Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
ҚР тарихы кафедрасы
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ САРАМАН ТАПСЫРМАСЫ
Тақырыбы:
Археология пәнінің мәні мен міндеттері
Орындаған: ИСТ-11 тобының студенті
Каримжанова Г.М
Тексерген: Аға оқытушы-магистр Клышев Е.Е
Орал – 2022
Кіріспе:
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
КСРО кезінде
жоғары оқу орындарының
тарих, археология және этнология мамандықтарының студенттеріне арналған
«Археология» курсы жалпыға бірдей міндетті пән болатын. Одақ
ыдырағаннан кейін осы курстың жоғары мектеп бағдарламасында сақталып
қалуы пәннің қажеттілігін көрсетеді. Шығыс Еуразия жерін ежелгі заманнан
бері мекендеп келе жатқан халықтардың
тарихи тағдыры өзара тығыз
байланысты. Олардың материалдық мәдениеті мен этникалық тегінде, саяси-
экономикалық өмірі өзара ықпалда дамыған. Сондықтан айтылған кеңістіктегі
тарихи үрдістің қалыптасып, даму жолдарымен
қатар тіршілік кешкен
көптеген археологиялық мәдени қауымдастықтардың өзара мәдени,
экономикалық және саяси ықпал, этникалық байланыста жүргендігін зерттеу
– болашақ тарихшы мамандарды оқытуда қажет те маңызды мәселе.
Қазақ
тілінде алғаш жарық көріп отырған осы оқулық кеңес өкіметі кезінде кеңінен
қолданыста болған «Основы археологии», «Археология СССР», «Археология»
(орыс тілінде) оқулықтары мен ғылыми монографиялар материалдары
негізінде ұлттық археология материалдармен толықтырыла отырып жазылды.
Оқулық жазу барысында кеңес дәуірінде
зерттелген археологиялық
ескерткіштердің материалдары мен жекелеген кезеңдерді зерттеу нәтижесінде
жазылған монографиялық еңбектердің тұжырымдары пайдаланылды. Елімізде
егемендік алғана бері археологияға қатысты оқулық екі рет қана басылып
шықты. Олар: К.М. Байпаков, Ж.Қ. Таймағамбетов, Т.Ж. Жұмағанбетовтердің
«Археология Казахстана» (1994 ж.) және К.М. Байпаков пен Ж.Қ.
Таймағамбетовтің «Археология Казахстана» (2006 ж.) атты оқулықтары. Осы
оқулықтардың алғашқысы қазақ тіліне аударылып, 2006 жылы қайта басылды.
Бұл еңбектердің таралымы шамалы
және тек Қазақстанның ғана
археологиясына арналған. Ал, қолдарыңыздағы оқулық Шығыс Еуразияның
археологиясын қамтиды және қазақ тілінде алғаш жарық көріп отыр.