сынындағы хал-жағдайларды сарапқа салу, бірыңғай
социологиялық сынның әдебиетке
әсерінің аздығы айтыла
бастауы, творчество адамының қабілет-дарынын даралау,
оқып-үйрену мәселелері. Көркемдік құралдарын молату, сөз
бояуларын ажарландыру, халыққа түсінікті шығарма беру,
оның эстетикалық әсерін күшейту, дәстүр мен
жаңашылдықтың өнерпаздық бірлігін талап ету, образ жасау
тәсілдеріне жетілу, оқып үйрену жолдарын айқыдау, адам
психологиясының өзгеруі, оған заманның әсері, мәдени
өркендеудің әдебиетке жасаған ықпалы жайлы сыншылық
ой-пікірлер. Сыншылық жасағының арнайы білім алған жаңа
тобы. Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин,
З.Шашкин, С.Ерубаев, Б.Шалабев, Ә.Қоңыратбаев,
Р.Жұманқұлов, Қ.Өтепов, М.Ғабдуллин
сынды эстетикалық
таным-бірліктер биік деңгейден табылған дарындардың
сынға келуі, жазған мақалаларының мәні. Эстетикалық-
социологиялық сынның өріс алуы. Е.Ысмайылов
творчествосы. Әдеби ой-пікірдің кезеңдік дамумен
байланыстылығы. Сын жанрының әралуан формада көрінуі.
Монографиялық очерк, эстетикалық талдау, проблемалық
айтыс, сыни еңбектердің жариялануы.
9-тақырып.
Әдеби мұра және оны игеру мәселелері.
Әдеби мұраны бағалау, дұрыс зерттеу, насихаттау –
сыншылық ойдың өрісі ғылыми арнаға бұратын сала. Мәдени
мұра туралы ой-пікірлер. Бір мәдениетте екі түрлі
мәдениеттің элементтері
болатындығы туралы қисынның
жалғандығы. Пролеткульт және оның мәдени мұрадан бас
тартуы, жаңа мәдениет жасаудағы теориялық қателіктері.
Пролеткультшылдықтың қазақ мәдениет қайраткерлеріне
жасаған әсері, теріс ықпалы. Көркемдік дамудағы тарихи
сабақтастық. Әдеби мұраны игеру барысындағы өзекті
мәселе –қазақтың ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің
халықтық сипатын ашу және Абай шығармаларының шын
сырын түсіну - жеке ақындық творчестволық игерудің кілті.
Халықтың ауыз әдебиетінің жинау, зерттеу қажеттілігінің
айқындалуы, қате қисындарға соққы берілуі. М.Әуезовтің
«Әдебиет тарихы» атты
еңбегінің фольклорға арналуы,
С.Сейфуллиннің қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау,
пайдалану жөніндегі ашық хаты - халықтық творчествоны
игеру процесінің басталғандығы. С.Сейфулиннің «Ескі
әдебиет нұсқалары» мен «Батырлар жыры» жинақтарын
шығаруы, 1932 жылы жоғары оқу орындарының студенттері
үшін оқулық-хрестоматия шығаруы кейінгі зерттеулерге өзек
болуы. Ауыз әдебиеті үлгілерінің мектептік хрестоматиялар
мен оқулықтардың арқау болуы, оқытылуы, батырлар жыры,
лиро-эпостар, дастандар, айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар
жинағының жариялануы, олардың ғылыми жүйемен зерттеле
бастауы. «Бірыңғай ағым» теориясының зиянды ықпалы,
қазақ эпосы фольклорын зерттеудегі кемшіліктер. 1953
жылғы ғылыми-теориялар конференцияда проблемаларына
арналған конференцияда бұл қателіктердің сыры ашылып,
оңтайлы жолға түсуі. Ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеудің
ғылымыи жүйесінің жасалуы –
қазақ әдебиет сынының
қалыптасқандығының көрінісі. Әдеби мұраны игерудің ең
күрделі және мәнді саласы – жеке ақын-жазушылар
творчествосын тану, зерттеу. Абай творчествосының идеялық
бағытын анықтауға пролеткульт теориясының жасаған
зиянды ықпалы, Қаз АПП басшыларының теориялық ой-
пікіріндегі қате-кемшіліктер. Абайдың ақындық өнерін
таныған Ахмет, Мұхтар толғамдары, Сәкен, Сәбит; Ілияс,
Ғаббастардың пікірлеріндегі қайшылықтар мен қателіктер.
Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің ерен еңбегі және
артық-кем пікірлері. Ә.Сағдидің (1923), Б.Кенжебаевтың
(1925), Ы.Мұстамбаевтың (1927), І.Қабыловтың (1928),
С.Мұқановтың (1932), І.Жансүгіровтың (1933) Абай туралы
мақалалары мен ой-пікірлері.
Абай творчествосының
халықтық сипатын мойындау процесінің басталуы, Абайдың
қайтыс болғанына 30 жыл толуын 1934 жылы атап өту және
«Әдебиет майданы» журналының қос санының Абай
творчествосына арналуы – Абай творчествосын ғылыми
жүйеде зерттеудің басталуы. Ғаббас Тоғжановтың «Абай»
(1935) атты монографиялық очеркі, оның социлологиялық-
эстетикалық талдауындағы орынды һәм орынсыз пікірлер.
1939 жылы Абай шығармаларының екі томдығының
жариялануы, оған жазған алғы сөзде С.Мұқановтың «Абай-
халық ақыны» екендігін дәлелдеуі.
Әдебиеттік жаңа
деректердің мол жинала бастауы. Е.Ысмайылов пен
Қ.Бекқожиннің 1940 жылы «Абай» атты сын
библиографиялық материалдар көрсеткішін жариялауы.
М.Әуезовтің Абай өмірін көркем шығармаға арқау етуі -
абайтану ілімінің жан-жақты өркендеуге ден қойғандығының
белгісі. Абай творчествосының ғылыми тұрғыда зерттеліп,
танылуы – сыншылық ойдың үлкен жемісі, сонымен қатар
жеке ақын-ажзушылардың шығармаларын кең көлемде
зерттеу, сонымен қатар жеке ақын-жазушылардың
шығармаларын кең көлемде зерттеу,
әдебиет тарихынан
орын беру бағытының дәйекті айқындалуы. Сұлтанмахмұт,
Ақмолла, Ыбырай Алтынсарин, М.Өтемісов, Шортанбай,
Дулат, Шәңгерей Бөкеев, Н.Орманбетов жинақтарының
жарық көруі – қазақ әдебиеті тарихын жасау жолындағы
қадамдар. Әдеби мұраны ғылыми негізде игеріп,
зерттеу
ісінің басталуы қазақ әдебиет сынының жанрлық
қалыптасуының үлкен көрінісі және оның көлемді зерттеу
жұымысына ден қоюы -әдебиеттану ғылымының туып келе
жатқандығының белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: