62
де сұлу қыздың бет-пішінін тура эпитеттермен білдірмейді, тісі
мен мойнының әсем, аппақ екенін ғана баяндайды, мұндайды,
сірә, эпитетпен келген портрет дегеннен гөрі, адамның бет-
бейнесін, түр-тұлғасын нақтылап көрсеткен суреттеме портрет
деу керек бо лар.
Жалпы, Ш.Мұртаза, кейіпкерлері болсын, өзге де зат,
құбылыстар болсын,
оларды әспеттеп, мадақтап, айшықты
әсем сөздермен сипаттауға жоқ. Мұның себебін біз осы
шығарманың өн бойына тән суреттеу стилінен (мәнерінен)
іздейміз: күні кеше өткен шым-шытырық оқиғалар мен
сан алуан психологиялық арпалыстарға
толы бұл шығарма
романтикалық лиризмнен гөрі бас кейіпкерлер тағдырын
тілгілеп жатқан осынау қатқыл кезеңнің өзі сияқты нақты
тіліп түсетін тілмен суреттеуді қалайтынын сеземіз. Әрине,
мұнымыз – жалаңдау аргумент, өйткені көркем шығарманың
жалпы стильдік үнін (тонын)
бір ғана фактордан шығарып
дәлелдеу қиын. Мүмкін, мұндай «оймышсыз» стиль өрнегі
жазушының жалпы шығармашылық қаламына тән даралық
мәнері болар, мүмкін, шығарма тақырыбы мен суреттелетін
заманына қарай таңдап алған әдісі болар, мүмкін...
Қайткен
күнде романның бояуы қалың эпитет, теңеулерсіз, орайлы ме-
тафораларсыз кел ген, аллитерациясы, ассонансты тіркестері
некен-саяқ, ырғақты, ұйқасты құрылымдары тіпті аз сөз өрнегі
оқырманды өзінен әрі итермейді, керісінше,
оның бар зейін-
ықыласын өзіне аударады, «бір демде», «бас көтермей» оқып
шығуға итермелейді. Көп шығарма тілі бояуының түсінде емес,
оқырман жүрегіне жететін шеберлік сиқырында болса керек.
Тілінің жинақы, үнемді сипаты тек бояулы сөздердің
кемдігінде емес, өзге де көркемдік тәсілдерінен байқала ды.
Айталық, бұл көлемді көркем туындыда табиғат суреті жиі
берілген. Неге? Оқиғалар көкорай шалғынды, жайқалған бау-
бақшалы, сылдыраған бұлақты, асқақтаған таулы өлкелерде
өтетіндіктен бе? Әрине, жоқ. Табиғат суреттері бұл шығармада
жазушыға тілдік-стильдік құрал ретінде керек болып тұр.
Табиғат пен адамдар, табиғат пен оқиғалар жарыса жүріп, бір-
біріне «арқасын төсейді», дәлірек айтсақ, сол жерде берілген
табиғат
көрінісі баяндалмақ оқиғаның, іс-әрекеттің фоны,
63
кейіпкерлердің бейнесін айқындай түсетін ақ, қара, қызыл,
сары дегендей бояулар, яғни табиғаттың өзі – образ. Сондықтан
мұнда табиғат көріністері теңеу үшін де алынады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: