118
сөйлем соңына таман келген Годуновтың орысша –
царский
слуга и конюший боярин
деген ресми лауазым атауын да
бас
уәзір
деп түсіндіре кетеді.
Қазақ үшін
бас уәзір
– ханнан кейінгі
екінші
билік иесі, Борис Годуновтың жоғарғы ресми атағы
да – сол мағынада. Бұл жерде бізге (әрбір сөздің өз орнында
жұмсалуын «тышқанша аңдып отыратын» тіл жоқтаушысына)
қатты ұнағаны – белгілі бір тарих кезеңіндегі әлеуметтік
топтардың, билеушілердің «дәрежелік (рангілік) табеліне» ен-
ген титулдық атаулар мен жай сипаттама атауларды араластыр-
май, өз орындарында жұмсағаны. Мұның үлкен мәні бар: қай
кезде де әр сөздің, әсіресе саяси-әлеуметтік, рухани-танымдық
термин мәндес сөздердің жеке-жеке өз мағыналары болғанын,
басымы қараңғы, сауатсыз халқымыз оларды шатастырмай
қолданып келгенде, бүгінгі 100 процент сауатты біздердің ана
тіліміздің әрбір кірпішін оңды-солды лақтырып, сөзге мән бер-
мей, бірінің орнына екіншісін жұмсай бастаған кезімізде аз да
болса тежеу болар ма еді дейміз.
Сондай-ақ Ораз-Мұхамедке
патша сыйға берген иелік
қоныстарын Мәскеу түбіндегі
поместье,
Юрьевтегі кең-бай-
тақ
вотчина
деп орысша атайды да бет етегінде екеуін де
қазақшалап түсіндіреді. Әрине, Қазақстандағы,
сондай-ақ
Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерін мекендеген қазіргі
қазақ оқырманы бұл сөздердің мән-мағынасын түсіндірусіз-
ақ білер еді, бірақ орысша келтірілген барлық сөздің беретін
мағынасын не контекст арқылы, не бет етегіндегі түсіндірме
(сноска) арқылы қазақша
білдіріп отыру өте қажет, өйткені
мұндай аса бағалы туындылар түгіл, бізде шығып жатқан
үлкенді-кішілі әр алуан жанрдағы шығармаларды Қытай,
Монғолия, Түркия, Иран, Еуропа
мемлекеттері сияқты ше-
телдерде тұратын қандастарымыз да оқиды. Олар орыс тілін
білмейді. Сондықтан былайғы жерде тек көркем шығармалар
ғана емес, өзге кітаптарымызды да, дүниенің түкпір-түкпіріне
тарап кеткен қазақ оқырмандарымызды да көздей жазуымыз
керек (әсіресе ғылыми еңбектерімізде құлаш-құлаш етіп орыс-
ша келтіретін цитаталарымызды аударып беру керек екендігіне
көзіміз жетті, шетелдік бір бауырымыздың «сіздердің
жазғандарыңызды әп-әдемі түсініп оқып келе жатып, орысша
119
цитатаға тап болғанда, орға түсіп кеткендей сезінеміз» дегені
бар-ды. Жазушы Мұхтар Мағауин осы жайсыздықты күн ілгері
сезгенге ұқсайды. Құптарлық іс).
Қоғам өміріне байланысты
Достарыңызбен бөлісу: