Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Капиталдың алғашқы қорлануы



Pdf көрінісі
бет82/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Капиталдың алғашқы қорлануы
.
Алғашқы қорлану та-
уар өндірісінің дамуы біршама жоғарғы дәрежеде болғанда, 
белгілі бір ақша сомасының жеке адамдардың қолына жиналуы-
нан туындайды. Сонымен бірге капиталдың алғашқы қорлануы 
барлық елдерде шаруалардың жерлерін тартып алудан жинақ-
талды. Мәселен, ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Англияда барлық шендегі феодал-
дар шаруаларды өз жерлерінен қуды, деревняларды тұтасымен 
талқандап, көшіріп жіберді. Ол жерлерде буржуазиялық типтегі 
жеке меншік шаруашылықтарын құрды немесе фермерлерге 
және кәсіпкерлерге жалға берді. Бай көпестер борыштарын қай-
тара алмаған қаланың және селоның ұсақ қолөнершілерін қа-
науға түсірді. Осындай әдістермен белгілі бір адамдардың қо-
лында өндіріс құрал жабдықтарын және жұмысшы күштерін 
сатып алуға қажетті ірі ақша сомалары шоғырланды. Алғашқы 
қорлану және капиталистік қатынастың қалыптасуы қатар жүр-
гізіліп, бір-біріне өз ара ықпал етіп отырды. 
Капиталистік укладтың нығаюына қарай жаңа қоғамдық 
екі тап 
буржуазия
мен 
пролетариат
қалыптасты. Буржуазия-
француз сөзі. Орта ғасырларда қала тұрғындары
 бурга
деп атал-
ды. Бұл ат ақша байлықтары мен өндіріс құралдарына ие болып, 
жалдамалы еңбекті пайдаланатын тапқа қолданыла бастады. 
Пролетариат - ұсақ товар өндірушілердің кедейленген 
тобынан, кедейленген цех шеберлерінен, көмекші шеберлерден, 
қала халқының төменгі топтарынан, шаруалардан құралды. 
Оларды 
плебс 
деп атады. 
Батыс Еуропаның көптеген елдері аумақтық жағынан бірі-
ге бастады. Әрбір елде ортақ тіл, ортақ мәдениет қалыптасты. 
Бұл ұлттардың пайда болуына жағдай жасады. Франция мен 
Англия сияқты елдерде халықтың басым көпшілігі бір ұлттан 
құралды. Бұл құбылыс толық аяқталған жоқ. 
Абсолюттік монархия

Еуропаның біраз елдерінде бас-
қарудың түрі 
абсолюттік
монархияға
көшті. Басқарудың мұн-
дай түрі өтпелі кезеңде қалыптасады. Корольдық абсолютизм-
нің басты тірегі
орта
және 
ұсақ
дворяндар еді. Монархтың 


133 
билігі шексіздік сипат алды. Абсолютизм буржуазияға белгілі 
бір қолдау жасап, меркантилистік саясат ұстап, сауда соғыс-
тарын жүргізіп отырды. Король бюрократиясы білімді бур-
жуазия өкілдерінен қалыптасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет