31
ғын өзімшілдігімен басады. Ол құқ пен құдай заңын жек көріп,
өзін табиғаттың жауы етіп көрсетеді...». [5,103 б]
§4.
Франк мемлекеті
1.Франктер мемлекетінің құрылуы.
2.«Салий ақиқаты» бойынша франктердің шаруашылығы мен
қоғамдық құрылысы.
3.Каролингтер әулетінің билікке келуі.
Франктер мемлекетінің құрылуы
. Франктер б.з. ІІІ ға-
сырда Рим деректерінде көрсетілді. Бұлардың хамавтар, су-
гамбрлар, бативтер деген ежелгі
аталарының Рейннің арғы бе-
тінде мекендегені туралы Тацит та көрсеткен.
Франк
деген
ба-
тыл
,
ерікті
деген сөз мағынасын білдірген. Франктер деп жо-
ғарғы және орта Рейннің жағалауларында орналасқан бірнеше
герман тайпаларынан құралған үлкен тайпалық одақты атаған.
Сонымен бірге Рейннің төменгі ағысымен мекендеген франк-
терді
салийлық
және Рейіннің орта ағысының екі жақ жағалауын
мекендеген франктерді
жағалаулық
немесе
рипуарлық
деп екі
топқа бөлінген.
ІІІ-ІҮ ғғ.франктер Рейн маңынан
қоныстануға жаңа жер-
лер іздеп Римдік Галлияға жиі шабуыл жасады ІҮ ғ.екінші жар-
тысында Токсандрияға қоныстанып империяның федераты ре-
тінде өмір сүрді. Ү ғ.ортасында салийлық франктер өздерінің
иеліктерін рим империясының оңтүстігі мен батыстағы Соммаға
дейін ұлғайтты. Ал, рипуарлық франктер Маас пен Рейн арасын
қоныстанды.
Салийлық франктердің меровей руының көсемі
Хлодвиг
(481-511 жж.) батыс Рим империясы құлағаннан кейін солтүс-
тік-шығыс Галлияны жаулап ала бастады.
Бұл жерді бұрынғы
императордың уәкілі болған римдік шонжар Сиагрий басқарып
отырған еді.
486
ж.Суассонға жақын жерде Сиагрийдің әскерін
жеңген Хлодвиг Сенаға дейінгі жерлерді франктерге бағынды-
рып, содан кейін франктердің иеліктерін Луарға дейін кеңейтті.
Хлодвиг өзінің билігін нығайту үшін
496
жылы өз жасақтары-
32
мен бірге христиан дінін қабылдады. Галло-римдік дін иелері
Хлодвигке Галлияны одан әрі жаулап
алуына қолдау көрсеткен
еді.
Франктер бургундарды бағындырып, Галлиядан вестгот-
тарды ығыстарды. Франктер мемлекетінің тарихының алғашқы
дәуірі Ү ғ.аяғынан ҮІІ ғ .аяғына дейін созылып
Меровингтік дә-
уір
деп аталды.
Хлодвигтің
тұсында
507 жылы Аквитания
, ал оның ми-
расқорлары
514 жылы Бургундияны
,
536 жылы остготтардан
Провансты
тартып алып өзіне қаратты.Тюрингтер мен алеман-
дар, баварлар франктердің жоғарғы өкіметін мойындаса, сакстар
оларға жыл сайын салық төлеп отыруға мәжбүр болды.
Достарыңызбен бөлісу: