172
Дворяндар
- мұрагерлік
артықшылықтарды пайдаланған
жер иеленуші ақсүйектердің әлеуметтік тобы. Капиталистік қа-
тынастардың даму барысында дворяндардың басым көпшілігіи
«жаңа дворяндарға» айналып буржуазия
табының негізін қа-
лады.
Димдер
- гректің «демос»-халық деген сөзінен алынған.
Византиядағы қалалардың ерікті азаматтарының ұйымдары.
Олар шаруашылық, саяси және әскери міндеттерді атқарды.
Домен
(француздың «иелену» деген сөзінен шыққан ) –
Батыс Еуропадағы феодалдық иеліктің (поместьенің)
тікелей
феодалға тиісті бөлігі. Онда феодал тәуелді шаруалар мен жер,
мал-мүлкі жоқ адамардың еңбегін пайдаланған.
Донатистер
– ІҮ-Ү ғасырларда Римдік Африкада «шір-
кеудің тазалығын» жақтаған күпірлік ілім. Олар шіркеуді пен-
делік жаманшылықтан
тазартуды, күнәсі
барларды қайта шо-
қындыруды ұсынды және мемлекеттің шіркеуі ісіне араласуына
қарсы шықты. Бұл ілімнің негізін епископ Донат салған.
Епископ –
христиан дініндегі шіркеу округының башы-
сына берілетін жоғарғы атақ.
Жакерия –
Франциядағы феодализмге қарсы бағытталған
1358 жылғы шаруалар көтерілісі. Француз шаруасын «жак» деп
атаған. Жакерия деген ат осыдан шыққан.
Зилоттар көтерілісі
- ашулы, өрекпе деген мағынаны біл-
діреді. 1442-49 жылдары Солуни қаласында (Византияда) бол-
ған қала тұрғындарының көтерілісі.
Иезуиттер –
католик сопыларының ордені. Оны 1534
жылы Парижде ықпалы католиктік сопылар құрған. Орденнің
мүшелері қоғамдық өмірге белсенді араласып отырды. Тыңшы-
лық жасау, пара беру, сатып алу, өсек тарату, жала жабу әрекет-
тер арқылы беделді адамдарды католик дінінің мүддесіне пай-
даланып отырды.
Индульгенция
(латынның «кешірімділік», «мейірімді-
лік» деген сөзінен шыққан) - папаға
немесе шіркеуге сіңірген
еңбегі үшін католик шірекеуінің Рим папасының атынан беріп
отыратын күнәні кешіретін куәлік.
Инквизиция
(латынның «тергеу» деген сөзінен шыққан)-
рим папасының ХІІІ ғасырда күпірлермен күрес үшін
құрған
173
арнаулы соты. Ол католик шіркеуінің өзіне қарсы пікір біл-
діруші
адамдарды, әсіресе озық ойлы оқымыстыларды жазалау
мекемесі болды.
Каролингтер-
Франк
мемлекетіндегі корольдердің, кейі-
нірек-императолардың әулеті. Карл Мартелл мен Ұлы Карлдың
(768-814 ) атынан шыққан деген тұжырым бар.Әулет 751 жылы
Меровингтердің орнына келіп, Х ғасырда биліктен айырылды.
Достарыңызбен бөлісу: