Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Отыз жылдық соғыстың Чехия кезеңі



Pdf көрінісі
бет104/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Отыз жылдық соғыстың Чехия кезеңі
. 1526
жылы 
Чехия
тағы да империяның құрамына енгізіліп Габсбургтер әу-
летінің мұрагерлік жері болып есептелінді. Чехтардың авто-
номиясы сақталады деп уәде берілгенімен, іс жүінде 
Габсбургтер берген уәдесін орындаған жоқ. 1547 жылғы чех 
сеймінің оппозициялық қозғалысынан кейін оның құқығы тіптен 
төмендетіліп, бұл жағдай 
1609 
жылғы көтерілісті тудырды. 
Прага қаласында чех дворяндары қалалықтардың қолдауымен 
уақытша үкімет пен әскери ерктілер тобын құрды. Сейм егер ІІ 
Рудольф чехтардың саяси және діни құқығын мойындамаса, оны 


166 
Чехияның королі деп мойындамайтындарын жариялады. Бүған 
жауап ретінде осы жылдың 9 шілдесінде ІІ Рудольф «
мәртебелі 
грамотасын
» жариялап: онда чехтарға өз дәстүрлері бойынша 
құдайға құлшылық жасауға, протестанттық шіркеу, мектептер 
салуға рұқсат беруге мәжбүр болды. Алайда Габсбургтердің 
мұндай жеңілдіктері ұзаққа бармады. Король Матвей 1617 ж. 
жазында чех тәжін өзінің мұрагері принц 
Фердинанд 
Штирийскийге
берді. Бұл жағдай Чехияда Габсбургтерге қарсы 
наразылықты қайтадан күшейтіп, 30 жылдық соғыстың 
Чехтық 
кезеңіне
ұласты. 
Алғашқыда чехтардың көтерілісі сәтті болғанымен өз ара 
алауыздықтар туындады, мұны қарсыластары жақсы пайда-
ланды. 1620 ж.8 қарашада католиктік лиганың әскерлері 
Чехияға еніп, жеңіске жетеді. 1627 ж.католиктік шіркеудің үс-
темдігі толық орнады. Неміс тілі, мемлекеттік тіл болып жа-
рияланды. Неміс шенеуніктері барлық басқару жүйелерінде ор-
наластырып, Чех жерлері тәркіленді. Сөйтіп 
Чехия 
көп жылға 
дейін неміс провинциясына айналды. 
Ішкі герман мәселелері яғни император мен кнәздер
католиктер мен протестанттар, Габсбургтер мен Чехия ара-
сындағы қарама-қайшылықтар халықаралық қатынасты шиеле-
ністіріп жіберді. Германияға қарсы Батыс Еуропаның елдерінің 
одағы құрылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет