Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет45/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
«Рыцарь» деген атау нені білдірген?
А)Ақсүйек В)Феодалдың баласы С)Патша баласы
Д)Атты әскер Е) Жаяу әскер 
2.
Феодалдық иерархияның соңғы сатысын қандай топ құрады? 
А)Аббаттар В)Барондар С)Епископтар Д)Рыцарлар
Е)Графтар

3
 Германияда Саксон әулеті қай жылы билік басына келді? 
А)830 ж. В)950 ж. С)919 ж. Д)1011 ж Е)1200 ж 
4.
951ж.
 
Италияға
 
қарсы
 
жорыққа
 
аттанған
 
неміс
 
билеушісі кім? 
А)Генрих В)Оттон І С)Людовиг Д)Оттон ІІ Е)Конрад І 
§12. Еуропаның христиандануы 
1.Рим империясының христиандануы 
2.Варвалардың христиан дінін қабылдауы. 
313
ж. император Константин 
Милан 
эдиктісін жариялап, 
христиан дінін қабылдауға еркіндік берілді. 
325
ж. Никей қа-
ласында өткен әлемдік жиында христиан дінінің 
негізгі
қағида-
лары
бекітілді. Бұл қағидалар «құдайдың үштігі жайында» еді. 
Құдай-шіркеу ілімі бойынша жалғыз және ол үш жақтан «
әке 
құдайдан
», «
бала құдайдан
», «
қасиетті рух құдайдан
» тұрады. 
Император Константин тек 337 ж. ғана христиан дінін қабыл-


69 
дады. 
381
жылы христиан діні 
мемлекеттік дін
деп жария-
ланды. Бұл оқиғаның Рим тарихында зор маңызы бар еді. 
Империяның құрамында жаңа қуатты қоғамдық ұйым 
пайда болды. Бұл ұйымның өзіндік сатылы басқару жүйесі, жер 
иеленуі қалыптасты. Олардың ішінде 
Рим

Александрия

Константинополь

Антиохия
және 
Иерусалим
епископтары-
патриарх
деген атқа ие болды. Рим епископы христиан шір-
кеуінің барлық басшыларының ішінде бірінші деген дәрежеге 
жетті. Ол ІҮ ғ. аяғы мен Ү ғ.басында «
папа»
(грекше pappas 
«
әке
»,яғни шіркеудің 
басшысы
) деп аталудың ерекше құқығына 
ие болып, біртіндеп бүкіл батыстың барлық епископтарының үс-
тінен қарайтын билікке жетті. Папа өзін жер бетіндегі 
«
Христостың өкілі
»деп жариялады. Патриархтарға 
митропо-
литтер
мен 
архиепископтар
бағынды, ал оларға қатардағы 
епископта
р, жекелеген шіркеулік округтардың–епархияның 
басшылары қарады. Жергілікті жерлердегі қауым мен оның 
басшысы 
пресвитерлер 
епархияға бағынды. Шіркеу мемлекеттік 
діни ұйым болып бүкіл империя аумағында үстемдік етті. Сон-
дықтанда өзін «
католиктік-әлемдік
» деп атады. Оған бағын-
баған әр түрлі секталар мен топтар 
күпірлер 
деп шіркеу тара-
пынан қудалауға түсті. 
Антикалық қоғамның дағдарысы әлеуметтік қарсылық-
тардан да көрінді. Мәселен ІҮ ғ.басында Александрия және им-
перияның басқа қалаларында 
ариандар 
(александриялық дін 
басы Ариийдің атымен аталған) деп аталатын діни ілім тарады. 
Бұл ілім бойынша Христостың бойында христиан шіркеуі айт-
қандай 
құдайлық 
және 
адамдық табиғат
біріккен емес, Христос 
құдай-әкеге тең емес, оны құдай әке жаратқан сондықтанда 
Христос
құдай әкеден төмен
деп санай отырып, құдайдың 
үшеулігі жайындағы ресми діни уағызға қарсы шықты. 
Ү ғ.империяның шығыс провинцияларында « 
монофизит-
тік
» ілім тарады. Ол ілім құдайдың «
дара табиғаты
»туралы 
ілім. Бұл ілім тек құдайлық негізді, құдайлық мәнді ғана 
мойындайды, құдайдағы 
адамдық табиғатты
жоққа шыға-
рады. Монофизиттер, ариандар секілді, ресми дін іліміне қарсы 
шығып, дін басыларынан сән-салтанат пен байлықтан бас тар-
туды талап етті. 


70 
ІҮ ғ. Солтүстік Африкада 
донатистер 
(епископ Донаттың 
жақтастары) қозғалысы болды. Олар 
шіркеуді пенделік 
жаманшылықтан тазартуды
, күнәсі барларды қайта шоқын-
дыруды ұсынды. Мемлекеттің шіркеу ісіне араласуына қарсы 
шықты. Донатистерді әр түрлі әлеуметтік топ өкілдері қолдады. 
ІҮ ғ. ортасында донатистерден 
агонистік
(күресушілер) ағым бө-
лініп шықты. Олар бұл әлемді дұрыс емес деп қабылдап, одан 
тақуалық арқылы кетуді ойлады немесе католиктік дін басы-
ларын және салық жинаушыларды қуу қажеттігін айтып, кө-
терілістерге шықты. 
Ү ғ. Солтүстік-батыс Галлияны қамтыған 
багаудтар
(кельттің 
бага
– күрес деген сөзінен алынған ) көтерілісі болды. 
Бұл көтеріліс Солтүстік-Шығыс Испанияға таралды. Көтеріліс-
шілер мемлекетке де, латифундистерге де қарсы шықты. Оның 
құрамында ұсақ жер иелері, жерді жалға алушылар, құлдар бол-
ды. Сонымен, доминат дәуіріндегі ілімдер мен халық көтері-
лістері римдік қоғамның негізінің шайқалуына өз үлестерін 
қосты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет