136
Қадырғалидың ойларын баяндаған сәттерде де шешен тілмен
тебіреніп кетеді, тіпті сентенциялап (нақыл сөздетіп) жібереді:
Тең азамат анда болмақ, текті ауылдар құда болмақ.
Андалық – ақыл ісі, құдалық – Құдай ісі. Бұл – кеңшілікке,
кеңесті күнге лайықты сөз екен... Асауды ауыздықтайтын –
бұғалық, алысты ағайындастыратын – құдалық...
Сөздер –
автордікі, ой – Қадырғалидікі. Бидің ойы – тұнып тұрған түйін,
өмір шындығы, жазушының сол ойды білдірген тілі – тұнып
тұрған шешендік.
Қысқасы, «Аласапыранның»
оқырманды өзіне тартатын
көркемдік сиқырының бірі – осы шешендікте, дәлірек айтсақ,
шешендік атрибуттары (белгілері) болып келетін көрікті,
бейнелі, әсерлі сөз қолданысында екенін көреміз.
Жазушы тек билер мен хан-сұлтандарды ғана өздеріне лайық
мәнерде сөйлетіп қоймайды, жалпы кейіпкерлер тіліне, диалог
құру ісіне аса мұқият қараған. Мұнда күнделікті тұрмыстық
сөйлеу үрдісі де, бұйрық, өтініш үлгілері де,
тіпті әр ұлт
өкілінің (түркі тілдес) сөйлеу машығы да ерекше көрсетілген.
Мысалы, ортаазиялық саудагерлердің сөзі (І, 190-193), Шел-
калов сияқтылардың Ресей патшасының орысша ұзын-шұбақ
лауазымын айтуы сияқтылар да – тарихи стиль үдесінен
шығуды көздеп қолданылған амал-тәсілдер. Кейіпкерлердің
тек сөздері емес, ойларын беруде де, дәлірек айтсақ, сол оймен
берілген авторлық баяндауда да өздеріне лайық сөз мәнерін
келтіреді. Мысалы, қазақ ордасы туралы мәлімет іздеген жас
подъячийлердің іс-әрекетін баяндаған тұста олардың архивтер-
ден кездескен мағлұматтар бойынша
танып білгенін ерекше
тәсілмен береді:
Шынында да, адам естімеген мағлұматтар. Мұсылман са-
налады. Діншілдігі шамалы. Жауынгер. Қарақшылықка бейім.
Көшіп жүреді. Киіз шатырларын арбаның үстіне тігеді
(міне,
қызық!)...
Төңірегімен түгел соғысқан
(Русияға қарсы ат-
танбапты. Алыс қой).
Шыңғыс хан
(қарғыс атқыр!)
ұрпағы
– сұлтандар билейді. Хан ұрыс даласына үш жүз мың әскер
шығара алады
(Құдай сақтасын!.. Оба келгірлер)...
Әрі қарай
да бірнеше жақшаға алынған сөздер келтіріледі. Жалпы текст –
автордікі. Текст – архив мәліметтерінің баяны, ал жақша ішінде
137
подъячийлердің сол мәліметтер бойынша алған әсерлері, та-
нымдары берілген және сөз мәнері – подъячийлердің өздерінікі.
Бұл өте сирек кездесетін тәсілді
жазушы бірнеше жерде өте
шебер пайдаланған. Жақшаға алынған текст кейде баяндау
үстіндегі ескертпелер болып келеді. Мысалы, Посоль ский
приказдың көз-құлағы Петр Новосельцев
әңгімесін баяндау
барысында Ораз-Мұхамедке немесе қазақ елшілеріне қатысты
авторлық ескертпелерді жазушы жақша ішінде береді (ІІ, 137).
Бұл жерде, сірә, жазушы осы амалмен кейіпкер сөзі мен өзінің
сөзін айырып көрсетуді көздеген болар.
Енді шығарманың синтаксистік құрылымдар көрінісінен
байқалатын ерекшеліктер жайында сөз қозғауға болады. Син-
таксис – жазушы мәнерін танытатын маңызды сала.
Ең алдымен, Мұхтар Мағауиннің осы тарихи романдар
тілінде актив қолданған синтаксистік-стильдік тәсілдердің бірі
– парцелляция құбылысы көзге түседі. Парцелляция дегеніміз –
фразаны (ойды, сөйлемді) бөлшектеп, соған қатысты бір сөзді,
не тексті жеке өз алдына аулақтатып орналастыру. Мысалы:
[Ораз-Мұхамед] қарашы
бектер есіктен шығаршық-пас-
танақ орнынан атып тұрып, алты қанат ақ орда ішінде аласұра,
ерсілі-қарсылы жүрді. Ыза қысып барады.
Достарыңызбен бөлісу: