Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет60/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

Бахадүр (баһадүр) 
мен 
батыр,
тіпті орысша 
богатырь 
тұлғасы да осылайша жіктеліп, алдыңғысы ресми титул 
(XVI -XVII ғасырлардағы қазақ қоғамында 
бек
пен 
баха дүр 
«дәрежелер табеліне» – в «табель рангов» енген лауазымды 
атаулары болған), соңғысы – әрі 
бахадүрдің
халық тіліндегі 
эквиваленті, әрі сипаттама атау, яғни ұрыс даласында ерлігімен 
көзге түскен адамды «батыр, ер, ержүрек» деп дәріптеген. 
Жазушы бұл бір түбірден өрбіген екі тұлғаның әрқайсысын 
өз орнында жұмсаған. Мысалы, 1588 жылы Тәуекел сауын 
айтып шақырған құрылтайға келгендерді санамалау үстінде 
түменбегі, мыңбегі, қарашы бек, сұлтан, оғлан
сияқты 
лауазымдық титулдардың қатарында 
бахадүрлер
аталады (І, 
91), сол сияқты Қоянақ, Көкбөрі деген әскери қолбасылардың 
есімдеріне 
бахадүр 
титулын қосады (І, 50). 
Оғлан
да – рес-
ми атақ, ертеректегі түркі-монғол халықтарында хан титулы-
на ие болмаған Шыңғысханның ұрпағы осылайша аталған, 
ал кейініректе, Қырым, Астрахань хандықтарында, Шағатай 
ұлысында, Ақордада жалпы билеуші әулеттің жоғары әкімшілік 
не әскери қызметін атқаратын ұрпақтары 
оғлан
деген титулға 
ие болған. Сондықтан Мағауин Ораз-Мұхамедтің жеті жасар 
баласын 
Сүйінші оғлан
деп атайды:
[Мұрат-Мұхамед] ширақтығына қарамастан.., әуелде ерке 
өскен... тентек 
Сүйініш оғланнан 
біраз жәбір-жапа көріп еді 
(І, 338). 
21
Осы жерде және әрі қарай жақша ішіне кітаптың I, II деген реті мен беттері 
көрсетілді.


115
Сірә, қазақ қауымында бұл термин XVI-XVII ғасырларда-
ақ 
сұлтан, төре
сөздерімен ауыстырылып, көбінесе, титулдық 
мәннен гөрі хан әулетінің жас өркіндері (жас балалары – 
ұлдары) деген сипаттамалық қызметке көшсе керек, өйткені 
жазушы тағы бір жерде «бала Сүйінішті сұлтан» деп те атайды.
Әкімшілік лауазымдары мен әлеуметтік топтардың және 
қызмет адамдарының атаулары ретінде оқырман осы ро ман 
беттерінен 
қалға, күріген, қума, емелдес, қазынадар, дархан 
сияқты сөздерді де кездестіреді. Бұлар – қазақ көркем әде-
биетінде көп жұмсалмайтын қолданыстар. Олардың ішінде 
қалға, күріген, құма –
түркі-монғол тілдеріңде ертеде қолда-
нылған сөздер: 
қалға 
– ханның ізбасары ретінде хан әулетінен 
ұлысбектері, би, батырлар қалаған (сайлаған) сұлтан, 
күріген 
– 
монғол сөзі, мағынасы «күйеу бала», көне монғолша 
гүрген,
қазіргі монғол тілінде 
хургэн,
қалмақ тілінде 
кургн,
сондықтан 
Мағауиннің мұны қазақша 
күріген
деп тұлғалағаны – дұрыс, 
бұл – Қадырғали Жалайыри қалдырған шежіреде тек жалқы 
есімдермен келетін титул (
Буту гурген, Туралчы гурген
деген 
сияқты). Түркі-монғолдардың әлеуметтік-саяси құрылысында 
ханның күйеу балаларының сословиелік орны болған, яғни 
ханның батыр, беделді күйеу балалары өз балаларының 
дәрежесіне теңестіріліп, олар ел басқару, қол басқару істеріне 
қатыстырылатын болған. Тарихи роман жазушы бұл шындықты 
да көрсете кетуді артық көрмейді және ең бір ұтымдысы 
қалға, 
күріген
сияқты бүгінгі қазақ оқырманы білмейтін сөздердің 
мағынасын өзі ашып беріп отырады: 
Қалға сайлау
– 
қазақтың 
көне дәстүрі, ізбасар керек 
(І, 13). [Тәуекел ханның қарындасы 
Асыл – ханымды алған] Сейтек, әрине, жүрегі жарыла қуанады. 
Іргелі елге кірме емес, туыс бола ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет