76
ХІІІ-ХҮ ғасырларда орта ғасырлық Еуропаның барлық елдерін
дерлік қамтыды. Бірақ олардың нәтижелері әр түрлі болды.
Кейбір цехтық өнеркәсіп жақсы дамыған қалаларда Кельнде,
Аугусбургте, Флоренцияда қолөнершілер жеңді.Саудадан гөрі
қолөнер нашар дамыған қалаларда Гамбургте, Ростокта,
Любекте патрициаттар жеңіске жетті.
Қолөнершілер жеңіске жеткен қалаларда да қаланы
басқару демократиялық тұрғыдан жүргізілмеді. Себебі бай цех
иелері бұрынғы патрициаттармен бірігіп кетті. Бұл кезде қала
тұрғындарының арасында жаңа әлеуметтік топ пайда болды. Ол
бюргерлер
еді. Алғашқыда қаланың барлық тұрғындарын осы-
лай атады. Кейін француз тілінің мағынасында
буржуа
деген
мағынаны білдірді .Плебей кедей топтар.
Өз ара сауда жасаған қалалармен қатар,сыртқы саудамен
айналысатын қалалар қалыптасты. Жерорта теңізінде үлкен
сауда жасайтын Италияның қалалары
Генуя, Амальфи, Пиза,
Венеция
еді. Венеция мен Генуяның
сауда флоты
болды.
Шығыс елдерімен сауда жасауда оңтүстік француз қалалары:
Марсель, Арль, Нарбонна белсенділік көрсетті.
Жерорта теңізімен қатар Еуропалық сауданың орталығы
Солтүстік теңіз арқылы Нидерланд болды. Бұл бағытта сауда
жасайтын қалалардың қолөнер бұйымдары жақсы дамыған еді.
Олар оны сыртқа шығарып отырды. Ондай қалалар: Гент,
Брюгге, Аррас, Брюссель, Кельн еді.
Достарыңызбен бөлісу: