59
Гуго Капетингті
король
етіп тағайындады. Ол Франция тари-
хындағы Капетингтер әулетінің негізін қалады.
Алғашқы Капетингтер үкіметі өте әлсіз болатын. Х-ХІ ғғ.
Франция Батыс Еуропадағы ең
бытыраңқы
ел еді. Корольден
гөрі ірі феодалдардың билігі өз аймақтарында күшті болатын.
Феодалдардың
өзара қырқысулары, шіркеудің, қалалардың
Капетингтерді қолдауы бұл әулеттің корольдік дәрежені өз
қолдарынан шығармай мұрагерлікке қалдырып отыруға мүмкін-
дік берді. Король өзінің мирастық иелігі Париж бен Орлеан қа-
лалары
орналасқан
Иль-де-Франс
герцогтығында ғана билік
жүргізді. Ал басқа иеліктер корольге бағынбады. Король
Парижден Орлеанға бару үшін қасына үлкен жасақ ертіп жүруге
мәжбүр болды. Үкіметтің мирастығын сақтау үшін Капетингтер
Х-ХІ ғғ. корольдікті әкесінің тірі кезінде баласына тапсырып
отырды. Х ғ. Гасконь, Бретань, Нормандия
өз алдына тәуелсіз
болды. Корольге бағынған Фландрия мен Шампаньнің графта-
рының билігі одан күшті еді.
Х ғ. германдықтар мен галлоримдіктердің бірігуі жері жа-
қын туыс, тілі ұқсас феодалдық халықтардың: солтүстік фран-
цуздар мен провансальдықтардың қалыптасуымен аяқталады.
Бұлардың шекаралары
Луара
өзенінің оңтүстік жағалауымен
шектесті. Бұл екі халық болашақ француз халқының негізін қа-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: