ҚР тарихы кафедрасы археологиялық сараман тапсырмасы тақырыбы: Археология пәнінің мәні мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата16.03.2023
өлшемі0,67 Mb.
#172735
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба (копия)

 
-6- 


Осыған орай адамның өзi де өзгерiп, тәжiрибесi артты. Сондықтан да тас 
ғасыры ғылымда палеолит (көне тас), мезолит (орта тас) және неолит (жаңа 
тас) болып, үш кезеңге бөлiнедi. Олардың әрқайсысынан аймақтық 
(территориялық) және мерзiмдiк (хронологиялық) тұрғыдан ерекшеленетiн 
энеолит (мысты тас) тас пен қола ғасырларының ортасындағы аралық кезең 
болды. Адамзат тарихында қола ғасыры мыс пен қалайының қосындысынан 
алынатын қоланы адамның игерген уақытынан басталады. Бұл ғасыр оңтүстiк 
аудандарда б.з.д. үшiншi мыңжылдықтан басталса, солтүстiк аудандарда 
кiшкене кешеуілдеп қалыптасты. Ақыр соңында темiр өндiрудiң қыры мен 
сырын жаппай меңгерген шақ б.з.д. VІІІ ғасырдан бастап, адам баласы темiр 
ғасырына қадам басты. Сонымен археологиялық кезеңдеу негiзгi еңбек 
құралдарының эволюциясымен оларды жасау әдiсi негiзiнде құрылды. 
Археологиялық деректердiң өзiндiк ерекшелiктерiне сай заттар мен 
мәдениеттердiң мерзiмiн (хронологиясын) анықтау арнайы әдiс пайдалануды 
қажет етедi. Осыған орай археологиялық мерзiмдеуде нақты және 
салыстырмалы мерзiмдеу деген екi түрлi әдiс қолданылады. Салыстырмалы 
әдiс – кез келген мәдениетке немесе кезеңге тән заттарды олардың жасалу әдiсi 
мен материалына қарай бұрын ғылымда жасы анықталған заттармен 
салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Нақты мерзiмдеу жаратылыстану 
ғылымдарының әдiс-тәсiлдерi арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, 
калиоргонды (радиоактивтi элементтердiң ыдырау мерзiмiне қарай), 
геохронологиялық (жер қыртысының жылдық қатпарларын есептеу арқылы), 
дендрохронологиялық (ағаштың жылдық сақинасына қарай) мерзімдеу 
әдістері. Әдетте, нақты мерзiмдеу үшiн бiрнеше әдiстер қорытындысының 
жиынтығы алынады. Археология ғылымының өзiнiң зерттеу нысаны мен 
деректердi жинақтау және зерттеуде өзiне ғана тән әдіс, тәсiлi бар. Осы 
тұрғыдан алғанда археология жеке ғылым болып есептеледi. Дегенмен, тарих 
пен археологияның мақсат, мiндеттерi бiр және бiртұтас ғылым екендiгiн 
ұмытуға болмайды. Олардың айырмашылығы зерттеу деректерi мен оларды 
қолдану әдiстерiнде. Археология тарих секiлдi адам тiршiлiгiнiң барлық 
кезеңдерiн қамтымайды, ол алғашқы қоғам тарихын зерттеуге негiзгi, ал 
құлдық және феодалдық қоғамдар жайлы қосымша материалдар бередi. Олай 
болса, археологияның адамзат iлiмi жүйесiндегi алатын орны орасан зор.
-7- 


Ең алдымен, ол адамзат тарихының мерзiмдiк шеңберiн кеңейттi. Жазба 
деректер адам қоғамының 5 мың жылдық тарихын, яғни таптық қоғамның 
қалыптасып, дамуынан берi қарайғы кезеңдi зерттеуге көмектессе, 
археологиялық деректердi пайдалану ешқандай жазба дерегi жоқ, таптар 
қалыптасқанға дейiнгi қоғамның тарихын қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. 
Осылайша археология тарихтың мерзiмдiк шеңберiн 2 млн. жылдан астам 
уақытқа ұзартып, адамзат өркениетiнiң басталуына дейiн жеткiздi. Кеңес 
өкiметi кезiнде археологияға ерекше мән берiлiп, оның тарих ғылымының 
дамуындағы рөлi жоғары бағаланды. Археологияның жеке ғылым ретiнде 
қалыптасып, одан әрi дамуына көп жағдай жасалды. Тарихи мұралар мен 
археологиялық жәдiгерлердi табиғи апаттар мен кездейсоқ бұзылыстардан 
қорғау және зерттеу туралы заң шығарылды. Кеңес одағы кезiнде жүргiзiлген 
игi iстер бұл күнде дұрыс жалғасын таппай отыр. Елiмiздiң кең-байтақ 
территориясы археологиялық ескерткiштерге өте бай. Олардың көпшiлiгi 
шаруашылық жұмыстарын жүргiзу барысында бүлiнiп, жойылып кету қаупi 
тууда. Сондықтан тарих пәнiнiң болашақ мұғалiмдерi мен оқытушылары 
археологиялық ескерткiштердiң мемлекеттiң меншiгiндегi тарихи, мәдени 
мұра ретiнде заң жолымен қорғалып, оның бұзылуы мен жойылуына жол 
берген кiсi немесе мекемелер (заңды тұлғалар) заң алдында жауап беретiндiгiн 
бiлгенi абзал. Археологиялық ескерткiштермен жан-жақты шұғылдануға, 
қазып, зерттеуге арнайы рұқсат қағазы бар мамандар ғана құқылы. Өз бетiмен, 
ешқандай арнайы рұқсатсыз қазба жүргiзген кез келген жеке тұлға яки мекеме 
«Тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану» заңына сай 
жауапқа тартылады. Сондықтан мектептер мен оның мұғалiмдерiнiң iс-әрекетi 
жас ұрпақты археологиялық ескерткiштердi танып, бiлiп оларды қорғауға 
тәрбиелеуге бағытталуы тиiс. Археологиялық зерттеулер үш кезеңнен тұрады. 
Бiрiншiсi – археологиялық барлау, яғни ескерткiштердi iздеп тауып, 
мемлекеттiк есепке алу, қорғау. Екiншiсі – археологиялық ескерткiштерде 
қазба жүргiзу және қазбадан табылған заттарды зерханалық зерттеуден өткiзу. 
Қазбадан табылған заттар арнайы зерханалық өңдеуден өткеннен кейiн ғана 
толыққанды дерек болып саналады. Олардың атқарған қызметiн, құрылымын 
және материалын басқа заттармен байланысын анықтау барысында әртүрлi 
зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылады. 
-8- 


Үшiншiсі – зерттеу нәтижесiне сай ежелгi адамдардың тұрмыс-тiршiлiгiнiң 
қалыптасып, дамуындағы қайшылықтар мен заңдылықтар жайлы арнайы 
ғылыми мақалалар мен кiтаптар жазу. Соңғы кезең арнайы кабинеттер мен 
кiтапханаларда, мұрағаттарда жүзеге асырылады. Археологияның жетістіктері 
жайлы мәліметтер әдетте, мамандарға арналған ғылыми еңбектер арқылы 
таралады. Археологияның табыстарын көпшілікке уағыздайтын тағы бір көз 
бар. Ол-әртүрлі музейлердің археологиялық бөлімдері. Олар біздің саланың 
зерттеу жетістіктерін елге уағыздап, үлкен отансүйгіш, тәрбиелік мәндегі 
жұмыстар атқарады. Музейлер қорында археологиялық заттар өте көп 
шоғырланған. Сақтау қорында жиналған заттар саны көрсетуге қойылған 
заттардың санынан бірнеше есе асып түседі. Музей қорлары да жазба 
деректер, ежелгі қолжазбалар сақталатын мұрағат іспеттес. Музейлердің 
ғылыми қызметкерлері мен қор меңгерушілері археологиялық ғылыми 
ошақтармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізеді. Олардың арасындағы 
жүйелі байланыс археологиялық жаңа жетістіктерге жол ашады. Адамзаттың 
өткен тарихын танып, білуге бағытталған жұмыстарды бірлесіп атқарады. 
Археология ғылымының қалыптасып, даму тарихынан «Археология» атауы 
адам баласына сонау Ежелгі Грек дәуірінде белгілі болған.Терминді алғаш 
қолданғандардың бірі Плотон археологияға ежелгі дүниеге қатыстының 
барлығын жатқызған. Ал еуропалық қайта өрлеу дәуірінде археология 
антикалық өнердің көрнекілік құралы қызметін атқарып, әсілі антикварлық 
істің бір бөлігіне айналды. Қазірдің өзінде әлемдік тәжірибеде археологияның 
міндеті мен мақсаты жайлы ортақ түсінік жоқ. Әсіресе, оның хронологиялық 
шеңбері жайлы мәселеде. Бірқатар елдерде археология адам жайлы ғылым – 
антропологияның бір бөлігі ретінде танылады. Шығыс Еуразия елдерінде 
археология ғылымының қалыптасу кезіндегі Қазақстанның тарихы Ресеймен 
тығыз байланысты болғандықтан осы ғылымның алғашқы даму жолдарын 
Ресейдегі археологиялық дамумен бірге қарастырамыз. Сонымен, көне 
дүниеге қатысты мұраларды зерттеуде І Петрдің арнайы әмірі мен оның 
бастамасы бойынша Сібір және Ресейге іргелес жатқан елдердің жерін зерттеу 
мақсатымен жүргізілген шаралар маңызды рөл атқарды.Тобыл боярының ұлы 
С. Ремезов жазған "Чертежная книга Сибири" ("Сібірдің сызба кітабы") атты 
еңбек жарық көрді. Онда географиялық деректермен қатар, Еуразия 
сахарасының археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер жинақталған. 
Сібірді игеру мақсатымен жүрген Ресейлік шонжарлар мен жергілікті 
әкімдердің патшаға сыйға берген көне дүниелерінен құралған заттар кейіннен 
Петрдің «Сібірлік коллекциясы» деген ғылыми атқа ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет