теориялық қадамдары. Қазақ әдебиеттанудағы жаңа
ізденістер сілемі. М.Әуезов ойларында, Ғаббас Тоғжанов,
Әбдірахман Байдилдин, Бейсенбай Кенжебаев, Ыдырыс
Мұстамбаев, Әмина Мәметова, Ілияс Қабылов, Мұстафа
Көшеков, Әлкей Марғұлан, Балқай Байтуаев, Шаймерден
Тоқжігітова, Хамза Жүсіпбеков сынды сыншылардың
мақалаларында әдеби проблемаларды талқылау және артық-
кем айтылған пікірлері. Социологиялық сынмен қатар
социологиялық-эстетикалық сындардың көріне бастауы,
оның әлеуметтік ой-пікірге тигізген әсері. А.Байтұрсынов-
әдебиетші-ғалым, теоретик. Ғ.Тоғжановтың сыншылық
қызметі. «Әдебиет және сын мәселелері» (1929), «Абай»
(1935) атты кітаптары мен әдебиет жөніндегі мақалалары.
Монографиялық талдау элементінің көрінуі. Сәкен, Бейімбет,
Сәбит, Ілияс шығармалары мен жас ақындардың өлеңдеріне
жасалған талдаулардағы ұтымды көріністер мен қате
тұжырымдар. С.Мұқановтың 1932 жылғы кітабында алаш
ақын-жазушыларына
арналған
монографиялық
талдаулардың артық-кемі. Елжан Бекенов, Жәкен Сәрсенбин,
Даниял Ысқақов, Абдолла Байтасовтардың сыни еңбектерінің
мәні. С.Сейфуллиннің замана бейнесін жасаудағы ізденістері.
Жаңа адамның образын жасау. Ж.Аймауытов, М.Әуезов
шығармалары. Б.Майлин жасаған Мырқымбай бейнесінің
жаңалығы. Мағжанның романтикалық
поэмалары.
«Сұлушаш» поэмасында көркем образ жасау проблемасының
шешім табуы. Өзіндік стиль, творчестволық қолтаңба, әр
шығарманың көркемдік сапасына назар аудару, өмір
шындығын көркемдік шындыққа айналдыруы, жаңалықты
орнықтыру жөніндегі ой-пікірлер. Қазақ әдебиет сынының 20-
жылдарға тән көркемдік мәселелерді көріп, орынды
әңгімелеуі – оның жанрлық сипатын алу процесіне ұласқанын
аңғартатын белгілер.
Достарыңызбен бөлісу: