84
Египетпен тұрақты сауда жасап отыратын. Осы мақсатпен
кресшілерден жетпеген ақшаның орнына
Далмациядағы Задар
қаласын жаулап алуға көмектесуді сұрады. 1202 ж.кресшілер
бұл қаланы жаулап алды.
Венециялықтар әскер мен флотты Константинопольге
бағыттады. Византияның тағынан тайдырылған ІІ Исаак
Ангелдің баласы Алексей батыстан көмек сұрап, папа мен
герман короліне, жалпы кресшілерге таққа отырғасын 200 мың
күміс марка ақша беруге уәде етті. 1203 жылы шілдеде
Венециялық флот Константинопольдың қабырғасына таяп келді.
Тақта отырған ІІІ Алексей мемлекеттік қаржыны алып қашып
кетті. Көп ұзамай кресшілер қаланы алып, ІІ Исаак Ангелдің ба-
ласын
ІҮ Алексей
деген атпен таққа отырғызды. Жаңа импера-
тор уәде еткен ақшаны жинау үшін қалада салықты көбейтті,
1204
жылы қала халқы императорға қарсы көтеріліп, оны тақтан
тайдырды. Кресшілер қаланы басып алып, тонауға ұшыратты.
Көптеген православиелік шіркеулер, оның ішінде әулие
София
храмы
тоналды. Кресшілердің Константинополь қаласын тонау-
дан түсірген пайдасының мөлшері 400 мың күміс марка ақшаны
құраған. Венеция мақсатына жетіп,
Константинопольдің
,
Адрианопольдің
бір бөлігіне және
Мрамор
теңізінің жағасын-
дағы гаваньдарға,
Эгей
теңізіндегі кейбір аралдар мен
Крит
ара-
лына ие болды. Византияны басып алған кресшілер
Латын им-
периясы
деген мемлекет құрды. Бұл мемлекеттің құрамына :
Фракия және Кіші Азияның солтүстік жағалаулары кірді. Латын
империясына
Фессалоника
корольдігі тәуелділікте болса, оған
Афиндік-фивандық
гецогтік және
Ахей князьдығы
бағынышты
тәуелділікке түсті. 1204 жылы 16 мамырда кресшілер Фландрия-
лық
Балдуинды
император
етіп жариялады. Латын империясы
құрылымы жағынан Иерусалим корольдігін еске түсіретін. Бұл
империядан тәуелсіз –
Эпир
патшалығы,
Никей
және
Трапезунд
империялары құрылды. 1261 жылы Никейдің императоры
ҮІІ
Михаил Палеолог
генуялық флоттың, монғолдар мен Египеттегі
сұлтан Бейбарыстың қолдауына сүйеніп Византияны қалпына
келтірді.
Достарыңызбен бөлісу: