Рабочая программа Форма ф со пгу



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата23.09.2023
өлшемі161,4 Kb.
#182136
түріРабочая программа
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Сөж Алмат, Сөж Алмат
10-тақырып. 
Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеу
мәселесі.
Қазақ әдебиетінің сапалы оқулығын жасау жолындағы
ізденістер. Әдебиет программаларын жасау - әдебиет
тарихын жүйелі арнаға түсіру жолындағы қадам. Қазақ
мектептерін оқу кітаптары, көмекші құралдар, оқулықтармен
қамтамасыз ету - әдебиеттану саласы. Отызыншы жылдары
жаңа мектеп жүйесінің қалыптасуы, бастауыш, орталау
мектептерге лайықты оқу құралдарын жасау. С.Сейфуллин,
Ө.Тұрмагнжанов, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, М.Жолдыбаев,
Б.Майлин, Ә.Мәметова, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Қ.Бекқожин,
Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, Т.Ақшолақоа, Ә.Марғұлан жасаған
оқу кітаптары мен оқулықтар. Қазақ әдебиетінің тарихын
дәуірлеу мәселесіндегі болжамдар мен гипотезалар,
қалыптасқан концепциялар, ғылыми қателіктер мен
кемшіліктер. Хрестоматия құрау, оқулықтар жасау, ғылми-
зерттеу еңбектерін жазу – қазақ әдебиеттану ғылымының
негізі қалана бастауының қарлығашы. Сыншылық ойдың
қалыптасуы. 
11-тақырып. 
Сынның жанр ретінде қалыптасуы
Қазақ әдебиет сынының жанрлық қалыптасуы жолында
кездескен қиындықтаар мен қайшылықтар, қателіктер,
субъективті және объективті себептер. Өсу қиындығы мен
өрлеу талабының мығымдығы. Жеке ақын-жазушылар
төңірегінде болған айтыс-тартыстардың әдебиет бағытын
айқындаудағы рөлі. Әдеби ағымдардың күресі,
творчестволық күштердің өркендеуі, дөрекі социологиялық
сынның зияны мен кесірлері. 30-жылдары қазақ совет
әдебиетінің өркендеуі – социологиялық сынның арнасы.
Жалпы мәдениеттің өсуі – талапты күшейтудің алғы шарты.
Білімді кадр – білікті сынның иесі. Ақын-жазушылардың
социологиялық-эстетикалық сынды өрістеуге ат салысуы.
Қазақстан жазушыларының бірінші съезі, жазушылар одағы
басқармасының 1937 жылғы пленумы, олардағы сын туралы
бяндамалар. Мұхамеджан Қаратаев творчествосы. Қазақстан
жазушыларының II съезі (1939) және социлогиялық-
эстетикалық сынға ойысу тенденциясы. Оқулықтар жасау –


практикалық қажеттілік қана емес, сыншылық ой-пікірді
ғылыми жүйеге салудың амалы. Қазақ әдебеиеті сынының
жанрлық қалыптасуындағы көрсететін формалар және
олардың эстетикалық қауқары. Айтыс, полемика
мақалаларының идеялық-творчестволық қауқарының артуы,
нақтылыққа ден қоюы, ғылыми ой-пікірге жүгінуі. Әдеби сын
очерктерінің творчестволық нысанының биіктігі, сын мен
әдебиеттану тәсілдеріне, көркемдік сырларына үңілуі.
Монографиялық зерттеулер мен сын жинақтарының,
методикалық оқу құралдарының көріне бастауы, жеке ақын-
жазушының творчестволық жолын барлау, ғылыми
тұжырымдар жасау жолындағы жетістіктер. Ақын-
жазушылар, қоғам, мәдениет қайраткерлерінің сыншылық
ойлары. Сын түрлерінің творчестволық қажеттікті өтеуге
жарауы, сыншылық ой-пікірдің қабындап өсуі, әдебиеттің
қарқындап өрлеуі, әдебиеттің өркендеуіне жасаған
объективті әсері – қазақ әдебиет сынының жанрлық
қалыптасуын аңғартуы және творчестволық міндеттерді
орындауға өнерпаздық мүмкіндігінің барлығы – қазақ
әдебиетінің жанрлық баюының көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет