жағы 
жырқ-
жырқ күледі
»
,
«қара өлеңді 
қайқайтады екен
»
,
«ақ школдың 
білімін бір-ақ 
қақшып...
жетінші класты бітірді», «көкең көңілі 
түссе, 
сылқитып тұрып орысша бір боқтайды да...
»

«
сыз-
диып
отырған жас немелер... 
тызалақтап 
жүр» т.т. Мұндағы 
адамдардың аталуы да 
неме, көкіме, бозымбай, бегей, жұтыр, 
қара сирақ, можан-топай, қасқа
сияқты болып келеді.
Автор осы әңгімені «оқуы» үш кластан аспаған, бірақ 
адал еңбек иесі – Қарабала мен оның «бағы жанбаған» тен-
тек құрдасы – Оңбайдың, тіпті әрісі осы екеуінің іс-әрекетіне, 
қимыл-қыбырына ортақ ауыл адамдарының позициясынан, 
солардың ойлауы, бағалауы, түюі тұрғысынан баяндайды. Де-
мек, бұл туындыдағы әдеби тілден тыс тұратын элементтер: 
қарапайым сөздер, 
мошқайды 
тәрізді бірен-саран диалектизм, 
ауызекі тілдік синонимдер, қысқасы, пәс (төмен) стильдік 
сөздер белгілі бір мақсатпен әдейі қолданылған. Автор сөзінде 
келгеніне қарамастан, бұлардың қолданылуы – уәжді. Бұл 


283
ауытқулар – бүкіл шығарма идеясына (мазмұнына) қарай, текст 
түзу мүддесінен туған қолданыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет