Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет33/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Кордова халифаты қашан құрылды? 
2.Арабтар Пиренейдің дамуына қандай үлес қосты? 
3.Қандай мемлекеттер құрылды? 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.
 Кордова халифаты қай жылы құрылды? 
А) 910 жылы В) 929 жылы С) 932жылы Д) 936 жылы
Е) 1120 жылы 
2.Кордова қаласында қанша тұрғын болған? 
А) 200 мың В) 500 мың С) 300 мың Д) 400 мың Е) 600 мың 
 
 
§8. Ү-ХІ ғғ. Англия 
 
1. Ү-ҮІІ ғғ.Англосаксон корольдіктері. 
2. Ұлы Альфред кезіндегі Англия. 
3. Х-ХІ ғғ.Англия. 
Ү-ҮІІғғ. Англосаксон корольдіктері
. Үғ. басында Рим ле-
гиондары Британиядан кеткеннен кейін Ү ғ.ортасынан бастап 
(449ж .шамамен ) әртүрлі солтүстік – батыс герман тайпалары 


53 
англдар, сакстер, юттар мекендей бастады. Қоныс аудару бөлік-
бөлік болып ҮІғ екінші жартысына дейін жалғасты. Осы англо-
саксондардың жаулап алуының нәтижесінде Британия жерінде 
ондаған кішігірім германдық корольдіктер құрылды. Корольдік-
тер тек қиыр – 
батыс Уэльс
пен 
Корнуэлда
және қиыр-солтүстік 
Шотландияда
ғана құрылған жоқ. Себебі бұл өңірлерде 
кельттер
корольдіктері болған еді. ҮІІ ғ. басында англосаксон-
дық корольдіктер өзара бірігіп 7 ірі корольдікке айналды. Тү-
бектің оңтүстігінде сакстердің 3 корольдігі-
Уэссекс

Сессекс

Эссекс 
( батыс, оңтүстік шығыс сакстар) құрылды. Англдар ме-
кендеген орталық пен солтүстік-шығыста 
Мерсия

Нортумбрия 
және 
Шығыс Англия
корольдіктері құрылды.
Ү-ҮІ ғғ аралдың қиыр оңтүстік-шығысында Темзаның тө-
менгі ағысымен үстірттің, яғни шешуші территорияны ием-
денген готтар өздерінің кішігірім 
Кент 
корольдігін құрды. Ү ғ. 
басы және ҮІІІ ғ.бірінші жартысына дейін солтүстік король-
діктер Нортумбрия мен Мерсия аралда шешуші рөл атқарды. Ал 
ҮІІІ ғ.ортасынан бастап орталығы Винчестер қаласы болған оң-
түстік корольдік 
Уэссекс 
маңызды орын атқара бастады. 
Уэссекс корольдері алғашқы кезде оңтүстіктегі Сессекс, Эссекс 
және Кент корольдіктерін бағындырып, ІХ ғ басында Мерсия 
мен Нортумбрияны бағындырды. Ал шығыс англ корольдігі ал-
ғашқыда Нортумбрияға кейін Мерсияға бағынған еді. 
Британия аралында билік ІХ ғ.басында Уэссекс король-
дігіне өткеннен соң оның королі 
Экберт

802-839 жж.)
шама-
мен 
829
жылы бүкіл англосаксондық корольдіктерді өзіне ба-
ғындырып, ерте феодалдық мемлекет құрды. Алайда бұл мем-
лекетке алғашқы күннен бастап даттарға қарсы күресуге тура 
келді. 
Даттар\ 
немесе оларды дандар деп те атаған ІХ ғ. 
Скандинавиядан келіп Шотланд аралында өздерінің күшті ко-
рольдігін құрған еді. Бұлардың қатарында 
норвегтер 
де болды. 
Жалпы олардың шабуылы ҮІІІ-ХІ ғғ.ортасына дейін 300 жылға 
созылып, көпшілігі солтүстік шығыс Англияға мекен құрды. 
838
жылғы шабуылына 
Экберт
тойтарыс бергенімен 842 жылы олар 
қайта шабуыл жасап, Лондонды өртеп жіберді. Ал 
866
жылы 
бүкіл солтүстік шығыс жағалауды басып алды. 


54 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет