Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Вандализм- мәдениетті, рухани байлықты хайуандық жол- мен құрту.  Варварлар



Pdf көрінісі
бет108/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Вандализм-
мәдениетті, рухани байлықты хайуандық жол-
мен құрту. 
Варварлар 
- гректің «жат жерлік адам» деген сөзінен 
шыққан – гректер мен римдіктер осылай атаған германдықтар 
шапқыншылығы батыс Рим империясын жойды. 
Ватикан
(латынның «төбе », «қырқа» деген сөзінен шық-
қан)–Рим қаласының ішіндегі діни мемлекет–қала, Рим папа-
сының мекені. 
Византий
–Босфор бұғазының Еуропа жағалауына орна-
ласқан ежелгі елді мекені. 324 жылы император Константин ас-
тананы Римнен осында көшірді. 330 жылдан бастап жаңа астана 
Константинополь деп аталды. 1453 жылы түріктер жаулап алған 
соң, қала Стамбұл деп атала бастады. 
Византия 
– 395-1453 жылдар аралығында өмір сүрген құл 
иеленуші, кейінірек – феодалдық мемлекет. Орта ғасырларда 
ресми түрде «Ромейлер империясы» деп аталған. 
Вилландар–
феодалдық тәуелділіктегі шаруалар. Англияда 
олар басыбайлықта
болды, ал Францияда, Германияда, Италияда 
вилландар жер иелену кезінде тәуелді болғанымен, жеке бас 
бостандықтар болды. 
Габсбургтер –
1516-1700 жылдары Австрияда, Чехия мен 
Венгрияда, Испания мен оның иеліктерінде билік құрған әулет. 
1438-1806 жылдардағы «қасиетті Рим империясының» импера-
торлары. 
Гайдуктер 
– түріктер үстемдігіне (ХҮ-ХІХ ғ.) қарсы қа-
рулы күреске қатысушы болгар, серб халықтары. 
Герцог
– Батыс Еуропада корольден кейінгі баспалдақта 
тұрған ірі аймақ иесі. Тайпалық кнәздерден қалыптасты.
 
Гильдиялар- 
(немістің
 
«бірлестік» деген сөзінен шық-
қан) көпестер бірлестігі. Англияда қолөнершілер бірлестігі-цех-
тар да солай аталды. 
Готика 
– («гот» деген герман тайпасының атынан шық-
қан) –ХІІ ғасырда Францияда қалыптасып,
 
кейінгі орта ғасыр-
ларда бүкіл Батыс Еуропаға тараған көркемдік, негізінен сәулет 
өнер стилі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет