Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет79/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Еуропа мәдениетінде діннің ролі қандай болды? 
2.Орта ғасырлық университеттер қашан ашылды? 
3.Сәулет өнерінде қандай бағыттар қалыптасты?
 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.
Ерте орта ғасырларда Еуропада білімге үстемдік кімнің 
қолында болды? 
А)Корольдің В)Шіркеудің С)Феодалдардың Д)Мемлекеттің
Е)Халықтың 
2.Еуропадағы ортағасырлық жоғарғы мектептерді қалай атады? 


124 
А)епископтық мектептер В)университеттер С)клириктік 
мектептер Д)институттар Е)колледждер 
3. ІХ-ХІІІ ғғ. Еуропа елдерінде үстемдік еткен екі архитектура-
лық тәсіл: 
А)классикалық,барокко В)
 
романдық,готикалық 
С)модерн,барокко Д)классикалық,романдық
Е)готикалық,барокко 
 
 
 
§ 24. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Византия мәдениеті 
 
1.ХІ-ХІІІ ғғ.Византия мәдениеті. 
2.ХІҮ-ХҮ ғғ.Византия мәдениеті. 
ХІ-ХІІІ ғғ .Византия мәдениеті. 
ХІ ғ. Византия мәде-
ниетінің тарихында Македон әулетінен Комниндер кезеңіне 
өтудегі “
өтпелі кезең
”.Бұл уақытта көптеген атақты Византия 
тарихшыларының қызмет жасаған шығармалары дүниеге келген 
кезең. Солардың арасынан 
Михаил Пселлді
атауға болады. Ол 
тарихшы ретінде Византия тарихнамасында жоғарғы орын 
алатын “
Хронография
” деген шығармасын жазды. «Хронагра-
фия» Византия тарихының 976-1075 жылдар аралығын қамтиды. 
Лев Диаконның “
Тарихын”
жалғастыра отырып, ҮІІ Михаил 
билік құрған кезеңімен аяқталады. Ішкі құрылымы жағынан 
туынды екі бөлімнен тұрады. Оның біріншісі өз кезегінде жетіге 
бөлінеді, сөйтіп
І Исаак Комниннің тарихымен қорытындыланады. Екінші 
бөлім тұтас күйінде ҮІІІ Константин басқарған кезеңдері жазба 
деректерге сүйене отырып жазылған. 
Пселлдің тарихилығы – басқа орта ғасырлық авторлармен 
ұқсас. Ол дүниежүзілік оқиғалардың себеп-салдарын айқындау-
да, көрегендікке алдын-ала құдай шешіп қойды деген бағытты 
жақтайды. Жалпы Пселлдің еңбегі мемуралық сипат алады. 
Оның баяндауының тағы бір ерекшелігі тарихи құбылыс пен 
жеке кейіпкер өзара бірлікте дамиды, өзара тығыз байланысты. 
Пселл қайта өркендеу кезеңінің алдында тұрды. Ол орта ға-
сырлық тақуалықтан гөрі, жеке адамның өмірлік белсенділігін 


125 
қолдады. Уақытты ол ғылымды оқып-үйренудегі прогресс деп 
есептеді. Сондықтан да оның византия тарихнамасында алатын 
орны ерекше. 
М.Пселлдің жолын қуушы, әрі ізбасары 
Иоанн Итал
(1025) Византияның философиялық-діндарлық ой-пікірдің да-
муындағы ерекше тұлға. Ол бірінші болып теологиялық мә-
селелерді сана тұрғысынан түсіндіріп, бедел мен дәстүрге не-
гізделген нанымға сана мен логика принциптерін қарсы қойды. 
Византия тарихнамасында Пселлге ұқсас орын алатын ға-
лымдардың бірі 
Михаил Атталиат
(1030/35-1085/1100). Оның 
өмірі де астанада өтті, сот қызметімен айналысты, сарайға 
жақын топтарға жатты. Оның “
Тарих”
деп аталған шығармасы 
1034 жылдан 1079-80 жылдар аралығын қамтиды. Егер Пселл 
Константинополь қаласы, сарай төңкерістері, билеушілері 
тарихын қарастырса, Атталиат империяның шет аймақтарын-
дағы саяси оқиғалар, шығыс облыстар Каппадокия, Киликия, 
Арменияның ерекшеліктеріне байланысты жазды. Сонымен 
бірге “Тарихта” әскери өнердің стратегия, тактика, қолбасшы-
лық деген салаларына көп көңіл бөлінген. Атталиат еңбегінде 
Византия қоғамының әр түрлі топтары туралы да мәліметтер 
бар. Текті топтарды мадақтаумен қатар, қала тұрғындарына көп 
көңіл бөледі. 
Византияда 
Комниндер әулеті
билеген кезеңде мәдениет
оқу-ағарту, өнер және әдебиет қайта өрлеу жағдайында болды. 
Антикалық мұраға терең қызығушылық қайта жанданды. Бұл 
кезеңде білімділіктің, ғылым мен білімнің орталығы болған 
Константинопольдегі мектептермен қатар әдеби-философиялық 
мектептер құрылды. 
Анна Комниннаның
және 
Ирина Дукенаның
үйірмелерінің атағы шықты. 
Бұл дәуірдің көрнекті туындылардың бірі ХІ-ХІІ ғ.ғ. 
Византияның саяси өмірінің белсенді мүшесі 
Никифор
Вриеннияның
тарихи еңбегі еді. Ол ханшайым Анна 
Комнинаның күйеуі болатын. Никифор Вриенния еңбегіне 

Тарихи материал
” деп ат қойып, бұл еңбекті жазудағы басты 
мақсаты 
1070 
жылдан 
1079 
жылға дейінгі оқиғаларды қарас-
тырып, Алексей Комниннің билік құрған кезеңі мен қызметі 
жайлы мәліметтер беру екендігін айтады. Шығарма ІІ Иоанн 


126 
Комниннің кезінде аяқталды. Туынды құрылымының ерекшелігі 
сол, хронологиялық жағынан емес, география-топографиялық 
принцип бойынша құрылғандығында. Әскери жорықтар өте 
қызғылықты түрде толық баяндалған. Алексей Комниннің жас-
тық кезіне тоқталып, оны көрікті, текті, даңқты деп сипаттап, 
батырлық бейнесін жасаған . 
Алексей Комнинге арналған, оның қызы 
Анна
Комнина-
ның
(1083-1155) «
Алексиада
» деп аталатынүлкен туындысы бар. 
Шығарма 14 жасар Алексейдің ІҮ Роман кезінде жасаған қыз-
метімен басталып 1118 жылғы оның өлімімен аяқталады. Жалпы 
алғанда Анна Комнина Византия тарихнамасында және әдебиет 
тарихында айрықша орын алады. Оның білімділігі, саясатшы 
ретіндегі белсенділігі, мәліметтерінің дәлдігі Анна Комнинаның 
шығармасын Византия тарихы ой-пікірінің атақты ескерткіш-
терінің бірі етеді.
Осы кезеңде Византия тарихнамасында мемуарлық сипат-
тағы тарихи шығармалар да болды. 
Евстафий Солунский 
1185 ж 
.нормандардың Солуниді жаулап алуы туралы еңбегі осы 
бағытта жазылған. Ал, Никита Хониат осы бағыттағы дәстүрді 
одан әрі жалғастырып, І Иоанн Мануил және Андронник Ком-
ниндердің, Ангелдер әулетінің билік құрған кезеңінің оқиға-
ларын баяндаған. Кресшілердің Византияға жорығын, Констан-
тинопольдің құлауын баяндаған. Оның «
Ромейлер
тарихы»
І - Ү 
крест жорықтары туралы, кресшілердің Константинопольді 
алуы туралы құнды деректерге толы тарихи еңбек қана емес, 
сондай-ақ өте тартымды әдеби шығарма. 
ХІІ ғасырда Византияда антикалық романның ескі әдеби 
жанры қайта өмірге келді. Бұл жандану көрнекті ақын 
Феодор 
Продромның
(1100-1170 ) атымен байланысты. Оның «
Ката-
миомахия
»(Мысықтар мен тышқандар соғысы) деген сати-
расында сол кездегі қоғамның кемшіліктері күлкі-мазақ етіледі. 
Роман жанрына сондай-ақ 
Евматий Макреволиттың
«Исминий
 
мен Исмина » деген прозаикалық повесі
Никита 
Евгенианның
«Дросилла мен Харикл», 
Константин Манассидің 
«
Аристандр мен
 
Каллитея » деген өлеңмен жазылған романдары 
жатады. 


127 
Орта ғасырдың мәдениет тарихында Византия өнері көр-
некті орын алады. Византиялық шеберлер эллинистік өнер мен 
империяны мекендеген халықтар өнерін қабылдай отырып, осы-
лардың негізінен өздеріне тән көркем стилін жасады. Византия-
да бейнелеу өнерінде басым түр қабырғаға салынған мозаика 
мен фреска болды. ХІ-ХІІ ғасырларда Византия бейнелеу өне-
рінде құрғақ сызық, шартты салтанатты стилендіру орын алды. 
Әулиелердің бейнелері тым қатыгез аскеттік бейнеде салынып, 
тым қоңырқай бояулармен боялды. ХІІ ғ.кірпіштен салынған 
оюлар Грекияда, Болгарияда, Сербияда кеңінен тарады. ХІ-
ХІІ ғғ.византияның шеберлері Венециядағы әулие Марк со-
борын әшекейледі, Сербиядағы храмдарды безендіруге қатысты. 
Бұл кезеңдегі мәдениет ақсүйектік сипат алды. Византия уни-
верситеті қалпына келтірілді. Оның философия және заң фа-
культеттері болды. Осы кезеңде шіркеу философия пәндеріне 
бақылауды күшейте түсті. Сонымен бірге діни мектептер сақ-
талып, оларла дін ілімі оқытылды. Кітап минатюрасы дамыды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет