139
тарға
Кельн
,
Вормс
-батыста, оңтүстікте –
Аугсбург,
Нюрнберг
,
Ульм
қалалары жатты. Өндірістерде негізінен цехтық ұйым
жүйесі басым болғанымен,
тау-кен
,
жеңіл
өнеркәсіптерде
ману-
фактуралық
өндіріс тәсілін қолданды. ХҮ ғ. мен ХҮІ ғ.басында
Германия халықаралық сауда қатынасында үлкен
беделге ие
болды. Ол
Италия
,
Франция,
Нидерланды,
Англия,
Польша,
Ресей
елдерімен жақсы сауда қатынастарын жасады.
ХҮ ғ.екінші жартысымен ХҮІ ғ.
географиялық ашылулар
әлемдік сауда жолдарының бағытын өзгертті. Еуропа елдері
үшін басты сауда жолы болған Жерорта теңізінің маңызы тө-
мендеп, оның орнына жаңа бағыт Атлантика мен Солтүстік
теңіздің маңызы күшейді. Бұл
жағдай Германияда экономика-
лық құлдырауға әкелді. Капиталистік өндірістің дамуы тежелді,
ішкі сауда қатынасы баяулады, ауылшаруашылық өнімдерінің
тек сыртқы саудаға шығатындары ғана дамыды.
Еуропаның ірі елдерінде сауда мен өнеркәсіптің дамуы
елдің
саяси бірігуіне әкелсе, Германияда жергілікті орталық-
тардың төңірегіндегі (кнәздіктер, графтықтар) мүделер елдегі
бытаңқылықты
күшейтті. ХІІ ғ. бастап ішкі ыдырау жолына
түскен Германия империясы ХҮІ ғ.қарсаңында
дербес өзара
байланыстары жоқ бытыраңқы аймақ күйінде қалды. Дербес
бірлестіктердің арасында өзара талас-тартыс бәсекелестік орын
алды. Жергілікті жерлердегі билеуші кнәздер биліктерін күшей-
тіп, ақшаларын шығарып,
алым - салықтарды иемденіп, сот іс-
терін өздері басқарды. Сөйтіп елдің бытраңқылығы экономи-
каның құлдырауына әкеліп соқтырды. Неміс саудагерлері мен
кәсіпкерлері мемлекеттің көмегі мен қолдауынан айрылған еді.
Католиктік шіркеу Германияда
басқа Еуропа елдерімен
салыстырғанда ерекше артықшылық жағдайға ие болды. ХҮІғ.
басында жиырмашақты германдық
прелаттар
яғни
архиепис-
коптар
,
епископтар
, ірі шіркеулердің
аббаттары
жергілікті
империялық кнәздықтарды биледі. Рим папасы Германиядан
үлкен пайда тапты. Ол пайданы шіркеудің жерінен түскен са-
лықтан, діни басшылық орындарды сатудан түсіріп отырды. Ірі
германдық кнәздер мен рыцарлар
шіркеу жерлерін тәркілеуді
армандады. Арзан шіркеуді мақсат еткен қалалықтар Рим папа-
сына ауыр салықты төлеуден бас тартуды уағыздады. Шаруалар
140
шіркеу басшыларына өздерінен ауыр салықтарды жинаушылар
ретінде қарап жек көрді. Германиядағы шіркеу мәселесі жалпы
ұлттық
деңгейге көтерілді. Елдің қоғамдық өмірін жаңа идея-
лық жағынан даярлауда
гуманистік
қозғалыстың
маңызы зор
еді. ХҮІІ ғ. екінші жартысынан бастап, Германия жерлерінде де
Италиядағы гуманистердің үлгісі бойынша антика заманындағы
шығармаларды оқып үйренетін үйірмелер құрыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: