73
негізгі қоғамдық топтарға айнала бастады. ХІғ.қолөнер мен
сауданың орталығына айналған, жеке меншіктің жаңа түрін
қалыптастырған қалалардың пайда болуы еді. Қалалар осы
кезеңнен бастап қоғамның дамуында айрықша маңызға ие
болды.
Өндіргіш күштердің, әсіресе егін шаруашылығының өсуі
ауыл шаруашылық өнімдерінің
көлемі мен қолөнер техни-
касының өсуін тездетті. Сөйтіп,
қолөнер
шаруашылығы бірте-
бірте
арнаулы мамандыққа
айнала бастап, онымен арнаулы
адамдар тобы айналыса бастады. Қолөнерші барлық уақытын
қолөнер бұйымдарын жасауға арнады. Қолөнерші деревнямен
барлық
қатынасын тоқтатып, өндірістің барлық қажеттілігіне
жауап беретін жерді тұрақты мекеніне айналдырды. Мұндай
жерлер: шикізат көзі мен шығарған тауарын өткізетін, өзінің
өмірі мен дүние мүлкіне қауіпсіз, бекіністері бар жерлер еді.
Х-ХІғғ.Еуропадағы қолөнердің
ішінде маманданған екі
түрі айрықша орын алды. Олар:
темірден бұйым жасау
,
шұға
тоқу
.Темір құралдарын ауыл шаруашылығында (соқалар,
тырмалар, шегелер т.б.),әскери істерде (темір сауыттар, қылыш,
найза т.б.) қажет етті.
Шұға
тоқу қолөнерінің кең қанат жаюына қолайсыз тері
киімдерін шығару себеп болды. Қолөнер өнімдерін өсіру барған
сайын ауыл шаруашылығындағы салалардан басқаша еңбек
етудің саласына айналды. Қолөнердің жаңа салаға бөлінуі
қолөнершінің одан әрі мамандануын талап етті.
Қолөнердің ауыл шаруашылығынан
бөліну негізінде қол
еңбегіне негізделген ұсақ өнеркәсіп өндірісі өркендеп, бірнеше
сатыдан өтті.
Бірінші сатысы
бұйымды тұтынушының тілегі
бойынша өндіру болды. Бұл сатыда шикізат қолөнершінің
өзінікі не тілек білдірушінікі болып, еңбек ақы не заттай, не ақ-
шалай түрде төленді.
Қолөнер
дамуының
екінші сатысында
қолөнерші
базар
үшін
жұмыс істеді. Базарға шығаруға өнім өндірген қолөнерші
тікелей тауар өндірушіге айналды. Сөйтіп, ауыл шаруашылы-
ғынан бөлінген кәсіптің пайда болуы тауар өндірісі мен
тауарлық
қатынастың, қала мен деревня арасында айырбастың
пайда болуына әкелді. Сонымен бірге қоғамдық еңбек бөлі-
74
нісінің жаңа кезеңіне өтіп, орта ғасырлық қалалардың пайда бо-
луына жағдай жасады
.
Достарыңызбен бөлісу: