Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Қаладағы қолөнер және цехтық ұйым



Pdf көрінісі
бет49/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Қаладағы қолөнер және цехтық ұйым.
Батыс еуропалық 
ортағасырлық қолөнердің ерекшелігі сол ол 
цехтық
, маман-
данған ұйым ретінде өмір сүрді. Цехтар қалалармен бірдей 
пайда болды. Мысалы, Италияда Х ғ., ал Германияда, 
Францияда, Англияда ХІ-ХІІ ғғ.бас кезінде пайда болды. Цехтар 
феодалдарға қарсы күресте және қалаларға келген шаруалардың 


75 
бәсекелестігінен қорғануға мәжбүр болған дербес ұсақ тауар 
өндірушілердің қалалық ұйымдары ретінде пайда болды. 
Цехтардың негізгі мақсаты 
қолөнер
бұйымдарын өндіру
мен 
сатуға бақылау
қою болды. 
Цехқа біріккен қолөнершілер тікелей өндірушілермен 
өндіргіш құралдардың меншік иелері болды. Олар өз шебер-
ханаларында өздерінің аспаптары мен шикізаттарымен еңбек 
етті. Қолөнершіге негізінен оның жанұя мүшелері көмектесіп 
отырды. 
Әдетте онымен бірге бір немесе екі көмекшісі және бір 
немесе екі шәкірттері жұмыс істеді. Ал цехтың мүшесі оның 
иесі ғана болды. Цехтың бірден -бір ерекшелігі сол цех шебер-
лері мен көмекшілерінің, шәкірттерінің арасындағы қарым-
қатынасты реттеп отыру болды. Цехтық иерархияда шебер, 
көмекші шебер және шәкірт болып әр түрлі сатыда тұрды. 
Соңғы екі сатыны міндетті түрде цех ұйымына кірушілер ба-
сынан өткізуі керек болды. Цехтық өндірістің алғашқы дәуі-
рінде шәкірт көмекші шеберге өту үшін, ал көмекші шебер ше-
берге өту үшін бірнеше жылдар керек болды. Көптеген қала-
ларда қолөнермен айналысу үшін міндетті түрде белгілі бір 
цехқа мүше болуы керек болды. Әрбір цехтың мүшелері 
өздерінің өндірген тауарлары тез өту үшін арнайы сайланған 
цехтық қызметкерлер арқылы әрбір шебердің цех мүшелерінің 
өнімді сапалы және арнайы түрде ғана шығаруын бақылап 
отырды. 
Қалалардың мырзалармен күресі
.
Қалалардың феодал-
дық сеньорларға қарсы күресі халықтың қалың тобының кү-
шімен жүргізіліп отырды. Ал оның жемісін қала тұрғында-
рының басшы топтары қалалық үйлердің иелері,жер иелену-
шілер, өсімқорлар мен бай көпестер көрді. Олар халықтан оқшау 
аристократиялық шағын ғана топтар еді. Олар 
патрициаттар
деп аталынды. Қалалық кеңес, қала басшысы, қалалық сот 
коллегиясы осы патрициаттардан, қала байлары тобынан ғана 
сайланатын. 
Қолөнердің өркендеуі мен цехтардың маңызы өсуіне бай-
ланысты қолөнершілер қалалық аристократияға, патрициатқа 
қарсы қаладағы өкімет билігі үшін күреске шығуларын жиілетті. 


76 
ХІІІ-ХҮ ғасырларда орта ғасырлық Еуропаның барлық елдерін 
дерлік қамтыды. Бірақ олардың нәтижелері әр түрлі болды. 
Кейбір цехтық өнеркәсіп жақсы дамыған қалаларда Кельнде, 
Аугусбургте, Флоренцияда қолөнершілер жеңді.Саудадан гөрі 
қолөнер нашар дамыған қалаларда Гамбургте, Ростокта, 
Любекте патрициаттар жеңіске жетті. 
Қолөнершілер жеңіске жеткен қалаларда да қаланы 
басқару демократиялық тұрғыдан жүргізілмеді. Себебі бай цех 
иелері бұрынғы патрициаттармен бірігіп кетті. Бұл кезде қала 
тұрғындарының арасында жаңа әлеуметтік топ пайда болды. Ол 
бюргерлер
еді. Алғашқыда қаланың барлық тұрғындарын осы-
лай атады. Кейін француз тілінің мағынасында 
буржуа 
деген 
мағынаны білдірді .Плебей кедей топтар. 
Өз ара сауда жасаған қалалармен қатар,сыртқы саудамен 
айналысатын қалалар қалыптасты. Жерорта теңізінде үлкен 
сауда жасайтын Италияның қалалары 
Генуя, Амальфи, Пиза, 
Венеция
еді. Венеция мен Генуяның 
сауда флоты
болды. 
Шығыс елдерімен сауда жасауда оңтүстік француз қалалары: 
Марсель, Арль, Нарбонна белсенділік көрсетті. 
Жерорта теңізімен қатар Еуропалық сауданың орталығы 
Солтүстік теңіз арқылы Нидерланд болды. Бұл бағытта сауда 
жасайтын қалалардың қолөнер бұйымдары жақсы дамыған еді. 
Олар оны сыртқа шығарып отырды. Ондай қалалар: Гент, 
Брюгге, Аррас, Брюссель, Кельн еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет