Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет56/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

айлапат
(«үлкен, зор»), 
алпау-
ыз
(«дүниеқор», «алымсақ»), 
әбеқоңыр
(«жұпыны»), 
майлақы
(«қараңғы»), 
сияпа
(«сый-құрмет», «тарту-таралғы») сияқты 
сөздер әсерлі, орынды қолданылған. Оларды экспрессоидтер 
деп тануға әбден болады. Ал 
жаңсыз
(жалғыз), 
күнте
(иінағаш), 
құдандал
(құда-андалы), 
қаралай
(қарадай, қараптан-қарап), 
мошқау
(«сұрастыру») сияқты қолданыстарды қоштау қиын. 
Бірақ бұндай уәжсіз қолданылған бес-он жергілікті сөздің 
жазушылардың қай-қайсысында бар екенін ескерсек (мыса-
лы, бұл құбылысты ұлы Мұхтар Әуезовтің тілінен де таба-
мыз), оның сырын (себебін) іздеу керек болар. Ол себеп қазақ 
әдеби тілінің лексикалық нормасы әлі үзілді-кесілді орнығып, 
толығып болмағандығында ма, әлде болашақ жазушының 
мектепте, тіпті университеттердің филология, әсіресе жур-
налистика факультеттерінде әдеби тіл нормасын игеруінен 
гөрі, өскен ортаның ауызекі сөйлеу дағдысы басым болып 
келгендігінде ме, әлде қалам иесі сол сөздердің потенциалдық 
мүмкіндігін (әдеби тілге ену әлеуетін) көріп, әдейі қолдана ма 
– әйтеуір негізінде осы тәрізді бірнеше фак тор жатқан болуы 
керек. Жазғырудан гөрі, себебін тауып, оның дұрыс-бұрысын 
дәлелдеп барып, пікір айтып, бағасын бергеніміз абзал болар.


108
Сирек кездесетін немесе көнеріп, мағынасы күңгірт тартқан 
сөздердің, диалектизмдердің өзге функционалдық стильдер 
емес, көркем әдебиет стилінде қолданысына келгенде өзгеше 
шарт қою керек сияқты (әңгіме – кейіпкерлер тілінде емес, 
авторлық баяндау тексінде жұмсалуы жайында). Бұл пікірді 
біз әрдайым айтып келеміз және оны пікір жазушының тілін 
талдау арқылы емес, тұтастай алып, әр өлкеден шыққан кәрі-
жас қаламгерлердің көркем дүниелерінен материал жинап, өз 
алдына ғылыми тақырып етіп, жеке зерттеу ұсынбақ ойымыз 
бар (әрине, Құдай қуат берсе делік, ал өзіміз жаза алмасақ, 
ондай ізденістің бағыт-бағдарламасын, зерттеу жолдарын, 
теориялық негіздерін айқындап, шәкірттеріміздің еншісіне 
қалдырмақпыз).
Жеке сөздерге келгенде, автордың өзі іздеп тапқан, не өзі 
жасаған (көбінесе тіркестер) тұлғалар да жоқ емес. Мыса-
лы, жоңғардың (қалмақтың) сұлу қызын (әйелін) 
сұқсыр 
деп атауы, 
сойыл дос, қамшы дос
(34), 
күп тұран
(шамасы 
жаңбыр жауғанда су үстайтын күп не тұран болса керек – 
25), 
сәлдекендей
реніш (31), аспанның 
лайытқан 
қалпы (33), 
елбе-селбе киімдей 
жұтырайып
тұр (42), 
ызғындай 
қала

ызғындай 
Сайрам (61, 62), 
әрқайын 
дүние, 
кемталай
халық 
(69), 
шажырқай
боп туған Шыңғыс әулеті (79), 
батымды
болу 
(82), 
қойманшы
(«қамшысын ортаға тастамай қойшы сөйлер, 
қойманшы 
сөйлер» – 126), шөбі 
тұяқкешті
бола қоймаған, 
мәмлехана
(елші қабылдайтын жай, зал – 153), 
мәмлегер 
(«ди-
пломат» мағынасында – 203), 
жаубасарлар
(205), 
жолығыс
(жолығысқа шақыру – 219), 
тұқым-тебер
(223, бұл тіркес 
әдеби тілде 
тұқым-тұқиян 
түрінде келеді), 
дегелшіктер
(387), 
тұрымтай мәслихат
(461), 
мөлт
қара (5) және 
мөлттей
қара 
(524), 
ыңғайтек
(581); 
басына тауан іздеу (А61), бетжүздік
(424), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет