Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет72/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Кастилия корольдігі
.
Кастилия 
мен 
Арагон 
Пиреней тү-
бегіндегі негізгі елдер болатын. Бұл екі ел бірігіп бір елге ай-
налды. Әсіресе Кастилия елдің бестен үш бөлігін иемденіп, кас-
тил тілінің негізін қалады. Жауынгер Кастилия дворяндары ел 
ішінде беделді болды. Көптеген дворяндар король төңірегіне 
топтасты. Шіркеудің де Кастилия жерінде беделі болды. 
Кастилияда көптеген қалалар реконкистік қозғалыстың ұйыт-
қысы болды. Олар маврларға қарсы өзара әскери одақ 
эрмандад 


114 
құрды. Кастилия шаруалары феодалдық тәуелділіктен ерте 
босап, ерікті қауым түрінде
 бегетрилер
өмір сүрді. 
Кастилия қалалары мен деревниялары бірігіп, жалпы әлеу-
меттік өкілдер жиыны 
кортес 
құрды. 
Испания кортесі (пар-
ламент) 1188
ж. Еуропа мемлекеттерінің арасында алғашқы 
өкілдер жиыны болды. 
1137
ж. екінші жартысында король 
Х Альфонс (1252-
1284
) заңдар жинағын шығарды. Ол Рим заң жинағының не-
гізінде жазылды. Х Альфонс кезінде король өкіметі едәуір ны-
ғайды. 
Арагон корольдігі.
Арагон корольдігі Пиреней түбегіндегі 
кіші мемлекет болғанмен, оның Жерорта теңізінде 
Сицилия,
Сардиния,
Неаполитандық
корольдігі, 
Балеар
аралы сияқты 
иеліктері болып үлкен теңіз мемлекетіне айналғанымен, король 
өкіметі әлсіз болды. Қалаларының нашар дамуына байланысты 
Арагон дворяндары король билігіне бағынбады. Арагон кортес-
тері король билігіне бақылау жүргізіп отырды. 
Шыққан тегі жағынан және тілдерінің ұқсастығымен тұтас 
халықтардың феодалдары өзара бірігуді жүргізді. Бұл бірігу 
неке қиысу арқылы жүргізілді. Кастилия ханшайымы 
Изабелла
1469
ж.Арагон ханзадасы 
Фердинадқа
күйеуге шықты. 1474ж. 
Изабелла Кастилия королевасы, ал Фердинад 1479 ж. Арагон 
королі болды. Біріккен екі ел өздерінің кортестері мен дәстүр-
лерін жеке жүргізгенмен бірігудің алғы шарттарын жасады. Екі 
елдің де король билігі күшейтілді. 1492 ж. Гранада Испанияға 
қосып алынды. 
1512 
ж. Наварра қосылды.Сөйтіп Португалиядан 
басқа Испания бірікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет