82
бастаған
пастой
,
ровнай он шақырым, біригат-ау
тәрізді орыс
сөздері де көркем әдебиет стилінің нормасын бұзып тұрған
жоқ.
Ал жоғарыда «Қызыл жебеде» кездескен
дуайбат
(кей жер-
де
дуайпат
түрінде де жазылған),
пісігі өтіп кеткен, бұғат
сияқты 4-5 сөз әңгімелер текстерінде де бар.
Бейнелі фразеологизмдер де аса көп емес. Әңгіме бо-
лып
отырған кезге, ситуацияға қарай жасалған
«бір аяғың –
немісте, бір аяғың – кебісте»
(бір аяғынан соғыста айырылып
келген адамға қарата айтылған)
сияқты ауыл адамдарының
тапқыр сөзі, қазақтың кәнігі образынан алынған
«түр әлпеті
алшы асықтың сақа тиіп құлағанындай»
(Ақшай кемпірдің
сөз таласында жеңіліп қалғанын суреттегенінде),
«аш қасқыр
жеп кеткен есектің қабырғасындай
ырсиып-ырсиып жайрап
жатты» (ағашы қырқылған орман тура лы),
«көдедей
көп әйел»,
«кішігірім самаурындай
қызылша» тәрізді бейнелі теңеулерді
әңгіме текстеріндегі «әдемі сөздердің» қатарына қосуға болар.
Бұлардың ішінде тіпті
аяғыңа аш ішегің
,
тобығыңа тоқ ішегің
оралсын!», «тумай жатып әкесін жалмаған үш жалмауыз»,
«кітапта басың қалғыр!»
сияқты «жаңа қарғыстар» да бар.
Бұлардың қай-қайсысы да шығарма текстерінің тігісіне жатық
түсіп, кейіпкерлер сөзіне шынайы сипат беріп тұр.
Міне, Шерхан Мұртазаның көркем әдебиеттің «әңгімелер»
деп аталатын жанрындағы тілі
мен стилі жайында айтылмақ
көп әңгіменің бір үзігі – осындай.
Біздің бұл жұмыста көздегеніміз – көркем шығармалардың
тіліне лингвистикалық стилистика талаптары бойынша тал-
дау
жасау болғандықтан, рецензияларға тән кемшіліктерін
көрсетуді діттемедік. Әрине, тілдік-стильдік талап тұрғысынан
алғанда, нормадан ауытқушылықтар көрініп тұрса, оны айтқан
болар едік, ал жеке сөздерге, сөйлемдерге қатысты байқалған
«азын-аулақ» кемшіндерді теріп
көрсетуді міндетіміз деп
санамадық.
Әңгімеші новеллашы және романшы-эпик жазушы – Шер-
хан Мұртазаның белгілі бір шығармалары тілінде көрінген «ав-
тор бейнесі», яғни тілдік-стильдік, көркемдік көрінісі – осын-
дай.