109
сөзі,
бұған тұлға жағынан
тұрымтай
жуық келеді),
сойыл
дос, қамшы дос, тұяқкешті, мәмлехана, жаубасар, жолығыс,
бәскебай, сөлімбай
сияқты сөздер – автордың өз «бұйымы»,
өзі жасаған дүниелер. Қалғандарын іздестіру қажет, егер бір
ыңғайын тауып, оларды автордың өзі түсіндіріп, түп-төркінін,
мағынасын көрсетіп берсе, «жүдә жақсы» болмақ. Олар әдеби
тіл айналымына түсетін қауқары бар сөздер болса, сөздіқ
қазынаны
молайтатын, экспрессоидтер қатарын көбейтетін
элементтер болып шығар еді.
Ең соңғы сөз – кітап беттерінде жіберілген корректорлық
қателер жайында. Емлелік ағаттықтар бар. Олардың бірқатары
сөйлем мағынасын бұзып тұр. Мысалы:
мерекесі
енді шалқып
келе жатқан (106) деген сөйлемде
мерейі
болу керек, мағына
жағынан
мерей
қайда,
мереке
қайда? Сол сияқты
дәруші
сөзінің
дәуріш
(167),
бірақ
шылауының
біраз
(282),
шартараптан-
ның орнына
шартаптан
(127),
Саурық
жалқы есімінің
Саңрық
(288),
аш құлақтан
дегеннің
ал құлақтан
(349) болып,
Ис-
кер
деген қаланың аты
Әскер
бо лып жазылуы,
Ырғыз
жалқы
есімі
ырғыз
түрінде жалпы есімге айналып кетуі – осылардың
барлығы – әрине, жазушының кінәсі емес,
керісінше, оның
еңбегіне аз болса да ақау түсіріп тұрған жайсыздықтар. Бұларға
қоса әріптердің орны алмасып түсуі, артық не кем жазылуы
(ұрстаса
(168)–
ұстаса
деудің орнына,
ертекен
(147) –
ерт-
кен
дегеннің орнына,
сітеп
(133 –
істегі), мыңындағы
(332,
маңындағы
деп жазудың орнына) сияқты таза корректорлық
салақтықтар қосылғанда, атлас көйлекке түскен тамшы дақтай,
әттеген-ай дейсің. Және бұл көрініс тек осы кітапта емес, күні
бүгінгі дейін шығып жатқан басылымдардың барлығында бар.
Бұл ескертпемізді біздің осы жұмысымызды жазушылар да,
олардың кітаптарын шығаратын баспагерлер де оқитын болар,
сонда кітаптардың сауатты басылуына олардың авторлары да,
шығарушылары да жауаптырақ қарайтын болар деген үмітпен
айтып отырмыз, әйтпесе оның жазушы тілінің көркемдік
құдіретін танытуға еш қатысы жоқ.
Сөйтіп,
қорыта келгенде, дүниежүзілік («еуропалық»)
жоғары деңгейге көтерілген, әлемге біршама танымал бо лып
қалған қазақ көркем әдебиетінің бір жанры – тарихи роман-
дардың тілдік-стильдік сыр-сипатын тануда Әбіш Кекілбаев-
110
тың «Үркер», «Елең-алаң» романдарының орны айрықша деп
табамыз. Бұл танымды осы шығармалардың өзгелерден артық
не кемдігін көріп емес, тіліне келгендегі
көркемдік-стильдік
ерекшелігіне қарап береміз.
Тарихқа арналған шығармаларды жазудың тек композиц-
иялық құрылысы, сюжеттік мазмұны, тарихи реалийлердің
көрінісі жағынан ғана емес, тілдік-стильдік
сипаты жағынан
да әр алуан болып келетіндігін және бұндай жоғары сатыға
қазақ көркем әдебиетінің де жеткендігін Ә.Кекілбаевтың
шығармашылығы анық көрсетеді.
«Үркер» мен «Елең-алаң» – баяндалуы жағынан тарих-
шежіре емес, тарих-толғаныс деп табамыз, яғни автор кеше-
гілердің тарихына үңіле отырып, бүгінгілер ойлансын деген
идеяны ұсынады. Бұл идеяны романның «Үркер»
деген аты-
нан бастап, тұтастай бітімі ұсынады. Тек Әбілқайырдың зама-
ны – XVIII ғасыр емес, бүгінгі мынау ұйытқымасы көп біздің
кезеңімізде де Үркердей топ жазбай тығыз тұрып («өзара
келісім, татулық, бірлік» деп жатқан бүгінгі ұрандарымызға
сәйкес), халықаралық, ұлтаралық, саяси, экономикалық да-
уылдар мен борандарды Үркердей алдын ала біліп,
алдын
ала ыңғайға аунап отыра алсақ қана аман болатынымызды
ойлаңдар деп толғайды бұл роман! Толғандыру үшін жазу-
шы халқымыздың өткен кезеңдердегі тәуелсіздік, еркіндікке
ұмтылған күрес шежіресін Әбілқайырдан бастап, көптеген
кейіпкердің ой-санасы мен таным-білім көзінен өткізіп баянда-
уды шығарманың стильдік арқауы еткен, романның көркемдік
құрылымының бүкіл
лексика-грамматикалық, стильдік
механизмі осыған орай берілген. Шығарма тілінің поэтикалық
үні, синтаксистік құрылымының күрделілігі, қайталама сияқты
көріктеу тәсілі мен әр алуан синтаксистік параллельдердің
жиі қолданылғандығы т.т. осы сияқты белгілер – Әбіш Кекіл-
баевтың тарихи роман жазудағы өзіне тән шығармашылық
мәнерін көрсетеді. Тарихи романдардың тілі мен өзге «Аңыз-
дың ақыры» сияқты романы, «Күй», «Ханшадария хикаясы»
т.б. сияқты повестерінің тілдік-стильдік бітімі бір қатарда
біркелкі еместігі жазушының тілге деген талғамы мен көркем
сөзге деген шеберлігінің күшін байқатады.