82
есебінен өмір сүрді. Еуропаға барғаннан кейін әсіресе там-
плиерлер өсімқорлықпен айналысып көп пайда түсірді.
Екінші және үшінші крест жорықтары.
Иерусалим
корольдығының күші әлсірегенде 1114 жылы түріктер Кіші
Армения мен Эдессті басып алады. Осыдан кейін Иерусалим
королі
пападан көмек сұрап, Еуропадан жаңа рыцарларды жі-
беруге шақырады. Бұған жауап ретінде екінші крест жорығы
басталды.
Екінші крест жорығы 1147-1149 жж.
аралығында
француз королі
ҮІІ Людовик
пен герман императоры
ІІІ Конрад
қатысқанмен бұл жорық сәтсіз аяқталды.
Орталығы Египет болған үлкен
мемлекет құрған сұлтан
Салах-ад-дин
(1171-1193 жж.) 1187 жылы Иерусалимді басып
алды. Салахадинге қарсы Еуропада
үшінші крест
жорығы
(
1189-1192)
ұйымдастырылды. Бұл жорыққа үш мемлекеттердің
корольдері : герман императоры
І Фридрих Барбаросса,
француз
королі
ІІ
Филипп Август,
ағылшын королі арыстан жүректі
І
Ричард
қатынасты. 65 жастағы І
Фридрих Барбаросса бұл жо-
рықты Византияға қарсы пайдаланып, одақтастар табуды ой-
лады. Алайда ол басқарған неміс рыцарлары Палестинаға да
жетпеді, себебі 1190 жылы Киликиядағы
таулы өзеннен өту
кезінде І Фридрих Барбаросса суға кетіп қаза тапты.
Бұл жорықтың нәтижесінде І Ричард Кипрды алып,
Лимасол қаласында Наварраның королі ҮІ Санчоның қызы
Беренгариямен үйленіп, тойын өткізеді.