137
1519 жылы 20 қырқүйекте
Фернандо Магеллан коман-
дасымен Испания жағасынан бес желкенді кеме жер шарын су-
мен айналып шығу үшін батысқа аттанды. Сол кеменің бірін
Магеллан өзі басқарды. Бұлар
ең алдымен Канар аралдарына
келіп, одан әрі Оңтүстік Американы жағалай жүзіп тұңғыш рет
құрлықтың оңтүстігін айналып, ұлы мұхит айдынына шықты.
Бұл Атлант мұхиты мен Ұлы мұхит арасын байланыстырып тұр-
ған бұғаз кейіннен “ Магеллан бұғазы” атанды. Жаңадан ашыл-
ған ұлы мұхитты Магеллан Тынық Мұхиты деп аталды.
Кортес
1519-1521
ж.әскери экспедициясында Мексиканы
бағындырды. Бұл жерде ацтектер тайпасы мекендеген еді.
1532-
1535
жж. испандық
Писсарро
Бируді немесе Перуді бағындыр-
ды. Бұл елде инктер тайпасы өмір сүрген. 1536 ж.
Чилиді
,
1538ж.
Жаңа Гренаданы
кейін
Колумбияны
, 1549ж.
Аргентина-
ны
басып алады. 1545 ж.
Потозидада
(Боливияда) күмістің бай
қоры ашылды. Осыдан бастап Америка құрлығында күміс пен
алтын өндіру басталды.
Португалияның кемелері де Үнді
мұхитында тонаушы-
лықпен айналысты. Үнді мұхиты жағалаулары мен Моллук ара-
лының халқына шабуыл жасап, олардан салық жинап отырды.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Жаңа жерлерді ашу жалғаса берді. 1567 ж.
Соломон
, 1595 ж.
Маркиз
аралдары ашылды. 1616 ж. голландық
Таутэн де
Горн
Американың оңтүстік бұғазын ашты. Ол
Горн
деп аталды. ХҮІІ ғ.
басында голландықтар
Австралия
жағала-
уына шықты.
Географиялық ашулар
баға реформаларын
жасады. Тауар-
лар түрін көбейтті. Еуропалық ұлттар арасында Азиялық тауар-
ларды және Америкалық асыл тастарды иемденуде бәсекелестік
тудындады. Бұрынғы Жерорта теңізінің орнына
Атлант мұ-
хиты
мен
Солтүстік теңіз
жолының маңызы күшейді. Үстем-
дік жүргізген Италиян саудагерлерінің орнына
португалдықтар
мен
нидерландықтар
және ағылшын саудагерлері келді.
Алтын
мен күміс Еуропаға көп әкелінгені сонша ол құнсызданды. Со-
ның нәтижесінде
тауар бағасы өсті
.