Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет8/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

де
етістігі (9828 рет), төртінші орында – 
Абай 
жалқы есімі 
(6747 рет) т.т. екендігін біле аламыз. Қысқасы, мұндай жиілік 
сөздіктер шығарма тілін қай тұрғыдан болса да зерттеушілер 
үшін мол, дайын материалдар береді.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында Мұх-
тар Әуезовтің тұтас тілінің түсіндірме сөздігін жасау жұмысы-
на әзірлік жүргізіле бастаған-ды. Ол үшін алды мен жазушы-
ның 20 томдық жинағы бойынша кездесетін сөздердің ЭЕМ 
арқылы алфавиттік сөздігі жасалды. Бұл материал бойынша 
қазіргі таңда «Алфавиттік-жиілік сөздік», «Жиілік сөздік», 


16
«Кері алфавиттік сөздік» деп аталатын үш түрлі сөздік бір кітап 
болып жарық көрді. Сөйтіп, Әуезовтің ұлан-ғайыр мұрасының 
барлық сөз қазынасы алфавит ретімен жиілігі, қай кітапта, 
оның қай бетінде, ол беттің қай бөлігінде (әр бет бес бөлікке 
бөлініп көрсетіледі) екендігі туралы мәлімет қолымызға 
тиді. Сонымен қатар «Үлестірімді-алфавиттік жиілік сөздік» 
дегеннің материа лы да компьютерден шығып, дайын тұр. Бірақ 
көлемді материалды жарыққа шығаруға қаржы тапшылығы 
қолбайлау болып отыр.
Жоғарыда айттық, фразеологизм дүниесі – тілдің байлығын 
да, образдылықты да танытатын ерекше элементтер. Олар-
ды жазушы бүкіл шығармашылығында молынан пайдала-
нып отырған, жүздеген фраземаны өзі жасаған. Міне, осы-
ларды есепке алып, жиілік сөздік арқылы көрсету жұмысын 
да жүргізу қажет. Осы жұмыстардан кейін «Әуезов тілінің 
түсіндірме сөздігі» және «Әуезов тіліндегі фразеологизмдердің 
сөздігі» жасалмақшы. Бұл – әрине, өте күрделі, қиын, үлкен 
жұмыс. Бірақ болашақта істелуге тиісті шаруа.
Міне, заманымыздың ұлы жазушысы, дана ойшылы, ірі 
ғалымы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің қазақ әдеби тілі 
тарихындағы еңбегі мен орнына, қаламының тілдік-стильдік 
феноменіне байланысты айтылуға тиісті, айтыла беретін көп 
ойлар мен ұсыныстардың бір парасы ғана осындай.
Тілге қатысты М.Әуезов көрсетіп кеткен жұмыстар мен 
міңдеттердің, ақыл-кеңестердің, ұсыныс-тілектерінің, сын-
сынақтарының баршасына ден қойып, дұрыс ұғынып, солар 
бойынша да әрқилы жұмыс жасасақ, ұлы ұстаз алдындағы 
парызымызды өтей түсер едік дейміз. Енді әрі қарай ұсынып 
отырған кітабымыздың тақырып ыңғайына орай көрсетілген 
міндеттердің бірді-екісіне көңіл аудартамыз.


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет