Қорытынды:
Археология адамдардың ежелгі заманнан бастап орта ғасырларға дейінгі іс-
әрекетіне
қатысты заттарды қазып алып, оларды зерттеумен айналысады.
Әлемдік ғылымдардың құрамдас бір бөлігі саналатын археологияның дамуы
сол кездегі Ресейдегі қоғамдық ойдың дамуымен байланысты дамыды. Ол
кезде Украйна, Беларуссия, Малдовадан бастап,
Кавказдың көпшілік бөлігі,
Қазақстан мен Сібір, сонау Қиыр Шығысқа дейін Ресейдің билігінде болатын.
Осы айтылған ұлан-ғайыр жерлерді зерттеуге бағытталған археология жеке
дара емес әр дәуірдегі қоғамдық сұранысы пен саяси жүйеге байланысты
дамыды. Ресей археологиясының
дамуын уақыты ғана емес, әдістемелік
бағыты мен ғылыми зерттеу тәсілі, мәліметтерді
алу жолдары және тарихи
қалпына келтіру мақсаттары жағынан бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше
кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең (ХVІІІ – ХІХ ғ. басы) – археология
қалыптасуының алғашқы даму кезеңі. Бұл кезде скиф-сақ қорымдары,
антикалық қалалар, қола дәуірі қорғандардың алғаш қазылып, археологиялық
мұралардың қорлануы басталған.
Дегенмен, бұл кезеңдегі археологиялық
ізденістерді дердес ғылыми зерттеулер деп айтуға болмайды. Өйткені
археологияның ғылыми әдістемелік тәжірибесі әлі түпкілікті
қалыптаспаған
кез-ді. Жүргізілген қазба жұмыстары әуесқойлық деңгейдегі, ескерткіштерден
көне бұйымдарды қазып алумен шектелген-ді.
Еуропа мен Ресейде археологиялық зерттеулердің негізгі қарқыны ғылыми
энциклопедизм қалыптаса бастаған ХVІІ ғасырдан басталады. Еуропада
археология ғылымы өткен тарихқа деген қызығушылық артқан ағартушылық
дәуірдегі қажеттіліктен туды. Археологияның
алғашқы тәжірибесі Везуви
жанар тауы (вулканы) атқылаған кезде қираған (79 ж.) Помпей мен
Геркуланум қалаларының орнын қазудан басталды. Помпейді қазу арқылы
осыдан 1600 жылдан артық уақыт бұрын өмір сүрген
қала тұрғындарының
тіршілігін сипаттайтын мәліметтер алынды. Археология мен оған қатысты
заттар жайлы алғашқы мәліметтер ХVІ – ХVІІ ғасырларының өзінде белгілі
бола бастаған. Бірақ бұл археология ғылымының басы емес еді. Осы кезде
Ресейдің қоластына жаңадан енген шығыс аймақтарды
өз еркімен игеруге
әрекет жасаған еркін белсенділер көп болған. Оларды қызықтырған бос
жатқан жерлердің табиғаты,
минералдық шикізаттары, сонда тұрған
адамдардың әдет-ғұрпы мен археологиялық ескерткіштері болды.
Достарыңызбен бөлісу: