116
Мағауин хан әулеті жұбайларының
бұл бөлінісін де қалт
жібермейді:
Атаң... хан атамның некелі қосағының өзі – үшеу екен,
некесіз алты
құмасын
айтпағанда... (І, 30). Құма – тоқал емес.
Тоқалды хан әулетіне жатпайтын жай адамдар да (әрине, бай-
лар мен барлар, батырлар, билер) ала береді, ал
құма
– титул,
ол тек хан мен сұлтандардың қосағы, жай тандап алған жұбайы
емес, соғыста жеңіп, жаулап алған жақтың (ұлыстың) әмірші
әулетінің қатын-қыздары. Олар да ақсүйек нәсілі болғандықтан,
құмадан туған балалар хатундардың балаларымен тең құқықты
болған, көбінесе некелі қатындардың тәрбиесінде өсірілген.
Емелдес
те – хан ордасында орны бар адамның аты,
емел-
дес
деп хан ұрпағымен емшектес (бір ананың сүтін емген)
болғандарды атайды. Науқас болғандықтан, анасының сүтін
еме алмаған Сүйініш оғланды (Ораз-Мұхамедтің Айшешек-
тен туған баласы) Милана деген
орыс қызметші әйел емізіп
өсіргендіктен, оның өз балалары Петрөшке (Пет рушка) мен
Көлке (Көлька) Сүйініштің емелдестері болып суреттеледі
(І, 342). Ал жоғарыда көрсетілгендердің ішінен
дархан
сөзін
де жазушы өз мағынасында орынды келтірген: дарқан – ұста,
бірақ мұны осы романда
ұста
сөзінің эквиваленті етіп емес,
біреуін –
дархан
сөзін «сауыт соғып, садақ иетін шебер»
мағынасында,
ұста
сөзін «қылыш қайрап, сүңгі суыратын»
шебер мағынасында жұмсайды (І, 125).
Дарқан
сөзін Абай да
«ұста» мағынасында қолданған, бұл сөзді диалектологтер Се-
мей өңірі мен Шығыс Қазақстан тұрғындарының тіліне «ұста»
мағынасында келетін ерекшелік деп таниды. Ал Мағауин қару-
жарақ, сауыт-сайман жасайтын шеберлерді осылайша ажыра-
тып берген.
Біз тілін талдап отырған
тарихи шығармада осындай
өткен заман шындықтарынан хабар беріп отыруды жазу-
шы дұрыс көздеген.
Мехмандар, қазынадар
сөздерін,
біздің
байқауымызша, жазушы өзі жасаған:
мехмандар
– қонаққа,
аудиенцияға (әмірші алдына) шақырушы «делегация не месе
оның бастығы» деген ресми қызмет атқарушының аты ретінде
жасалған:
Бұл жолғы шақырыстың жөні бөлек екенін бірден аңда-
ған
...
Мехмандар жаушы ретінде, қасында жүзбасы мен
117
алты стрелец бар, мәртебелі бектердің бірі келіпті. Жанасар
аталады. Орысша – өкілеш
... (І, 264). Бұл жерде
мехмандар
сөзінің түбірі –
мехман (мейман
–
қонақ),
-дар
– қарыздар
де-
ген сөздегідей жұрнақ, көптік жалғауы емес. Ал
жанасар
сөзін
оның синонимі етіп көрсеткенге ұқсайды, орысша «өкілеш»
деп көрсетуі –
мехмандар
көне
Русьтің патша сарайындағы
шені жоғары боярдың («окольничийлердің») бірі дегені бо-
лар.
Қазынадар
да – осындай авторлық жасанды термин, ол
қазынадар бек
деп тіркес түрінде
келтірілгеніне карағанда,
қазынада (мүлік, тауар сақталатын казинада) қызмет атқаратын
адамның ресми атын білдіретінге ұқсайды.
Осы жерде айта кетелік, бұл тарихи шығармада жазу шы
бірен-саран сөзді өзі жасап ұсынуға мәжбүр болған,
өйткені
жоғарыдағыдай қызмет, кәсіп иелерінің аттарын айырып
көрсеткісі келген сәттері бар, сондықтан
Достарыңызбен бөлісу: