Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет76/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.ХІ-ХІІ ғғ.Италияның даму ерекшелігі қандай еді? 
2.Қалалардың басқару жүйелерін салыстырыңыз? 
3.Дольчино көтерілісінің себебі қандай? 
4.Тираниялық басқаруды түсіндіріңіз? 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.ХІІ ғасырда Оңтүстік Италия мен Сицилия қандай король-
дікке бірікті? 
А) Медичи корольдігі В) Болонья корольдігі С) Сицилия ко-
рольдігі 
Д) Лоренцо коорольдігі Е) Дольчино корольдігі 
2.Дольчино көтерілісінің себебі қандай? 
А) Феодалдық рентаның мөлшері ұлғайып,қанаудың күшеюі
В) Жер мәселесі 
С) Жалақы мөлшері Д) Биліктің дұрыс болмауы С) Жеке мен-
шіктің орнауы 
 
 
§ 23. ІҮ-ХҮ ғғ. Батыс Еуропаның ортағасырлық 
мәдениеті 
 
1.Орта ғасырлық мәдениеттегі діннің рөлі . 
2.Орта ғасырлық мектептер мен университеттер. 
3.Орта ғасырлық сәулет өнері, мүсін, бейнелеу. 
Орта ғасырлық мәдениеттегі діннің рөлі.
 
Ежелгі дәуір-
ден орта ғасырға өту жалпы мәдениеттің құлдырауымен бірге 
жүрді. Жаңа қоғам өз мәдениетін, басқа салаларымен қатар 
жасауға мәжбүр болды. Ерте антикалық мәдениеттің жойы-
луына Еуропа елдеріндегі саяси, экономикалық құлдырау да өз 
әсерін тигізді. 
ІҮ ғ. мемлекеттік дінге айналған 
христиан
дінінің маңызы 
артты. 
Діни-шіркеулік идеология
орта ғасырлық мәдениетпен 
тығыз байланыста болып, оның ықпалы-
ғылымда

мектепте



120 
әдебиетте,
өнерде
жүрді. Сөйтіп, шіркеу орта ғасырлық қоғам-
да шешуші маңыз алып, үлкен саяси күшке айналды. Себебі, 
шіркеу барлық Еуропалық елдерде ірі жер иеленуші еді. Діни 
ақсүйектер өз қатарларынан король кеңесшілерін, сарай басшы-
ларын, мемлекеттік хатшыны және т.б.мемлекеттік ұйымдарға 
қызметшілер тағайындап отырды. Шіркеудің қоғамдағы идео-
логиялық құрал ретіндегі маңызы күшейді. Орта ғасырлық дү-
ниетаным негізі діни 
аскетизм 
болды. Оның мәні: жер бетіндегі 
өмір мен адамның өмірі күнә мен қайырымсыздықтың қосын-
дысы. Сондықтан дінге сенуші адамның міндеті бірітіндеп өзін 
жер бетіндегі күнәдан тазартып, о дүниеге өтуге дайындық жүр-
гізу болып табылады. О дүниеге өтуге дайындықтың ең жоғарғы 
ерлігі-адам 
қоғамнан бас тартып

шіркеуге кету
болып есеп-
телді. 
Дегенменде шіркеуідің ықпалы орта ғасырлық дүние 
танымда біркелкі болған жоқ. Орта ғасырдың ерте дәуірінде 
яғни ХІ ғ. екінші жартысына дейін халық арасында 
білімді
жалғыз топ 
дін иелері
болғандықтан, олар бүкіл білімнің билігін 
қолына алып, қоғамның барлық өмірін өз ықпалына бағын-
дырды. Антикалық дәуірдің философиясын католиктік діни сөз-
дермен ауыстырып, құқық пен адамгершілікті дін тұрғысынан 
уағыздалды. Бүкіл оқу саласы мен мектептер шіркеу билігінде 
болды. 
Әдебиет
«әулиелердің өмірін» жазуға, библия мен еван-
гелиядағы аңыздар тақырыбына өлеңдер, қысқа діни әңгімелер 
шығаруға, діни өсиет сөздерді құруға айналып кетсе
тарих
-
құдай жолын ұстанғандарды мадақтаған монастырлар шежіресін 
жазумен шектелді. 
ХІІ-ХІІІ ғғ. шіркеу қоғамдағы идеологиялық үстемдікті 
ұстап, кейбір салада өзінің маңыздылығын күшейткенмен 
шір-
кеуге қарсы мәдениет те
біртіндеп Еуропа елдерінде дами 
бастады. Антифеодалдық, реализм тұрғысынан қалалық, бюр-
герлік әдебиетт қалыптасты. Бұл әдебиет діни ақсүйектерге қар-
сы бағытталып, қоғамның шіркеулік идеологиядан арылуына 
бірте-бірте жол ашты. Ал, ХІҮ-ХҮІ ғғ. Еуропада 
қайта өр-
кендеу
немесе г
уманизм деп аталған 
жаңа мәдениет, жоғарғы 
қарқынмен дамыды. 


121 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет