Рабочая программа Форма ф со пгу



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата23.09.2023
өлшемі161,4 Kb.
#182136
түріРабочая программа
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
12-тақырып.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы
және қазіргі әдеби сынның жай-күйі. Ұлы Отан соғысынан
кейінгі дәуірдегі әдеби сын. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау
жолындағы жаңа ізденістер
Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде КПСС Орталық
Комитетінің идеология мәселелеріне арналған қаулы-
қарарларының сыни және ғылыми ой-пікірлері және шалыс
басқан қадамдары. КПСС Орталық Комитетінің 1947 жылы
Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет
институтының жұмысы туралы қаулысы, оның «Бірыңғай
ағым» теориясының түзеуге бағыт сілтеуге ниеттене отырып,
өзі пролеткультшылдық әпербақандыққа айналып кетуі
әдебиет
тарихындағы
азатшылдық
идеяларды
тұншықтырып, европоцентристік көзқарасқа іш тартып орыс
әдебиетінің әсер-ықпалын орынды-орынсыз тықпалауы,
ұлттық ерекшеліктерге назар аударылмауы. Мектеп
оқулықтары мен хрестоматияларын қайтадан жасағанда
социологиялық дөрекілікке жол берілуі. Қазақтың ауыз
әдебиеті тарихын жасаудағы ізденістер. «Қазақ әдебиетінің
тарихы» (1 том, 1948) шығуы, оның ғылыми-теориялық мәні,
кемшіліктері, орынсыз датталуы. «Қазақ совет әдебиеті
тарихының очеркі»- (1949) сыншылық ойдың ғылыми арна
табуы, очерк жасаудың жөн-жобасы, эстетикалық
талдаулардың солғындығы мен біржақтылығы. Абайтану


ілімінің негізін қалаудағы М.Әуезовтің творчестволық
ізденістері, Абай творчествосы жөніндегі еңбектер. Жеке
творчестволардың зерттеле бастауы, монографиялық
еңбекке арқау болуы. Қазақ әдебиеттануында әдеби сын
очеркінің қанаттануы, монографиялық зерттеуге барлау
жасау процесі. Қазақ халқы мен әдебиеті тарихын ғылыми
методология негізінде жасау. Қазақтың халық ауыз әдебиеті,
әсіресе қазақ эпосын зерттеу саласындағы қадамдар,
нигилистік көзқарастар.
13-тақырып. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы.
Қазақ әдебиет сыны мен ғылымының Б.Кенжебаев,
Қ.Жұмалиев,
Қ.жармағанбетов,
Ы.Дүйсенбаев,
Ә.Қоңыратбаев, Ә.Тоқмағанбетов, Т.Әлімқұлов сынды
дарындардың жаңа толқын өнерпаз жастармен толысуы.
А.Нұрқатов, Б.Сахариев, Т.Нұрғазин, Қ.Нұрмаханов,
Қ.Қуандықов, С.Қирабев, З.ахметов, Р.Бердібаев, З.Қабдолов,
М.Дүйсенов, Т.Кәкішев, Ш.Сатпаеева, Е.Лизунаова,
М.Базарбаев, М.Ғабдуллин, Б.Шалабаев, Х.Әдібаев,
Е.Габдиров, М.Хасенов, Н.Ғабдуллин, Х.Сүйіншәлиев т.б.
көптеген дарындардың сын мен ғылымды өздерінің
өнерпаздық арнасы етіп таңдауы, өндіріп еңбек етулері.
КПСС XX съезі, оның қоғамдық өмірдің бар саласына, әсіресе
әдебиеттану мен сынға жасаған әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет