56
англосаксондықтардың
қолында, ал
солтүстік-шығыс
даттық-
тардың
қолында қалды. Даттықтарға қарсы көптеген бекіністер
бургтер
салынды. Сонымен бірге
Ұлы
Альфред
Англияда тұн-
ғыш рет халықтан салық жинауға көшті. Бұл салық халық ара-
сында «
дат ақшасы»
деп аталды. Себебі жиналған салық дат-
тарға қарсы күреске пайданылды.
Франктер королі Ұлы Карл
сияқты Альфред те білімді
қолдап отырған. Ол латын тілін жақсы білген және бірнеше ла-
тын авторларын англосаксондық тілге аударған. Корольдің бұй-
рығы бойынша жүйелі түрде маңызды мемлекеттік істер жа-
зылып отырған. Оның қолдауымен білімді клириктерді дайын-
дау үшін епископтық кафедраларда мектептер ашылды.
Винчестрдегі Ұлы Альфредтің ескерткіші
Альфредтің
бұйрығы бо-
йынша Кенттің, Уэссекстің және
Мерсияның көне заңдар жинақ-
тары жинастырылып,
сонымен
бірге жаңадан «
Альфред ақиқа-
ты
» деп аталатын заңдар жина-
ғын жазып қалдырған. Бірақ бұл
заңдар жинағы қай жылдары жа-
зылғандығы туралы дерек жоқ.
Англосаксондар
қоғамында
даттар шапқыншылығы кезінде де
корольдің грамоталарымен ақсү-
йектер мен шіркеулік жер иелік-
тері көбейе түсті. Сөйтіп елде
жаңа меншік түрі бокленд нығая
түсті. Оларға әр түрлі жеңілдіктер
берілді.
Король ірі жер иелеріне
көрші тұрғындарды соттауға және олардан соттық салықтарды
жинауға рұқсат берді. Бұл жеке сот
соко
деп, ал осы соттарға
шағым түсірген
шаруалар
сокмен
деп аталды. Өздерінің ие-
ліктерін
манорлар
деп атады.